Сабақ ҚЫСҚамерзімді жоспар 1-бөлім. Менің Отаным Қазақстан


Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу



бет27/95
Дата19.02.2023
өлшемі217,13 Kb.
#169299
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   95
Байланысты:
ҚМЖ 4-сын. ТОЛЫҚ

Алған білімнің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Бұл сабақ оқушыларды халқымыздың мәдени мұрасы- мен жақындастыруға септігін тигізеді. Олар еліміздің өресі биік азаматтарына айналып, өзге елдерге халқымыздың мәдени мұрасы туралы айтып бере алады. Сонымен қатар жан-жақты, эстетикалық талғамы жоғары, халқымыздың қолөнер бұйымдарын лайықты бағалай білетін сауатты көрермен тәрбиеленіп шығады.




Материалды түсіндіру

Киіз үйдің іші – қазақ халқының қолөнер мұражайы. Киіз үй тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Киіз үйде алуан түрлі ою- өрнектерді, киіз төсеніштерді, былғары мен металдан жасалған бұйымдарды, жүнмен орап, кілем, текемет түсіндей оюлармен безендіріп тоқыған кәдімгі шиді кездестіруге болады.
Оқушылар ою-өрнектерді еске түсіреді (2, 3- сыныптағы материалдар бойынша). Негізгі ою-өрнек түрлерін атайды (зооморфты, өсімдік тәріздес, геометриялық, космогониялық). Енді киіз үйдің ішіндегі әшекейлі өрнектерге тоқталайық. Басқұр – киіз үйдің ішін безендіріп әрі туырлықтың кереге басына тиіп қажалмауы үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастыра таңатын өрнекті

Оқулық. Қазақ халқының қолөнер бұйымдарының, әсіресе төсеніш түрлерінің иллюстрацияла- ры. Киіз үйдің ішкі көрінісінің фотосуреттері. Аяққаптың суреттері.




жалпақ құр. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады. Киіз үй едендеріне әртүрлі төсеніш түрлері төселеді. Олардың түрлерін оқулықтан немесе басқа да дереккөздерден тауып оқуға болады. Балаларға ұлттық төсеніш түрлерін ажыратып үйрету керек, ол үшін оқулықтағы мәліметтермен танысып, сабаққа киізден дайындалған бұйымдарды әкеліп немесе сабақтың бірінші бөлігін мұражайда өткізуге болады. Сонда балалар қазақ ісмерлерінің қолынан шыққан бұйымдарды көріп, шеберліктерін бағалап, дайындалу тәсілдерінің айырмашылықтарын байқайды.
Балалар текемет, сырмақ, шымшидің атауларын есте сақтап, олардың дайындалу тәсілдерін меңгеріп, сырттай ажырата білулері керек. Киіз үйдің ішкі көрінісімен және ұлттық төсеніш түрлерімен танысқаннан кейін, оқушылар ұлттық нақыштағы дорба – аяққапты жасайды. Ол үшін аяққап үлгілерін қарап шығып, олардың түс үйлесіміне, ою-өрнек- теріне, жасалған материалына назар аударады. Аяққап жасаудың ретін оқулықтағы материалға сүйене отырып талдайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет