1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу
Сабақтың мақсаты
Тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды. Мәтінді түсініп оқиды.
Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есте сақтау арқылы жазады.
Балалар, бүгін мен сендердің балғын жүздеріңді көргеніме қуаныштымын. Сендерге көтеріңкі көңіл күй тілеймін. Барлығың
бір-біріңе жақсы тілек тілеп, жақсы сөздер айтыңдар. Ең тамаша тілек иесіне баға береміз. Оқушыларды үстел үстіндегі түстерді таңдау арқылы топқа бөлу.
Топқа бөліндік, енді тобымызға ат қояйық. 1-топ. «Кітап».
топ. «Білім».
топ. «Бұлақ».
– Балалар, осы үш топ атауынан қандай мақал құрастыруға болады?
Үстел үстіндегі түстерді таңдау арқылы топқа бөлу.
Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. Мұғалім мәтінді бастамас бұрын қысқаша кіріспе әңгіме жүргізеді.
– Балалар, құстардың ішінде қандай да бір қасиетімен ерекшеленетін құстарды білесіңдер ме?
Оқушылар мәтінді тізбектей, дауыстап оқиды.
– Аққу – киелі құс. Аққуды үркітсе, көліне қайтып ұшып келмейді.
Бүркіт, тоқылдақ, көкек, үкі, жапалақ, … Иә, балалар, жапалақ ерекше құс екен. Ендеше, қазір оқитын, таныс болатын мәтініміздің тақырыбы «Жапалақ» деп аталады.
Мәтіннің мазмұнына болжау жасап көріңдерші. Мәтінде қандай құс туралы айтылуы мүмкін? Ендеше мәтінді мұқият тыңдаңдар.
Оқушыларға тізбектей оқытады.
Сөздікпен жұмыс жүргізіледі. Мәтін соңын- дағы сұрақтармен жұмыс ұйымдастырады.
Мәтін не туралы?
Жапалақ неге түнде ұшады?
Түнде ұшатын тағы қандай құстар бар?
Дәптермен жұмыс Мұнда жазылуы қиын сөздерді қайталап жазу барысында естеріне сақтап қалады.
2-жаттығу. Сөйлемдерді сауатты көшіріп жазуға тырысыңдар.
Дескриптор: