12 - ТАҚЫРЫП. Рефлексия, кері байланысты қолдану ерекшеліктері
Кестеде берілген кері байланыстың тиімді əдістеріне «Қос жазба күнделігі» арқылы ұсыныстар тізбесі мен сабақ үдерісінің кезеңдерінде қолданылуын талдау жасаңыз.
р/с
Кері байланыс әдістері
Сабақ үдерісінде қолдануы
Ұсыныстар
1
«Бір сөзбен »
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.
12 сөз емес, одан да көп сөз болса дұрыс болатын еді. Оқушылар ойын ашып айта алатын еді.
2
«Жаттығу» әдісі
Жасалынған жұмысқа қимылмен кері байланыс беру:
- Жүресінен отыру –өте төмен бағалау, жағымсыз сезіну;
-Тізені бүгіп тұру – орташа баға, немқұрайлыболу;
- Екі қолын түсіріп тұру –қанағаттанарлық баға, сабырлы болу;
- Қолды шынтақтап көтеру –жақсы баға, оң көзқараста болу;
-Қолды жоғары көтеріп, шапалақтап аяқтың ұшымен тұру –өте жоғары баға,қуанышты болу.
Әдісті тек топтық жұмыс болған кезде ғана қолданса болады деп ойлаймын, себебі, жеке немесе жұптық жұмыстарға тиімді болмайды.
3
«Бес саусақ»
Оқушылар қағаздың бетіне өз саусақтарын айналдыра сызады. Әр саусақтың – өзінің орны /позициясы/ бар, солар бойынша өз ойларын айтады.
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық.
Сұқ саусақ – маған қиын болды.
Ортаншы саусақ – маған жеткілікті болмады.
Төртінші саусақ – менің көңіл күйім.
Бесінші саусақ – менің ұсынысым.
Өз жазғандарын артынша талқыға салса жақсы нәтиже болады деп ойлаймын.
2.
Рефлексия
Талдау
Тапсырма
Бөлім: Мәдени мұра
2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау Абайдың қара сөздері (Он жетінші сөз) 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
-Қара сөзде қандай адами қасиеттер сипатталған?
-Неліктен қара сөзде ақыл, қайрат, жүрекке үлкен мән берілген деп ойлайсың?
-Абайдың бұл қара сөзінен қандай қорытынды шығарар едің?
«Портрет» әдісі
Музыка тыңдай жүріп бүгінгі үйренгендерін қортындылай келе тақырыпқа байланысты қалаған портрет салады.
Музыка тоқтаған соң, астына өз қолтаңбасын қалдырады.
Салған портретті мұғалімге табыстайды.
Сабақ барысында қандай тақырыпты талдағандарын айтып, әңгімелеп береді.
«Таңдау» әдісі . «+», « -»
1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
Плюс-минус-қызықты
«П» - «плюс»- сабақ барысында өзіне ұнағанның бәрін жазады, пайдалы ақпараттар, әдіс-тәсілдер т.б.
«М» - «минус»- сабақта өзіне ұнамағанның барлығын жазады, жалықтырған немесе түсініксіз болған тұстарын жазады.
«Қ» - «қызықты»-оқушылар өздерін таңқалдырған немесе жаңа ақпарат туралы, проблеманы шешу жолдары жайлы жазады.
Плюс
Минус
Қызықты
Reflexio – кері байланыс. Рефлексия – адамның өзін-өзі – көңіл-күйін, іс-әрекетін және өткен оқиғаларды талдауға бағытталған ой-толғаныс. Шет тілі сөздігінде рефлексия сөзі адамның ішкі дүниесі және өзін-өзі тану жайлы ой-толғаныс ретінде анықтайды. Заманауи педагогикада рефлексия сөзін өз іс-әрекетінің нәтижесін өзін-өзі талдау деп түсінеді. Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.