Сабақ жоспары 1-2-сабақ 1-тақырып. Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер Күні: Сабақ тақырыбы



бет24/56
Дата10.12.2019
өлшемі3,28 Mb.
#53381
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
Байланысты:
5 класс поурочка (1)

5-сынып. Мұғалім кітабы





Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




6. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Айтылым. Болымсыз етістіктерді табады, жасалу жолдарын түсіндіреді, болымды етістікке айнал- дырады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Диалог құрады.

IV. Бекіту

Топтық жұмыс. «Сөзтізбек» ойынын ұйымдастырады. Мұғалім оқушыларды үш топқа бөледі, тақырыпқа қатысты бір сөз береді.

Әр оқушы берілген сөзге бір сөз қосып, соңында тақырыпқа қатысты бір мәтін құрастырады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.

7-8-сабақ



Сабақ тақырыбы:


Абай. Ғылым таппай мақтанба.



Білімділік:

Тақырыптың аясында қазақша мәтіндерді талдау арқылы жаңа сөздерді меңгерту, қазақтың ұлы ақыны жайлы ақпараттық ұғымын кеңейту.

Дамытушылық:

Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:

Қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Абай Құнанбайұлы туралы ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы Абай шығармашылығы жайында айтады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы Сөйлесімге келеді.

Жаңа сөздер:

Мақтанба, қашық бол,асық бол,адам болу,өсек, өтірік, мақтаншақ,бекер мал шашпақ, бес дұшпан, талап, терең ой, қанағат, рақым,асыл іс.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, «Абай Құнанбайұлы» туралы дере- кті фильм, «Желсіз түнде жарық ай» әнінің күйтабағы, Абай Құнанбайұлының суреті, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, суреттер, кесте, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл күйді анықтау» тренингі, диаграмма, фотоколлаж, жұптық жұмыс, «Т-кестесі» тәсілі, «Жеке әңгіме» техникасы.

88


Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.




Тапсырмалар:


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.

Өткен сабақты тек- серу

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақтаға Абай Құнанбайұлының суреті ілінеді. «Желсіз түнде жарық ай» әнінің күйтабағын қояды, интерактивті тақтадан «Абай Құнанбайұлы» туралы деректі фильмді көрсетеді. Ой қозғау сұрақтарын қояды: Балалар, біз қандай дерек- ті фильмді тамашаладық? Абай Құнанбайұлы жайлы не білесіңдер?

Әуенді тыңдайды, деректі фильмді көреді, сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс.

А) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 1-тапсырманы орындатады.



Тілдесім. Сұрақтарға жауап береді.

Ә) Оқылым. Сөйлесім. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырма- ны орындатады.

Оқылым. Сөйлесім. Жазылым. Мәтінді оқиды, диаграмманы толтырады.

Б) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орында- тады.

Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, қою қаріппен жазылған сөздерді қазақ тіліне аударады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мә- нерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым.

Оқылым. Өлеңді мәнерлеп оқиды, бо- лымсыз етістіктерді табады, өзі қалаған екі шумағын жаттайды.



Ә) Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 5, 6-тапсырманы орындатады.

Айтылым.

Жазылым. Сөйлем құрайды, болымсыз етістіктерді болымды етістікке айнал- дырады.



Б) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орында- тады.

Оқылым. Айтылым. Өлеңді тағы бір рет оқиды, берілген сөздерден жақсы адам болу үшін қажет сөздерді тауып, жауап береді.



89


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




В) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 8-тапсырманы орындатады.

Жұптық жұмыс. Сөйлемді өлең жолда- рымен салыстырады, қазақ тіліне аударады.

4. Сергіту сәті. «Әлемге танылған Абай» тақырыбы бойынша фотоколлаж жасатады.

Топтық жұмыс. Фотоколлаж жасайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Тілдесім. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Жұптық жұмыс. Өлеңді оқиды, Абай айтқан бес жақсы нәрсе мен бес жаман нәрсені анықтайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Абайдың өлеңі бойынша өз ойын айтады.

IV. Бекіту

Мұғалім оқушыларға «Т-кестесі» тәсілін пайдалану арқылы тақтаға тақырып бойынша 2-3 негізгі сөз не сөз тіркесін жазып, пайдалы, зиянды жақтарын сипаттауларын сұрайды.

Берілген сөз, сөз тіркестерін сипаттай- ды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді

9-10-сабақ



Сабақ тақырыбы:


Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?



Білімділік:

Модуль бойынша шағын әңгімелер құрау арқылы тақырыпқа қатысты алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық:

Сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы ақпараттық-танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): модуль аясында қазақша сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында меңгерген жаңа ұғымдардың мағыналарын түсінеді, сөйлесім әрекетінде орынды қолданады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): қазақ тілінде модульге қатысты мәтін құрайды.

Негізгі түсініктер:

Ұлттық кітапхана, кітап қоры, Абайдың қолжазбалары, дана сөздер, рухани байлық.

90


6-тақырып. Әлемдегі ірі кітапханалар


Сабақта қолданы- латын материалдар:


Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, тақырыпқа қатысты буклеттер, салыстырмалы кесте, парақшалар, желімқағаздар.



Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, Атомдар мен молекулалар» ойы-

ны, «Сөздерден әңгіме құрастыру» тәсілі, жұптық жұмыс, диалог, кластер, Шағын шолу» тәсілі,



«Жағымды сөздер» тәсілі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен- жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.

Өткен сабақты тек- серу

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақ- тарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

«Атомдар мен молекулалар» ойынын ұйымдастырады. Оқушылар арасынан жүргізуші сайлайды.

Жүргізуші «атомдар» дегенде оқушылар бір- бірімен араласып жүреді. Егер «молекулалар» деп айтып, бір санды атаса, оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға бірігеді. Жеке қалған оқушылар тақырыпқа қатысты айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, жұмбақ жасырады, т.б.

1. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, әр сөйлемге сұрақ қояды, қою қаріппен берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтан- дыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Шағын мәтін жазады.

Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қа- былдауға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

2. Сергіту сәті. «Сөздерден әңгіме құрастыру» тәсілін пайдаланып, әр оқушыға модульге қатысты бір-бірден сөз айтуларын сұрайды. Оқушыларды шағын топтарға бөледі. 2 минут ішінде тақырыпқа қатысты ауызша әңгіме құрауларын сұрайды.

Оқушылар әрқайсысы бір-бір сөзден айтады, әңгіме құрайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Тілдесім. Төрт елдің ұлттық кітапха- налары туралы мәлімет табады, салыстырмалы кесте жасайды, диалог ұйымдастырады.

IV. Бекіту

«Әлемдегі ірі кітапханалар» тақырыбында кластер құрғызады.

Кластер құрады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін,сөйлемдерін параққа жазады.


91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет