-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
IV. Бекіту
|
Топтық жұмыс. «Сөзтізбек» ойынын ұйымдастырады. Қатар бойынша үш топқа бөледі. Әр топқа бір сөзден береді.
|
«Сөзтізбек» ойынының шартын орын- дайды: әр оқушы берілген сөзге
бір сөз қоса отыра, «Ә. Тәжібаев» тақырыбына мәтін құрайды.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
|
«Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.
|
|
VII. Рефлексия
|
Мұғалім күннің шапақтары салынған карточка таратады.
|
Күннің шапақтарына сабақта не үйренгендерін жазады.
|
11-12-сабақ
-
Сабақ тақырыбы:
|
Сырдың сұлу өзені
|
Білімділік:
|
Қазақ тіліндегі нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы Сырдария өзені жайлы ақпарат беру.
|
Дамытушылық:
|
Қазақша сипаттау мәтіндері арқылы оқушылардың қоршаған ортаға деген танымдық қызығушылығын арттыру.
|
Тәрбиелік:
|
Тілдік коммуникация барысында экологиялық тәрбие беру.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Сыр өзені жайлы айтады, тақырып бойынша мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): ақынның Сыр өзеніне арнаған өлеңін талдайды, өзен жайлы қосымша мәліметтер береді.
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен тақырып аясында тілдеседі, сұхбат құрады, шағын мәтін құрайды.
|
Жаңа сөздер:
|
Әлдилеу, жырлау, ел анасы, құшақ, жасару, ақ шаш түспеу, қол жетпеу, қайрат, тең болу.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақта, «Қазақстан сулары» деректі фильмі, тақырыпқа қатысты суреттер, Ә.Тәжібаевтың суреті, кітап көрмесі, А4 парағы, маркерлер, смайликтер, парақшалар, желімқа- ғаздар.
|
Оқыту әдістері:
|
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, диаграмма, диалог, рөлдік ойын,
«Шағын шолу» тәсілі, «Жағымды сөздер» тәсілі.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, «Атамекен» географиялық энциклопедия- сы. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.
|
78
5-тақырып. Су — тіршілік көзі
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басын- да оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
|
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушы- лықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан «Қазақстан сулары» деректі фильмін көрсетеді, «Атамекен» энциклопедиясынан Сырдария өзені туралы мәлімет береді.
Сырдария — Орталық Азияның ірі өзендерінің бірі. Бастауын Орта Тянь-Шань сілемдерінен алады. Нарын мен Қарадария өзендерінің қосылған жері Сырдария деп аталады. Арал теңізіне құяды. Жал- пы ұзындығы — 2219 км. Өзенде сазан, көксерке, ақмарқа, жайын, т.б. балықтар кездеседі...
|
Деректі фильмді көреді, мәліметті тыңдайды.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Олар- ды оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс ай- тылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
|
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тап- сырманы орындатады.
|
Жазылым. Диаграмманы толтырады.
|
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машық- тандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Суреттегі адамдар туралы айтады.
|
Б) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.
|
Оқылым. Жазылым.
Мәтінді оқиды, сан есімдерді табады, сөзбен жазады.
|
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Өлеңді тыңдайды, мәнерлеп оқиды, түсінгенін айтады.
|
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машық- тандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді.
|
Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 6-тап- сырманы орындатады.
|
Жазылым. Сөйлем құрайды.
|
4.Мәтінсоңы жұмыс. Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қа- былдауға машықтандыру үшін 8-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Қате жазылған сөйлемдерді табады, себебін түсіндіреді.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Мұғалім оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды.
|
IV. Бекіту
|
Рөлдік ойын. Мұғалім оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.
|
Рөлдік ойын шартын орындайды.
|
79
Достарыңызбен бөлісу: |