Қарапайым жүйкеленуде жапырақтың негізінен ұшына дейін созылған бір ғана жүйке өтеді. Жай жүйкелену жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер: мүктерге, плаундарға және ашық тұқымдылардың (қылқан жапырақтарға) көбіне, сол сияқты жабық тұқымдылардың кейбір өкілдеріне тән.
Дихотомиялы жүйкеленуде — жапырақ тақтасында аша тәрізді (дихотомды) бұтақтанған жүйкелер орналасады.
Торлы жүйкелену өз ретіңде саусақ салалы торлы және қауырсын торлы болып екіге бөлінеді. Саусақ салалы торлы жүйкеленуде сағақтан жапырақ тақтасына майда жүйкелер торы таралады. Саусақ салалы жүйкелену саусақ салалы тілімделген жапырақ тақталарына тән. Қауырсын торлы жүйкеленуде сағақтан жапырақ тақтасына бірінші реттегі бір жүйке өтеді де, ол бүйірлік жүйкелердің бұтақтарынн тұратын жиі тор түзеді. Қауырсын жүйкелену жабық тұқымдылардың қос жарнактлыар өкілдерінде мол кездеседі де, дара жарнақтылардан тек қана банан (Musa) мен қарғакөз (Раris quadrifolia) жапырағына тән.
Доға тәрізді жүйкеленуде жапырақ негізінен жапырақ тақтасына доға тәрізді иілген, бұтақтанбаған бірнеше жүйкелері бағытталып, жапырақ ұшында олар қайтадан бір-бірімен қосылады. Мысалы, меруертгүл, жолжелкен және т.б. өсімдік жапырақтары осындай.
Жапырақтың негізінен немесе қынабынан басталған бірнеше бұтақтанбаған бірдей жүйкелер бір-біріне параллель күйінде тақтаның ұш жағында түйіседі, мұны параллель жүйкелену дейді. Бұлайша жүйкелену әсіресе дара жарнақтылардың өкілдеріне тән.
Достарыңызбен бөлісу: |