Сабақ Геометрияның негізгі ұғымдары Күні,айы: Мұғалімнің аты-жөні



бет34/67
Дата08.11.2019
өлшемі23,85 Mb.
#51379
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67
Байланысты:
7 ГЕОМЕТРИЯ КМЖ


Сабақтың соңы( 41-45мин)

1. 1) Үшбұрыштың бұрыштары мына сандарға пропорционал 4, 5, 9. Бұрыштарды
табыңдар.
Берiлгенi:
АВС
<1:<2:<3=4: 5: 9
табу керек: <1;<2;<3
Шешу: <1=4х;<2=5х;<3=9х
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы теоремасы бойынша <1+<2+<3=1800
4х+5х+9х=1800
18х=1800
х=100
<1=400;<2=500;<3=900

2) АВС үшбұрыштың А бұрышы С бұрышынан 600 үлкен. Егер В бұрышы 460 тең болса, үшбұрыштың бұрыштары неге тең?
Берiлгенi:
АВС
<В=460
<А=<С + 600
Табу керек: <А,<В,<С=?

Шешуi:
<С=х
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы теоремасы бойынша <А+<В+<С=1800
Х+60+х+46=180
2х=180 - 106
х=37 0
<С=370,<В=460,<А=970


Оқушылар тестінің дұрыс жауабын айтады

Бағалау

2 минут



1. Бағалау «Бағдаршам әдісі» бойынша қызыл «5», сары «4», жасыл «3».
2. «Бас бармақ» стратегиясы бойынша бағалау.

Өзін-өзі бағалау.




1.Оқушылар житон жинайды, мадақтама сөздерді есітеді.
2.Басбармақ жоғарыға қарай = барлығы түсінікті, тапсырмалардан қиналмадым.

Басбармақ көлденең = түсінбеген жерлерін болды, тағы білгім келеді.

Басбармақ төмен қарай = сабақ түсініксіз болды, ештеңе меңгермедім.










Үйге тапсырма

(2 мин)


«Сұрақтар қорабына» сұрақтар салдырту.

№367 -4.



«Сұрақтар қорабына әрбір оқушы бір сұрақ жазады. Бәрі салып болған соң, қайтадан алады. Келесі сабаққа сол сұрақтың жауабын тауып келеді.»Күнделікке жазады,

бағасын қойдырады.





Тақырыбы: 40 САБАҚ

Есептер шығару

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

-

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.1.16

үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын дәлелдеу;

7.1.1.17

үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану;

7.1.1.18

үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы дәлелдеу;

7.1.1.19

үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану;



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Үшбұрыштарды салуды үйренеді. Олардың белгіленуін  білетін болады. Үшбұрыштың қасиеттерімен танысады

Оқушылардың басым бөлігі:

Есеп шығару арқылы есептердің оқып,мазмұнын ашу арқылы түсініктер қалыптастыды.



Кейбір оқушылар:

Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыш теоремасының салдарын жете меңгеріп, бағамдап, қорытындылайды



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығы.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Өткен тақырыпты қайталау:

Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесінді оның ...........    деп аталады.

2. Үшбұрыш төбесінен шығып, бұрышты қақ бөлетін сәуле .................   деп аталады.

3. Үшбұрыштың төбесінен қарсы жатқан қабырғаға түсірілген перпендикуляр ....................... деп аталады.

4. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын оның ...................деп атайды.

5. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы ...............  тең.

6. Үшбұрыштың ішкі бұрышымен сыбайлас бұрыш оның......................деп аталады.

Дайын жауап арқылы тексеріледі.





Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК,Ұ)

Кім біледі әдісі

Сұрақтар мене тапсырмалар

І топ.  №1 есеп. Үшбұрыштың қабырғалары 10см, 14 см, 20см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

№2 есеп.  Үшбұрыштың бір бұрышы 30º-қа артық. Үшінші бұрышы 76º-қа тең. Үшбұрыштың бұрыштарын табыңдар.

№3. Егер үшбұрыштың бір бұрышы 31º-қа тең болса, және бір бұрышының сыртқы бұрышы 97º-қа тең болса, онда үшбұрыштың барлық ішкі бұрыштарын табыңдар?

ІІ топ. №1 есеп. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 15 см. Табаны 7 см болса, бүйір қабырғаларын табыңдар.

№2 есеп. Сыбай лас бұрыштардың бірі екіншісінен  2 есе үлкен. Осы бұрыштарды табыңдар.

№3 есеп. Үшбұрыштың екі сыртқы бұрышы 130º және 150º. Оның үшінші сыртқы бұрышын табыңдар.

ІІІ топ. №1 есеп. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 10 см, бүйір қабырғасы 7 см-ден, Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

№2 есеп.  Егер үшбұрыштың екі ішкі бұрышы  55º және 28º -қа тең болса, онда оның үшінші бұрышын табыңдар.

№3 есеп. . Егер үшбұрыштың бір бұрышы 28º-қа тең болса, және бір бұрышының сыртқы бұрышы 110º-қа тең болса, онда үшбұрыштың барлық ішкі бұрыштарын табыңдар?

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды.



1 топ

  • Үшбұрыштың екі төбесіндегі сыртқы бұрыштары 110° және 160°. Үшбұрыштың барлық бұрыштарын табыңдар.

  • Шешімі:

  • a=180-110=70˚ b=180-160=20˚ a+b+c=180˚

  • c=180-70-20=90˚ a=70˚, b=20˚, c=90˚




2 топ Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрышы 49˚. Төбесіндегі бұрышын табыңдар.


  • Шешімі:

  • Теңбүйірлі үшбұрыштар теоремасы бойынша ∠В=∠С

  • ∠A+∠B+∠C=180˚ ∠A=180˚-∠B-∠C

  • ∠A=180˚-49-49=82˚ ∠A=82˚




3 топ

  • Үшбұрыштың бір бұрышы екіншісінен 45° кіші, ал үшіншісінен 15° артық. Үшбұрыштың бұрыштарын табыңдар.

  • Шешімі:

  • ∠1+45=∠2 ∠1-15=∠3 ∠1+∠2+∠3=180

  • Осы теңдеулерден: 2*∠1+30=∠2+∠3;

  • ∠2+∠3=180-∠1 180-∠1=2*∠1+30 3*∠1=150 ∠1=50˚

  • ∠2=∠1+45=50+45=95 ∠2=95˚ ∠3=35˚



Оқулық
Аудидиск:

№1жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма:1.7

№1жұмыс дәптер


Сабақтың соңы( 41-45мин)


Топтық жұмыс Есеп шығару

І деңгей тапсырмалары

1.Үшбұрыштың бір бұрышы екіншісінен 200-қа артық. Екіншісі үшіншісінен 200 кіші. Үшбұрыштың бұрыштарын тап.

2.Үшбұрыштың бір бұрышы екіншісінен 250-қа артық. Екіншісі үшіншісінен 250 кіші. Үшбұрыштың бұрыштарын тап.

3.Параллель а,в түзулерін қиюшы түзумен қиғанда пайда болған бұрыштардың бірі екіншісінен 3есе артық болды. Бұрыштарды тап.

4.Параллель а,в түзулерін қиюшы түзумен қиғанда пайда болған бұрыштардың бірі екіншісінен 2есе артық болды. Бұрыштарды тап.

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Сырттай жанасатын шеңберлер центрлерінің ара қашықтығы 50 см, ал біріншісінің радиусы 30 см. Екіншісінің радиусын тап.



IІІ деңгей тапсырмалары

1. Сырттай жанасатын шеңберлер центрлерінің ара қашықтығы 60 см, ал біріншісінің радиусы 25 см. Екіншісінің радиусын тап.

Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.





Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?







Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1.

2.





Тақырыбы: сабақ 41

Үшбұрыш теңсіздігі

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні:




Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.1.20

үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану;

7.1.3.1

үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану;



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

оқушылар үшбұрыштар теңсіздігі туралы түсінік беру, үшбұрыштар тең-сіздігін есептер шешуде қолдана білуеді, дағдысын қалыптастырады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Өткен тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіреді, жаңа тақырып бойынша алған білімдерін меңгереді 

Кейбір оқушылар:

Сабаққа қызығушылығы артып, өз ойын жүйелі түрде жеткізеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады

-Оқушының сыни ойлауы қалыптасады.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылармен пікір алмасу



