Тапсырма – 1: Тиынды 20 рет лақтырып, сынаудың қорытындысын жазыңдар.
Мұғалімнің нұсқауы әрбір топқа үлестіріледі: 1. Мұнда келтірілген деректер саны 20-ға тең. Яғни таңдама көлемі n=20
2. Көрсеткіштердің ең кіші, ең үлкен мәндерін табыңыз.
Ең үлкен мәннен ең кіші мәнді азайтыңыз. Бұл таңдама құлашы. 3. Енді келтірілген мәліметтерді әртүрлі қандай мәндер барын өсу ретімен жазыңыз.
Бұл тізбекті ығыспалы қатар деп атайды. Ығыспалы қатардың әрбір элементі нұсқалық болып табылады. Берілген деректерді оқып үйрену үшін әрбір нұсқалықтың жиілігін анықтау қажет. Нұсқалықтың жиілігі – таңдама құраманда неше рет кездесетінін санын айтады.
4. Жоғарыда мәліметтер нәтижесінде ығыспалы қатардың жиіліктер кестесін анықтаңыз.
Тапсырма – 2: 1. Салыстырмалы жиілігін табу үшін нұсқалықтың жиілігін таңдама көлеміне бөліңіз.
Ығыспалы қатардың салыстырмалы жиіліктер кестесін құрыңыз.
xi (нұсқалық)
Wi (салыстырмалы жиілігі)
2. Таңдаманың орта мәнін табу үшінтаңдама мәндер қосындысын таңдама көлеміне бөліңіз.
3. Таңдама жиілігі ең көп мәнін оның модасы деп аталады. Өзіңіздің мәлеметтен моданы табыңыз.
4. Таңдама мәнін өсу ретімен жазып, медианасын табыңыз. Егер таңдама медиана тақ болса ортаңғы элементін, жұп болса ортаңғы екі элементтің арифметикалық ортасын табыңыз. Оны есептеу үшін оқулықтағы (131 бет) кестені пайдалаңыз.
5. Кездейсоқ таңдаманың графиктік бейнесін салу үшін оқулықтағы 4.1 суретті басшылыққа алып жиілік алқабын тұрғызыңыз.
Дескриптор:Білім алушы
Ығыспалы қатардың салыстырмалы жиіліктер кестесін толтырады;