ЖАПЫРАҚТЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырағының анатомиялык құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады. Олар:
1) жапырақ тақтасын үстіңгі және астыңғы бет жағынан жауып тұратын жабындық ұлпа — эпидерма;
2) ассимиляциялаушы қоректік ұлпадан тұратын негізгі бөлігі — мезофилл; 3) мезофилл бөлігінде орналасқан өткізгіш шоқтар. Жапырақтың бұл анатомиялық құрылысында жапырақ формацияларына, өсімдіктердің жүйелілік топтарына және өсіп түрған орта жағдайларының әсеріне байланысты азды-көпті өзгерістер болады.
Қос жарнакты өсімдіктер жапырағынын анатомиялық құрылысы. Жапырақ тақтасын сырт жағынан жабындық ұлпа — эпидерма жауып тұрады. Эпидерма клеткалары тірі, бір-бірімен тьпыз тіркесіп бір қатар, екі қатар сирек жағдайда көп қатар түзіп, орналасады. Негізгі қызметі — жапырақтың ішкі жұмсақ бөлігін кебуден, механикалык закымданудан және микроорганизмдердің енуінен сақтау. Эпидерма клеткаларының сыртқы қабырғасын, әсіресе үстіңгі бетін, кутикула және балауыз дақ жауып тұрады. Бұл қабаттар эпидерманың қорғаныштық қызметін арттыра түседі.
Дорсовентральды жапырақтардың үстіңгі бетінің эпидерма клеткалары астыңғы бетінен гөрі ірі, түзу төрт бұрышты болады.
Жапырақ тақтасы көлбеу бағытта ұсталып, үстіңгі бетімен жарыққа бағытталған жағдайда устьице негізінен астыңғы бетінде орналасады. Жапырақ тік бағытта өсіп, жарық екі бетіне бірдей түскен жағдайда устьице екі бетінде шамамен бірдей болады. Жапырағы су бетінде қалқып жүретін су өсімдіктерінде устьице жапырақ тақтасының тек үстіңгі бетінде кездеседі (эпидерманың, устьице аппаратының құрылысы мен қызметі туралы «Ұлпалар» бөлімінде толық баяндалған).
Достарыңызбен бөлісу: |