Оқушылардың міндеті
|
Ер адамдар мен әйелдердің ұлттық киімдерін сипат- тап, талдау жасау. Термин сөздерді үш тілде біліп, оларды қолдана білу. Жасаған жұмыстарын танысты- рып, талқылау. Оқулықтағы және мұғалімнің сұрақта- рына жауап беру.
Тірек сөздер: қазақ ұлттық киімі (ер адамдар мен әйелдердің), шапан, тон, сәукеле, қалпақ, бөрік, зер- герлік бұйымдар, зергер, тұмар.
|
|
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
Қазақ әйелдерінің ұлттық киіміне не жатады? Оларды ата.
Жауап. Қазақ әйелдерінің ұлттық киіміне: тон, шапан (сырткиім), қосетек көйлек, кимешек, сәукеле; ер адамдардың киіміне шапан, тон (сырткиім), тымақ, қалпақ, бөрік, тақия жатады.
Зергер деген кім?
Жауап. Зергер – ұлттық әшекей бұйымдарын жасайтын шебер.
Қазақ ұлттық киімдеріне қатысты қандай дәстүрлерді білесің?
Жауап. Оқушылар оқулықтағы «Оқы, бұл қы-зық!» белгісімен берілген ақпаратты, сондай-ақ басқа да ақпараттарды тауып, жауап береді.
Зергерлік өнердің қандай тәсілдерін білесің? Жауап. Қазақ ісмер, шеберлері зергерлік кәсіптің әртүрлі тәсілін меңгерген. Олар күмісті қарайтып, ою басқан. Металға сыммен өрнектерді дәнекерлеп сал- ған.
Үйлеріңде қазақ ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдары бар ма?
Жауап. Оқушылар үйлерінде сақталған ұлттық бұйымдар туралы айтады.
|
Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар: қазақ ұлттық киімдері, зергер- лік бұйымдары және олардың ерекшеліктері туралы біледі.
Қазақ ұлттық киімдерін ажыратып, оларды дұрыс атап, зергерлік бұйымның үлгісін жасай алады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |