Дара жарнақты өсімдіктер жапырағының анатомиялық кұрылысы. Дара жарнақтылар жапырағының анатомиялық құрылысын астық тұқымдастарынан қарастырамыз. Өйткені астық тұқымдастарда дара жарнақтылардың басқа жүйелілік топтарымен салыстырғанда олардың жапырағына тән ерекшеліктер байқалады. Жапырақ тақтасын екі бетінен эпидерма жауып тұрады. Астық тұқымдасында эпидерма клеткалары бірыңғай емес, көбінің пішіні сопақша келген тік бұрышты, бүйір қабырғалары иректеліп жатады. Мұңдай клеткалардың сыртқы қабырғасы кутикулаланады және кремнезем сіңіп, оған мықтылық, шытырлақ (инкрустациялық) қасиет береді. Сонымен қатар астық тұқымдастардың үстіңгі эпидермасында клетка қабықшалары жұқа, клетка жолағы шырынға толы, эпңцерманьщ басқа клеткаларымен салыстырғанда ірі клеткалар тобы айқындалады, бұлар будақ (моторные, двигательные) клеткалар деп аталады. Құрғақшылық кезде бұл клеткалар ылғалды жоғалтып, тарылып, жапырақ жиектерін жоғары қарай тартады, сонын нәтижесінде жапырақ алақаны ширатылып, одан түтік пайда болады. Бұл далалық астық тұқымдастарда (мысалы, селеу т.б.) жиі байқалады. Өйткені оларда устьицелер жапырақ тақтасының үстіңгі бетінде орналасқан. Жапырақтың үстіңгі бетін ішке алып ширатылуынан судың булануы кеміп, өсімдік денесіндегі ылғал сақталып қалады. Жауын жауып топырақта ылғал молайған кезде бұл өсімдіктердің ширатылған жапырақ тақталары қайтадан жазылып, таспа тәрізденіп өзінің бұрыңғы қалпына келеді.
Астық тұқымдастары устьице құрылысының өзінідік ерекшеліктері — жанаспалы клеткалардың гантель (екі ұшы енді, жіңішке түтікпен қосылған) пішінді болуы. Әрбір жанаспалы клетканың енді бөлігі хлоропластары бар жұқа қабықшалы, ал жіңішке орталық бөлігі хлоропластарсыз қалың қабықшалы. Жанаспалы клеткаларда тургор көтерілген кезде жүқа қабықшалы, енді бөлімі ұлғаяды да орталық қалыңдаған бөлігі бір-бірінен қашықтап, устьице саңылауы ашылады.
Астық тұқымдастар жапырағының мезофилі бағаналы және борпылдақ ұлпаларға жіктелмеген, бірыңғай ассимиляциялық ұлпа — хлоренхимадан тұрады.)
Астық тұқымдастардың жапырағында өткізгіш шоқтардың ірілері бір-біріне параллель орнасалады да, ұсақтары олардың арасын көптеген анастомоздар (қатар орналасқан екі шоқты қосатын трахеидтерден тұратын көпірлер) түзеді. Өткізгіш шоқтары астық тұқымдастардың біразында (мысалы, жүгері, тары) хлорофилді клеткалармен қапталып тұрады, ал басқаларында мысалы, бидай, сұлы, арпа, қоңырбас клеткаларының ішкі қабырғалары тозданатын эндодермаға ұқсас қорғаныш қынаппен қоршалған. Астық тұқымдастардың жапырағында механикалық ұлпалар дамыған, әсіресе құрғақшылық жағдайда өсетін өкілдерінде склеренхима жақсы жетілген.
Көптеген дара жарнақтылардың жапырақтарында өндірісте практикалық мәні бар склеренхималық талшықтар болады. Мысалы, рафии пальмасы мен агава жапырақтарынан бақ өсіру шаруашылығында қажетті материалдар жасалады. Жаңа Зеландия зығырының жапырақтарынан алынатын талшық тоқыма өнеркәсібінде пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |