Сабақ ҚЫСҚамерзімді жоспар 1-бөлім. Менің Отаным Қазақстан



бет40/95
Дата19.02.2023
өлшемі217,13 Kb.
#169299
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   95
Байланысты:
ҚМЖ 4-сын. ТОЛЫҚ

Өздік жұмысты орындау

Түсіндіргеннен кейін оқушылар №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауға көшеді (таңдаулары бойынша). Мұғалім көмек көрсетіп, кеңес береді.

№1 жұмыс дәптері, жай және түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер.

Сабақтың қорытындысы

Оқушылар суретшілер туындыларында әр алуан мамандық түрлерін қалай бейнелейтінін, сызық пен штрих заттардың көлемін қалай көрсететінін біледі.

Мамандық түрлері бейнеленген туындылардың бейнелеу өнерінің қай түрі мен жанрына жататынын анықтауды, әртүрлі заттардың көлемін сызық және штрих арқылы көрсетуді үйренді.






Қосымша ақпарат

Дифференциациялау Оқушылардың бәрі суретшілер мамандық түрлерін қандай жанрларда бейнелейтінін білді.
Натюрмортта мамандықтарды қалай бейнелеуге болатынын, сызық пен штрих арқылы заттардың көлемін көрсетуді нақты білді.
Әртүрлі жанрда бейнеленген картиналарды, мамандықтар бейнеленген натюрморттарды талқылауға қатыса алды. Мамандық түрлерін бейнелеу үшін натюрмортқа әр алуан заттарды таңдады. № 1 жұмыс дәптеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырмаларды орындады (24-бет).


Оқушылардың көпшілігі ата- аналарының мамандықтары туралы әңгіме құрап, олардың мамандықтарын натюрмортта бейнелеу үшін қандай заттарды таңдап алатындарын айтты. №1 жұмыс дәптеріндегі материалды бекітуге арналған тапсырмаларды орындады (25-бет).
Кейбір оқушылар суретшілердің жұмыстарындағы сызықтар мен штрихтарды сипаттап, олар заттардың көлемін көрсетуге қалайша септігін тигізетінін талқылады, №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындады (26–27- беттер)).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет