Сабақ «Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың өзара үндестігі»



Дата08.09.2017
өлшемі28,07 Kb.
#30806
түріСабақ
Красиловка бастауыш мектебі

Ашық сабақ

«Дауыссыз дыбыстар.

Дауыссыз дыбыстардың өзара үндестігі»

3-4 сынып



Орындаған: Асылтасова Ж.Ә.

14.12.2015ж.

2015-2016 о.ж.

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар. (3 сынып)


Дауыссыз дыбыстың өзара үндестігі. (4 сынып)
Сабақтың мақсаты:
1. Дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтау. Дауыссыз дыбыстың өзара үндестігі туралы түсінік беру. Сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазуға үйрету.
2. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу. Сөзге шешен болуға жаттықтыру.
3. Оқушыларды шымыр болуға, денсаулықты күте білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, рефлексия
Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызба, спортшылардың суреттері.
Сабақтың барысы:
І. Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау – мотивациялық кезең

Мұғалім сабақты саяхат түрінде өткізеді.
- «Адам – керуен, өмір - жол» демекші, бүгінгі сабағымызды «Жеті ата» ауылына жолға шығамыз. Өздерің білесіңдер, әр адам өзінің жеті атасын білуі тиіс. Қазақта «Жеті атасын білмеген - жетесіз» деген нақыл сөз бар. Сендерге сәттілік тілеп, «Жеті ата» ауылында кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындауларыңа тілектеспін.
1 - Ауыл. Ата ауылы. Суретпен жұмыс
Спорт түрлері бейнеленген суреттер беріледі. Мұғалім жетекші сұрақтар қояды.
- Спорт не үшін қажет?
- Суретте берілген спорт түрлері туралы не білесіңдер?
2 – ауыл. Әке ауылы. Тірек - сызбамен жұмыс.
Берілген тірек - сызба бойынша оқушылар өз ойларын айтып, ойтұжырым жасайды.
Дауыссыз дыбыстардың түрлері:
Қатаң: П, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ч, ц
Ұяң: Б, в, г, ғ, д, з, ж, һ
Үнді: Р, л, й, у, м, н, ң
Ойтұжырым:
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар дейміз.
Салдыр мен үннің қатысты арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар дейміз.
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үні басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дауыссыздар дейміз.
ІІ. Сараланған бөлім.
Операциялық - орындаушылық кезең.
3 – ауыл. Бала ауылы.
Әр сынып оқушылары өз оқулықтарындағы жаттығуларды орындайды.

III. Сабақты қорыту:

  1. Оқушылардың білімдерін қорыту;

  2. Білімдерін бағалау;

  3. Үйге тапсырма беру;

  4. Сабақты бекіту;


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет