Сабақ жоспары №4
Мамандығы: 0518000 «Есеп және аудит»
Өтетін күні: 15 ақпан 2016ж
Пән атауы: Бухгалтерлік есеп
Оқу тобы: ЕА-21
Өткізілетін орны: №24 дәрісхана
Сабақтың тақырыбы: «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының
есебі»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Білім алушыларға өзіндік балансы бар және меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды болып табылатын әрбір субьект ақшалай қаражаты сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерге ағымдағы шоттарын ашу, шотты ашу үшін ұсынылатын құжаттар, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі формалары, синтетикалық, аналитикалық есебі туралы жалпы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Сабаққа белсенділіктерге арттыру мақсатында ізденугге, қосымша материал пайдалануға дағдыландыру. Есеп шығару арқылы білім-білік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Өз мамандығына деген жауапкершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, тазалыққа, дәлдікке, қазіргі заманға сай ақпаратты толық меңгеруге тәрбиелеу.