Сабақ Бөлім Өзім туралы Педагогтің аты- жөні



бет9/35
Дата12.10.2023
өлшемі114,72 Kb.
#185129
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
1-сынып 1-2-3-4 тоқсан 472б
силлабусс СД пдф, Валеология ОТ силлабус рус 2022-23, Å. Í. Âèíàðñêàÿ 2005, МАТЕМАТИКА ЕРЕЖЕЛЕР 1-4 СЫНЫП (1), Құжат (1), ЖЕП презентация 3 5 (1), Бизнес-план №1 СРС Ару, 1-nuska fizika
Отбасылық ертегі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

        1. есту қабілетіне сүйеніп таныс дыбыстарды, музыканы тану;


Сабақтың мақсаты

Ертегі кейіпкерлерінің дауыстарын салу арқылы дыбыс биіктіктерін ажыратуды үйренеді. До, ми, соль дыбыстарының нота сызықтарындағы жазылымымен танысады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

(М.Ұ.ОТ)
1-тапсырма. Талқылау.
Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы мәтін мен суретке аударып, отбасы туралы әңгімеге тартады. Отбасылық ертегі ретінде «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі мен осы ертегінің желісі негізінде жазылған «Жыл басы кім болады?» музыкалық ертегісінен көріністер ұсынады (Өлеңін жазған: Р.Наурызбаева, әнін жазған: Ш.Құлманова).
Мұғалім оқулықтағы мәтінді оқып, халық ертегісінің қысқаша мазмұнын еске түсіреді.
Ертегі кейіпкерлерінің жыл басына таласып көркемдеп оқып береді.
2-тапсырма. Тыңдау. Орындау.
Мұғалім «Жыл басы кім болады?» ертегісінің кейіпкері «Түйенің әнін» фонохрестоматиядан тыңдатады немесе өзі орындап береді.
Түйенің әні
Түйе, Түйе, Түйемін,
Жануармын киелі.
Кім таласар бойыма?
Жыл басына иемін.
Ертегі кейіпкерлері қойдың уәжі оқылым түрінде таныстырылады.

Балалар сыныптастарымен бірге отбасы туралы пікірлесіп, ойларымен қысқаша бөліседі. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі желісі негізінде жазылған «Жыл басы кім болады?» музыкалық ертегі кейіпкерлерімен танысады.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен ертегі кейіпкерлері – түйе, қой, қошақанның уәждерін талқылайды. Түйе әнін тыңдап, музыкалық сипаттама береді. Қошақанның әнін орындайды.




«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

«Музыка» оқулығы, нота хрестоматиясы,


Фоно - хрестоматия

Ортасы

(М,Т)
3-тапсырма. Зерттеу.
Мұғалім қолданған ең тиімді «Ойын имитация» әдісі зерттеу жұмысында көрініс табады. Мұғалім оқушыларды үш топқа бөледі. Әр топқа үш кейіпкерді сипаттау тапсырылады.
Мысалы, кейіпкерлер қозғалысы, оларға беретін сипаттамалар: түйе маңғаз, қой жуас, қошақан кішкене және т.б.
-Балалар, кәнеки:
«Түйені жуан (төменгі) қатаңдау дауыспен: - Мен түйемін: «Бө-бө». Қойды орташа дауыспен: - Мен қоймын: «Бә-бә».
Қошақанды жіңішкелеу, бәсеңдеу дауыспен: - Мен қошақанмын: «Б-ә-ә, Б-ә-ә» орындап көрейік. Ойынды имитациялау арқылы оқушылар регистр жөнінде түсінік алады.
Байқайсың ба, сен салған кейіпкерлердің дауысы түрлі биіктікте айтылып жатыр. Музыкада осындай жоғары, орташа, төмен дыбыс биіктігін «регистр» деп атайды.

«Ойын имитация» әдісі. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ ертегідегі үш кейіпкердің қозғалысы мен дауысын салады.

Оқушылар до, ми, сол ноталарын кезектестіріп, кейіпкерлердің дауыстарын салады, түрлі дыбыс биіктіктерін сезінеді. Регистр ұғымымен танысады.






«Музыка» оқулығы

Соңы

Белсенділік танытқан оқушыларға сабақта кезекпен үш үнділікті айтқызу қызығушылық тудырады.
(М.О) Бағалау:
-Қай ертегі кейіпкерінің дауысын дұрыс орындап көрсеттім?
-До, ми, соль ноталарын анықтауда қандай қиындықтар болды?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.

Оқушылар до, ми, соль ноталарының жазылымын бақылайды.

Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады.






«Бағдаршам» әдісі туралы

Оқу ісінің меңгерушісі: Тлеубекова С



Бөлім

Менің отбасым және достарым

Педагогтің аты- жөні

Смайлова Г

Күні

15,16.11.22 ж

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет