Сабақ және тамырмен салыстырғанда құрылысы дорсовентральды латынша dorsum



бет7/9
Дата09.01.2022
өлшемі38,3 Kb.
#110537
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жапырақ лекция Word

Мезофилл (mesos— орталық, рһуllon — жапырақ) морфо- логиялық қүрылысы, атқаратьш қызметі жағьшан бір-бірінен азды-көпті айырмасы бар екі түрлі бағаналы және борпылдақ ұлпадан тұрады. Клетка қүрамындағы хлоропластарға байланысты бұл бөлімнің реңі жасыл болатындықтан, ол мезофим хлоренхма (грекше chloros— жасыл, enqchyma— құйылган) деп те аталады.

Бағаналы ұлпа клеткаларының пішіні бағана немесе діңгек тәрізді болып, үстіңгі эпидерма клеткаларына көлденең бағытта, өзара тығыз орналасады.

Бағаналы ұлпа клеткаларында жапырақтағы барлық хлоропластардың 3/4-тен 4/5 -ке дейінгі бөлігі орналасқан, сондықтан жапырақтардың үстіңгі беті қою жасыл түсті және негізінен фотосинтез қызметін атқарады.

Көптеген өсімдіктерде бағаналы ұлпа бір қабатты, кейде екі қабатты (камелия, фикус, кәдімгі серігүлдің жарық сүйгіш жапырақтары), сирек жағдайда көп қабатты (ақ тұт ағашы) болып келеді.

Борпылдақ ұлпа клеткалары дөңгелек, сопақтау және басқа да әр түрлі пішінді, олар бір-бірімен тығыз жанаспай клеткаралық кеңістіктер қалдырып, астыңғы эпидермаға таяу орналасады. Бұларда хлоропластардың саны бағаналы ұлпамен салыстырғанда кем, сондықтан фотосинтез қарқындылығы төмен. Негізінен борпылдақ ұлпа арқылы ауа алмасу және транспирация жүзеге асады.

Борпылдақ ұлпаның бағаналы ұлпамен жанасып жатқан біраз клеткалары арнаулы қызметтер атқарады. Бұлар жинағыш клеткалар деп аталады. Бағаналы ұлпаның екі, үш клеткасына жинағыш клеткалардың біреуі жанасады да, онда фотосингездің нәтижесінде пайда болған органикалық заттар ерітінділерінің сүзгілі түтік арқылы тезірек жылжуына әсерін тигізеді.

Мезофиллдің бағаналы және борпылдақ үлпаға айқын жіктелуіне жарықтың мол түсуі үлкен әсерін тигізеді. Жапырақ тақтасы азды-көпті тік бағытта орналасса, жапырақ тақтасының екі бетіне жарықтың түсуі бір қалыпты болады да жапырақтың анатомиялық қүрылысы бірыңғай, борпылдақ ұлпадан тұрады. Осы типтес құрылым көлеңкеде өсетін және су өсімдіктерінің суға батырылған жапырақтарына да тән. Осы сияқты мезофилі бірыңғай ұлпадан тұратын жапырақтар изолатеральды, яғни тең беткейлі деп аталады.

Өткізгіш шоқтар, әдетте жүйке аталып жапырақтың мезофилл бөлімінде тор түзіп орналасады. Жапырақтағы өткізгіш шоқ — тұйық коллатералды. Кейде негізгі жүйкенің флоэмасы мен ксилемасының арасында камбий сақталады. Шоқтың ксилемасы жапырақтың үстіңгі бетіне, флоэмасы астыңғы бетіне қарай орналасады. Бұл өткізгіш шоқтың сабақтан жапыраққа өту барысында тік қалыптан көлбеу қалыпқа ауысуынан. Кейбір өсімдіктерде шоқты сырт жағынан қоршап тұратын бірнеше жұқа қабықшалы, құрамында хлоропластары жоқ арнаулы паренхималық клеткалар түзіледі. Бұлар жапырақтың ассимиляциялық ұлпасында түзілген қоректік заттарды флоэманың сүзгілі түгіктеріне бағытгап отырады. Өткізгіш шоқтар қоректік заттарды жылжытып қана қоймай механикалық қызмет атқарады. Флоэма мен ксилеманың сырт жағында, кейде шоқты қоршай склеренхима орналасады. Эпидерманы астарлай, шоқтың үстіңгі және астыңғы жактарында қолленхима жатады. Жапырақ құрамында сондай-ақ тасты клеткалар — идиобластар деп бар. Олар камелия, шай, тұңғиық және т.б. өсімдіктердің жапырағынан көрінеді.

Жүйкелер жапырақ негізінен, оның ұшына қарай жақындаған сайын шоқтардың гистологиялық элементтерінің құрамы өзгеріске ұшырап жатады. Алдымен механикалық ұлпалар, одан кейін сүзгілі түтіктер, соңыңда трахеялар жоғала бастайды. Жүйкенің жапырақ жиегіндегі ұсақ тармақтары тек қана трахеидтерден тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет