5-сынып. Мұғалім кітабы
6-тақырып. Әлемдегі ірі кітапханалар
1-2-сабақ
-
Сабақ тақырыбы:
|
Кітап — бағалы сыйлық.
|
Білімділік:
|
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Лексикалық тақырып аясында болымды және болымсыз етістіктер меңгерту.
|
Дамытушылық:
|
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін дамыту.
|
Тәрбиелік:
|
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерий- лері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпарат береді, сыныптастарымен тілдеседі.
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы кітапхананы, өзі оқитын кітаптарды сипаттайды.
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы Сөйлесімге келеді.
|
Жаңа сөздер:
|
Дана сөз, дүние жинамайды, шағын, қызықты мәліметтер, ақпарат, табасың, таппайсың, бөле, ұқыпты ұстау, рұқсатымен.
|
Сабақта қолданы- латын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, смайликтер, тақырыпқа қатысты буклеттер, өзара бағалау парағы.
|
Оқыту әдістері:
|
Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, жұптық жұмыс, «Қос жазба» күнделігі, «Тірек сөздер» стратегиясы.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
|
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушы- лықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, интерактив- ті тақтадан кітапхана бейнеленген слайдтарды көрсетеді. Сипаттап берулерін сұрайды.
|
Слайдтарды сипаттайды.
|
82
6-тақырып. Әлемдегі ірі кітапханалар
-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
|
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
|
Ә) Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орында- тады.
|
Айтылым. Жазылым. Етістіктерді табады, түбірін, қосымшаларын анықтайды.
|
3. Тілдік бағдар. Болымды және болымсыз етістіктер меңгертеді.
|
Болымды және болымсыз етістіктер меңгереді.
|
4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Мәтіннен болымды, болымсыз етістіктерді табады, қарамен жазылған етістіктердің түбірі мен қосымшасын анықтайды.
|
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Үш нұсқаның ішінен қажетті сөздерді таңдап жазады.
|
Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Бірсөйлемге әртүрлі сұрақ қойып айтады.
|
В) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орында- тады.
|
Жазылым. Айтылым. Мәтін мазмұны бойынша «Қос жазба» күнделігін толты- рады.
|
Г) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 8-тап- сырманы орындатады.
|
Тілдесім. Диалог құрады.
|
Сергіту сәті. Мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастырады.
|
Топтық жұмыс. Әр топ кітапқа қатысты мақал-мәтелдер, ұлы адамдардың айтқан сөздерін келтіреді. Қай топ көп айтса, сол жеңімпаз болады.
|
6. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақ- паратты қабылдауға машықтандыру үшін 9-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Қажетті сөздерді қойып, мақалдарды толықтырып айтады.
|
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 10-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазады.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.
|
Тілдесім. Диалог құрады.
|
IV. Бекіту
|
«Тірек сөздер» стратегиясы бойынша оқушыларға тақырыпқа қатысты бірнеше сөз береді, ауызша сөйлем құрауын тапсы- рады.
|
Сөйлем құрайды.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойын- ша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
|
Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.
|
83
Достарыңызбен бөлісу: |