Сабақ және тамырмен салыстырғанда құрылысы дорсовентральды латынша dorsum


ЖАПЫРАҚТЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ



бет2/9
Дата09.01.2022
өлшемі38,3 Kb.
#110537
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жапырақ лекция Word

ЖАПЫРАҚТЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жапырактың негізгі бөліктері. Жапырақ, жапырақ тақтасы (алақаны), сағақ, бөбешік жапырақтар, қынап, тілше және т.б. бөліктерден тұрады. Бұл аталған бөліктер барлық өсімдіктердің жапырағында бірдей кездесе бермейді.

Жапырақтың негізгі бөлігі — оның тақтасы. Бұл бөліктің пішіні атына сәйкес тұқымды өсімдіктердің басым көпшілігінде тақта тәрізді болып келеді және жапыраққа тән қызметтер негізінен осында жүреді. Атқаратын қызметіне сәйкес жапырақ тақтасының пішіні, мөлшері алуан түрлі болады.

Сағақ — жапырақ тақтасы мен оның негізін қосып тұратын бөлігі. Жапырақ негізі дегеніміз — жапырақ тақтасының сабаққа бекінетін төменгі бөлімі. Сағақ жапырақтың сабақта күннің түсу бағытына қарай орналасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сағақтың өткізгіш шоқтары арқылы су және онда еріген минералдық заттар сабақтан жапырақ тақтасына өтіп, онда фотосинтез жүреді. Нәтижесінде пайда болған органикалык қосылыстар сабаққ қарай жылжиды. Сағағы жоқ жапырақтар сағақсыз немесе қондырмалы жапырақ деп аталады.

Жапырақ қынабы — жапырақ тақтасының сабақты түтік тәрізді қоршап орналасқан төменгі бөлігі. Қынап жапырақты сабақпен байланыстырып қана қоймай, таяныш қызметін де атқарады және төбе бүршігін, буын аралығының қыстырма меристемасы орналасқан төменгі бөлігін ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Егер қынаптың реңі жасыл түсті болса, онда ол фотосинтезге қатынасады деген соз. Реңі мөлдір, үлпек немесе қоңыр тері тәрізді (қиякөлеңдерде) қынаптар да бар. Қынапты жапырақ негізінен астық тұқымдастарға тән. Жапырақ негізінің пішіні әр түрлі. Кейде ол айтарлықтай байқалмайды немесе шамалы ұлғайып, қалындап кетеді, мұны жапырақ жастықшасы деп атайды. Мысалы, саумалдықта осындай. Кейбір өсімдіктерде (шатыршагүлділерде) жапырағының негізі немесе сағағы ұзына бойы не көлденең өсіп ұлғаяды да қобыланып бітеді, мұндай жапырақты қобылы жапырақ, деп атайды

Көптеген өсімдіктердің жапырақ негізінен ерекше өскіншелер өсіп шығады, олар бөбешік жапырақтар деп аталады. Олар кішкентай жапырақшалар, тікенектер пішіндес, үлпек қабыршақ тәрізді болады. Бөбешік жапырақтардың көлемі әдетте кішілеу (жоңышқа, беде) келеді. Ал кейбір өсімдіктерде, мысалы, асбұршақта ол кәдімгі жапырақтардан ірі. Чинаның кейбір түрлерінің (жапырақсыз чина) жапырақ тақталары мүлде өзгеріске ұшыраған. Мұндай жағдайда фотосинтездің жүруі, органикалық заттың түзілуі тек қана бөбешік жапырақтардың үлесіне тиесілі. Бөбешік жапырақтар бос немесе сағаққа кірігіп, кейде жапырақтың ішкі жағына қарай ауысып, қолтығыңда өседі. Осыған сәйкес оларды қолтық бөбеіиік жапырақтар деп атайды.

Бөбешік жапырақтар негізгі жапырақ тақтасынан гөрі ертерек жетіліп, бүршік жабынының құрамын түзеді. Алайда олар бүршік ашылған кезде түсіп қалатындықтан, оларды ересек өркеннің толық жетілген жапырақтарыңда кездестіру қиын. Мысалы, жөке ағашы, қайың, емен, мойын және көптеген ағаштар мен бұталарда солай. Кейбір өсімдіктерде бөбешік жапырақтар кірігіп сабақты қоршап, етіктің қонышы тәрізді қуыс түтік (расруб) түзеді. Бұл тараңдар тұқымдасының өкілдеріне жататындардың бәрінде кездеседі (мысалы, қымыздық).

Астық тұқымдасының басым көпшілігінде қынаптың жапырақ тақтасына жалғасқан жерінде т і л ш е деп аталатын кішірек жұқа үлпек қабыршақ көрінеді. Осы буындағы жапырақ тақтасының екі бүйірінен сабақты тығыз қаусырған жіңішке екі өскінше жетіледі, бұлар құлақшалар деп аталады. Тілшелер мен құлақшалардың пішіні астық дақылдарында алуан түрлі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет