Сабақ ҚЫСҚамерзімді жоспар 1-бөлім. Менің Отаным Қазақстан



бет79/95
Дата19.02.2023
өлшемі217,13 Kb.
#169299
түріСабақ
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   95
Байланысты:
ҚМЖ 4-сын. ТОЛЫҚ

Оқушылардың міндеті

Ғарышкер-суретшілердің картиналарын талқылап, талдауға қатысу. Тепе-теңдікті және тепе-теңдік сақталмаған композицияларды анықтап, талдау және композицияны тепе-тең қалыпқа түсіру тәсілдерін табу. Өзі жасаған композицияны суреттеп, таңдаған әсерлегіш құралдарын және жұмысының идеясын түсіндіру.
«Граттаж» тәсілімен композиция жасау ретін анықтау. Композицияға қызықты атау ойлап табу. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
Тірек сөздер: ғарыш, ғарышқа саяхат, ғарышкер- суретшілер, қиял, композицияның тұтастығы мен тепе-теңдігі, тепе-тең композиция, граттаж.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Тұңғыш ғарышкер кім?

Жауап. Ғарышқа тұңғыш ұшқан – Юрий Гагарин.

  1. Еліміздің тұңғыш ғарышкері кім?

Жауап. Алғашқы қазақ ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров.

  1. Ашық ғарыш кеңістігіне алғаш шыққан ғарышкердің аты-жөні кім?

Жауап. Ашық ғарыш кеңістігіне алғаш шыққан ғарышкер – Евгений Леонов.

  1. Ғарышкер-суретшілерді атаңдар.

Жауап. Сурет өнерімен әуестенген ғарышкерлер: кеңестік Евгений Леонов, Владимир Жәнібеков және американдық астронавт Алан Бин.

  1. Тепе-тең композиция дегенді қалай түсінесің?

Жауап. Тепе-тең композиция – барлық бөліктері тепе-тең орналасқан композиция.

  1. Композицияны тепе-тең қалыпқа түсіруге бола ма?

Жауап. Болады. Ол үшін композиция бөліктерін қағаздың бір бөлігінде қалмайтындай етіп (жоғары, төмен, сол және оң жақта) дұрыс орналастыру керек.



Күтілетін нәтиже

Оқушылардың барлығы: ғарышкер-суретшілердің шығармашылығы, композициядағы тепе-теңдік және
«граттаж» тәсілі туралы біледі.
Ғарышқа арналған туындыларды, тепе-тең және тепе- теңдік сақталмаған композицияларды талқылауға қатыса алады. №2 жұмыс дәптерінің 22–23- беттеріндегі жаңа тақырыпты бекітуге арналған тапсырмаларды орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет