Сабақ: География Мектеп: М.Әбенова атындағы жалпы орта мектеп Сынып: 9



бет5/6
Дата23.08.2017
өлшемі0,79 Mb.
#25235
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
IV. Географиялық есеп

1. А қаласы мен В қаласының арақашықтығы 5000 км. 1 тонна алюминий алу үшін 2 тонна глинозем және 18000 кВт ̸ сағат электор энергиясы қажет. Теміржолмен 1 тонна глинозем тасудың өзіндік құны – 3000 теңге. А қаласында 1 кВт ̸ сағаттың құны – 2 теңге, В қаласында – 1 теңге. Егер А қаласы шикізат көзіне жақын, ал В қаласы электр энергетикасы көзіне жақын орналасқан болса, қай қалада алюминий зауытын салу қолайлы болар еді?



2. Еліміздегі қара металлургия дамуының деңгейіне баға беріңдер. Ол үшін Қазақстанда, бүкіл әлемде және жекеленген шет мемлекеттерде жан басына шаққанда қанша металл балқытатынын жазаңдар. Алынған мәліметтерді салыстырыңдар. Қорытынды шығарыңдар.


Елдер

Халқы млн.адам

Болат балқыту (2008 ж)

Барлығы, млн.т

Жан басына шаққанда, кг

Бүкіл әлем

6705

1330




Қазақстан

16

4




Оңт. Корея

49

53




Пәкстан

75

6







3. 1 тонна титан балқыту үшін қажетті энергия мөлшері 3 адамнан тұратын отбасына қанша уақытқа жететінін есептеңдер. Осындай тұтыну мөлшері күніне 10 кВт сағат.
V. Кескін карта және карта





VI.Сызбанұсқа арқылы постер қоғау

Қара және түсті металлугия өнеркәсіптерінің

сала ішіндегі және салааралық сызбанұсқасын сызу.

1. Қарағанды металлургия базасына мына жоспар бойынша сипаттама



беріп, сала ішіндегі және салааралық сызбасын сызу:

а) географиялық орны; ә) қажетті шикізаттарының орналасқан алаптары мен кен орындары (темір, марганец, хромит кені); б) кокстелетін көмірдің басты алабы; в) металлургиялық базаға жататын комбинат түрлері; г) беретін өнім түрлеріне, оларды экспортқа шығаратын елдерге сипаттама .

2. Балқаш және Жезқазған мыс балқыту зауыттарына мына жоспар бойынша салыстырмалы сипаттама беріп, сала ішіндегі және салааралық сызбасын сызу: а) географиялық орны; ә) қажетті шикізаттарының орналасқан алаптары мен кен орындары; б) кокстелетін көмірдің басты алабы; в) металлургиялық базаға жататын комбинат түрлері; г) беретін өнім түрлеріне, оларды экспортқа шығаратын елдерге сипаттама.


3. Ақсу мен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарына мына жоспар бойынша сипаттама беріп, сала ішіндегі және салааралық сызбасын сызу:

а) географиялық орны; ә) қажетті шикізаттарының орналасқан алаптары мен кен орындары (темір, марганец, кремний, хром кені); б) кокстелетін көмірдің басты алабы; в) металлургиялық базаға жататын комбинат түрлері; г) беретін өнім түрлеріне, оларды экспортқа шығаратын елдерге сипаттама.




АКТ, оқулық, маркерлер, плакаттар,

стикерлер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта

АКТ, оқулық, маркерлер, плакаттар,

стикерлер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет