Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар: суретшілер мамандық түрлерін қандай жанрларда бейнелейтінін; натюрмортта мамандық түрлерін қалай бейнелеуге болатынын; сызық пен штрих арқылы заттардың көлемін көрсетуді біледі.
Әртүрлі жанрдағы мамандық түрлері бейнеленген картиналарды, мамандықтар бейнеленген натюрморттарды талқылауға қатыса алады.
Мамандық түрлерін бейнелеу үшін натюрмортқа әр алуан заттарды таңдайды. № 1 жұмыс дәптеріндегі жаңа материалды бекітуге арналған тапсырмаларды (1, 2-тапсырма) орындайды.
|
Оқушылардың көпшілігі: ата-аналарының мамандықтары туралы әңгіме құрап, олардың мамандықтарын натюрмортта бейнелеу үшін қандай заттарды таңдап алатындарын айтады. №1 жұмыс дәптеріндегі материалды бекітуге арналған тапсырмаларды орындайды (3–6-тапсырмалар).
|
Кейбір оқушылар: суретшілердің жұмыстарындағы сызықтар мен штрихтарды сипаттап, олар заттардың көлемін көрсетуге қалайша септігін тигізетінін талқылайды, №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды (7–8-тапсырмалар).
|
Бұрын алған білімдері
|
Бұл сабақта 3-сыныпта «Өнер» тақырыбында меңгерген бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері бойынша білімдерін пайдаланады. Сонымен қатар оқушыларға 3-сыныпта «Жанды табиғат» тақырыбы бойынша меңгерген сызық пен штрих бойынша алған білімдері де қажет.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану пәндерімен байланыс орнайды. Оқушылар мамандық түрлері туралы тақпақтарды оқып, оларды көз алдарына елестете алады.
|
Сабақтың барысы
|
|