АКТ-мен байланысСабақтың барысында мұға- лім СD-дискідегі материал- дарды, сондай-ақ интербел- сенді тақтаны да қолдана алады.
Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ере- жесін салады.
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз? Сабақтың барысында оқушылар- ды бағалайды: Жарайсың, сен сұ- рақтарға толық жауап бересің!
Сен өте байқампазсың! Сен таби- ғат нысандарын жақсы суреттей- сің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындау- ға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
жұмыс дәптерінде орындалған тапсыр- малар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана баға- лаңыз).
Құндылықтармен байланыс
Сабақта еліміздің мәдени мұрасы туралы айтылып, халқымыздың тарихы мен мәдениетіне, өнеріне оқушылардың қызығушылықтары оянады. Ой-өрістері кеңейеді.
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек.
Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды»!, «Мен бә- рін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді);
ә) ауызша (бұл балаға ойын жинақтап жеткізе білуге, логикалық ойлауына, жасаған жұмысының нәтижесін көре білуге көмектеседі);
б) жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс.
Мен бүгін ... білдім.
... қызықты болды.
... қиын болды.
Мен ... тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім.
Енді мен ... аламын. Мен ... сездім.
Мен ... жинақтадым. Мен ... үйрендім.
Мен ... жасай алдым. Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін.
Мен ... таңғалдым.
Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі. Мен ... жасағым келді.
Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша не жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатына- сын (мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді.
Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді.