Сабақ ҚЫСҚамерзімді жоспар 1-бөлім. Менің Отаным Қазақстан


Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар



бет25/95
Дата19.02.2023
өлшемі217,13 Kb.
#169299
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   95
Байланысты:
ҚМЖ 4-сын. ТОЛЫҚ

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Киіз үйдің құрылысы туралы айтып бер.

Жауап. Оқушылар 3-сыныптағы материалдарды қайталайды: Киіз үйдің құрылысы күрделі емес. Ол кереге, уық және шаңырақтан тұрады. Олар тал, қайың және терек ағашынан жасалады. Киіз үйді құрғаннан кейін қабырғаларына ши ұсталады. Киіз үйдің үстіне киіз жабылады.

  1. Шаңырақ туралы не білесің?

Жауап. Оқушылар 3-сыныптағы материалдарды еске түсіріп және 4-сыныптағы мәліметтерді пайдаланып жауап береді.

  1. Қазақ ұлттық төсеніштеріне нелер жатады? Жауап. Текемет, сырмақ, шымши.

  2. Олардың қайсысы киізден жасалады? Жауап. Текемет пен сырмақ.

  3. Текемет дайындау тәсілін айтып бер. Жауап. Оқулықтағы мәліметті айтады (43-бет).

  4. Сырмақ дайындау жолын айтып беріңдер. Жауап. Оқулықтағы мәліметті айтады (44-бет).

  5. Қалай ойлайсың, аталған төсеніш түрлеріндегі өрнектердің сызықтары мен пішіндері нені білдіреді? Жауап. Текемет пен сырмақтың сызықтары мен пішіні олардың дайындалу тәсілімен тығыз байланысты. Текеметтің өрнектері айқын емес. Ал сырмақтың өрнектері анық.

  6. Қандай ою-өрнек түрлерін білесің?

Жауап. Зооморфты: қошқармүйіз, өркеш, түйетабан, ашатұяқ, құсқанаты.
Өсімдік тәріздес өрнектер: гүл, жетігүл, ағаш. Геометриялық өрнектер: аралық гүл (үшбұрыштан жасалады), қос тұмарша («екі үшбұрыш).
Космогониялық өрнектер: жұлдыз, ай.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: киіз үйдің ішкі көрінісі туралы, ұлттық төсеніштер мен аяққап жасау жолдарын біледі. Киіз үйдің ішкі көрінісі, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындай отырып, ұлттық төсеніш түрлерін атап, ажырата алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет