Сабақтың тақырыбы: Адамның шығу тегі, этностардың пайда болуы, әлемнің этникалық картасы.
Сабақ жоспары: 1.Адамның шығу тегінің теориялары. Адамның маңызын тарихи іздеу
2. Ұлт және этнос
1. Адамның ғарыштық тұжырымдамасы.Көне құжаттарды, аспан жараты-лыстарының пайда болуы туралы библиялық мәтіндерді талдау, Пасхааралын-дағы мүсіндер сияқты табиғи объектілерді зерттеу негізінде, жерден тыс өрке-ниет өкілдерінің Жерге келу (палеовизит) мүмкіндігі туралы тезис ұсынылады.
Ғарыштық келімсектер ер және әйел адамдардың пайда болуына мүмкіндік туғызды, өйткені адамзаттың қалыптасуына және дамуына қозғау салды деп жорамалданды. Палеовизит тұыжырымдамасы XXI ғасырда да өзінің жолын қуушыларды тапты.
Діни-мифологиялық тұжырымдама. Мифология алдыңғы ұрпақты "адастыру нысаны" ретінде емес, бірақ адамның өзін-өзі тануының маңызды сатысы ретінде қарастырылады.
Құдай көне египеттік философияда адамды қыш ортасында балшықтан жасайды, осы ұқсас түсінік шумер мифіне тән болып табылады. Антикалық дәуірде адамның пайда болуы оның Ғарышпен өзара байланысына немесе "микроғарышпен" (адаммен) және "макроғарышпен" (табиғатпен) өзара байланысы бірыңғай тұтастық ретінде қарастырылды.
Христиандық шеңберінде адамзаттың тұтастығы, оның Құдаймен қатынасы туралы ілім тұжырымдалды.
Адамды, Қасиетті жазу бойынша Құдай дүниені жаратқаннан кейін соңғы (алтыншы) күні жаратты. Христиандық антропология адамды табиғат (биологиялық) және табиғаттан тыс (теологиялық) салада шектейді. Адам дене, жан, рухтан тұрады. Адамның дене өмірінің басқа жанды тіршілік иелерінен айырмашылығы болмайды. Жан кез келген тірі ағзада болады. Рух - тек оған ғана тән адамның жоғары көрінісі. Рухтың пайда болуы әрбір адамның өмірінде "басшылық бастауы" болуы тиіс.
Біріншіден, адамға жаратушы мен жаратылыстың, рух пен дененің, екіншіден, оған сәйкес тек адам оның барлық нысандарындағы дамудың бастапқы нүктесі болып табылатын антропоцентризмнің қарама-қайшылығы ретіндегі дуализм (қосарланушылық) тәсілінің негізі қаланды.