Сәйкестік тестісі.
а мен в түзулері параллель ------------------- а) а в
а мен в түзулері перпендикуляр ------------ в) а в
а мен в түзулері қисық ------------------------- с) а ∩ в
Вертикаль бұрыштар тең. ---------------------- а) ∟А +∟В = 180º
Сыбайлас бұрыштардың ----------------------- в) ∟А =∟В
қосындысы 180º тең.
1. Сыбайлас бұрыштың бірі 70° тең болса, екінші бұрыш неге тең?
А. 70º В. 110º С. 90º Д. 120º
2. ∟2 және ∟4 вертикаль бұрыштар.
∟2=45º болса, ∟4 неге тең?
А. 45º В. 90º С. 155º Д. 135º
Сұрақ жауап:
1.      Үшбұрыш дегеніміз не? Ж: Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені кесінділермен қосқанда шығатын геометриялық фигураны үшбұрыш деп атаймыз.
2.      Қабырғалары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, әр түрлі қабырғалы  үшбұрыш.
3.      Бұрыштары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыш.
4.      Үшбұрыштың үлкен қабырғасына қарсы үлкен бұрышы жатады.
5.      Үшбұрыштың үлкен бұрышына қарсы үлкен қабырғасы жатады.
6.      Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда үшбұрыш теңбүйірлі  деп аталады.
7.      Үшбұрыштың сыртқы бұрышы деген не? Ж: Үшбұрыштың сырт-қы бұрышы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышпен сыбайлас бұрыш-ты айтады
8.      Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катеттен (кіші, тең, үлкен) болады.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК,Ұ)

Тақырыптың мазмұнын қысқаша баяндайды,тақырыптың ең маңызды жерін ең қызық жерін табады,оны неге қызық деп тапқанын айтады,тақырып туралы ақпарат жинайды

байланыстырыды, суреттейді - өз бағасын береді

1.      АВ қабырғасы қандай қабырғалардың қосындысынан кіші болады?
Ж: ВС және АС қабырғаларының қосындысынан кіші болады.
2.      ВС қабырғасы қандай қабырғалардың қосындысынан кіші болады?
Ж: АВ және АС қабырғаларының қосындысынан кіші болады.
3.      АС қабырғасы қандай қабырғалардың қосындысынан кіші болады?
Ж: АВ және ВС қабырғаларының қосындысынан кіші болады.4.      Үшбұрыштың бір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысына тең болмайды. Неліктен?  Ж: өйткені ол кезде үшбұрыш фигурасы шықпайды және үшбұрыштар теңсіздігі орындалмайды.
1.      Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан кіші болады.
2.      Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының айырмасынан үлкен болады.


  1. АВС үшбұрышы үшін үшбұрыштар теңсіздігiн жаз: АВ

  2. Қабырғалары 3 см және 4 см болатын үшбұрыштың үшінші қабырғасы n, мұндағы nЄN. n-нің мүмкін мәндері қандай?  Ж: n<3+4, n<7. n=1,2,3,4,5,6

  3. Үшбұрыш қабырғаларының қатынасы 2:3:5-ке тең болуы мүмкін бе?

Ж: жоқ, себебі 5<2+3 теңсіздігі орындалмайды.

1 деңгей
Дұрыс жауапты «+», қате жауапты «-» таңбасымен белгіле:

  1. Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан кіші болады. Жауабы: +

  2. Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысына тең болады. Жауабы: –

  3. Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғасының қосындысынан үлкен болады. Жауабы: –

  4. Егер АВ=10 см, ВС=3 см, АС=8 см болса, онда  А, В, С нүктелері АBC үшбұрышының төбелері болып табылады. Жауабы: +

  5. Егер АВ=11 см, ВС=2 см, АС=9 см болса, онда  А, В, С нүктелері АBC үшбұрышының төбелері болып табылады. Жауабы: –




Оқулық
Аудиодиск:

А4 форматты ақ қағаз,қарындаштар
№1жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма:1.1.




Сабақтың соңы( 41-45мин)

Топтық жұмыс

  1. Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 3 см болса, онда оның табаны 7 см-ге тең болуы мүмкін бе? Жауабы: мүмкін емес.

  2. Үшбұрыш қабырғаларының қатынасы 2:3:4-ке тең болуы мүмкін бе?

Жауабы: мүмкін. Себебі үшбұрыштар теңсіздігі орындалады.

1. Екі қабырғасының ұзындығы 3 см және 7 см болатын тең бүйірлі үшбұрыштың үшінші қабырғасын тап. Жауабы: 3 см



 Тең бүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 10 см, ал екіншісі 5 см. Бұлардың қайсысы үшбұрыштың табаны болуы мүмкін?  Жауабы: 5 с

Үшбұрыштың биіктігі осы төбеден жүргізілген медианасынан үлкен болмайтынын дәлелдеңдер. 

2. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 24 cм, екі қабырғасының айырмасы  3 см, ал бір төбесіндегі сыртқы бұрышы сүйір. Үшбұрыш қабырғаларын табыңдар. Жауабы: 7 см, 7 см, 10  см.





Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?







Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1.

2.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет