Сабақ ҚЫСҚамерзімді жоспар 1-бөлім. Менің Отаным Қазақстан



бет39/95
Дата19.02.2023
өлшемі217,13 Kb.
#169299
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   95
Байланысты:
ҚМЖ 4-сын. ТОЛЫҚ

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабаққа кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Тақтаға әртүрлі жанрда салынған мамандық түрлеріне арналған туындыларды іліп қоюға болады. Мұғалім әртүрлі мамандықтарға арналған тақпақтарды оқиды.
Оқушыларға «Оқушылардың міндеті» бөліміндегі сұрақтарға жауап беруді тапсырады.

4-сыныпқа арналған СD-диск.
Мамандық түрлері бейнеленген туындылар ре- продукциялары.

Алған білімнің өмірмен байланысы.
Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Осы сабақта алған білімдері оқушылардың ой- өрістерін кеңейтуге септігін тигізеді.




Материалды түсіндіру

Мұғалім мамандық түрлері бейнеленген иллюстрацияларды көрсете отырып, жаңа материалды түсіндіреді. Ол графикалық, кескіндеме, сәндік немесе мүсін өнері туындыларын, яғни

Оқулық.
4-сыныпқа арналған СD-диск.
№1 жұмыс дәптері.




бейнелеу өнерінің әр түріне жататын жұмыстарды, сондай-ақ бейнелеу өнерінің портрет, тұрмыстық, натюрморт жанрындағы туындыларды көрсетеді. Туындыларды оқушылармен бірге талқылағанда онда қандай мамандық түрі бейнеленгеніне ғана емес, оның жанры мен түрін, суретші ол мамандық түрі мен мамандық иесіне деген қарым-қатынасын да көрсететініне назар аудару керек. Әртүрлі жанрдағы туындыларды меңгеріп, талқылағаннан кейін мамандық түрлерін көрсетуге болатын натюрморт жанрына тоқталады. Натюрморттың екінші түрі натюрморттың бірінші түріне қарағанда қызық емес сияқты көрінеді. Бірінші түрінде заттардың сырқы түрінің әсемдігіне көңіл бөлінеді. Бірақ суретші бұл заттарды бейнелеу арқылы не айтқысы келгенін анықтау керек, сонда адам туралы, оның қызығушылықтары айқын көрінеді.
Кәне, Г. Ысмайылованың натюрмортына назар аударайықшы. Қымыз құйылған ою-өрнекті ыдыс- аяқты көріп тұрсыңдар. Балалар картинадан кімнің еңбегін көріп тұрғандарын айтады. Содан кейін мұғалім қызықты тапсырма ұсынады: ол алдын ала дайындап қойған заттардың ішінен белгілі бір мамандық түріне сәйкес келетін заттарды таңдап алу керек. Мұғалім тақтаға екі-үш оқушыдан біріккен үш топты шығарады, олар үш натюрмортқа заттарды таңдап алып, өз шешімдерін түсіндіреді.
Мысалы, ұста, құрылысшы, электрик мамандығына балға, ара, бұрандалы кілт, сым, сүргі керек (бұл заттар мектеп шеберханасынан табылу керек); суретшіге қылқалам, палитра, әртүрлі бояулар және т.б.; тігіншіге жіп, ине, мата, түйме керек. Одан соң оқушылар жұмыс дәптеріндегі 1, 2-тапсырманы орындайды.
Одан әрі мұғалім оқулықтағы материалға сүйеніп, сызық пен штрих арқылы заттардың көлемін қалай көрсетуге болатынын түсіндіреді. Тақтаға сызғанда сызық заттың пішінімен байланысты екеніне ерекше мән береді. Оқушыларды да қатыстырып, олар да тақтада сызық арқылы пішін мен көлемді көрсетіп үйренеді. Оқушылар төменгі сыныптардан сызық пен штрихтің қандай болатынын біледі. Енді олар сызық пен штрих заттардың көлемін берудегі ең басты құралдардың бірі екенін түсінулері керек. Ол үшін алдымен оқулықтағы график-суретшілердің туындыларын қарап шығып, суретші заттардың пішінін, көлемі мен фактурасын қалай көрсеткенін оқушылармен бірге талқылау керек.
Қазірше балалар натураға қарап сурет салмайды, алайда олар көлемді заттардың бетіндегі сызықтар мен штрихтар тік емес, заттардың пішіне қарай сызылатынын түсінулері керек.

Әр алуан мамандық түрлері, түрлі мамандық иелеріне қажетті заттар бейнеленген туындылардың репродукциялары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет