Сабақ жоспары: Алгебра 8 сынып Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы



бет6/9
Дата04.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#173703
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Мәре сызығы. ЖАРАЙСЫҢДАР!!!
Дескрипторлар: Білім алушы

  1. «MicrosoftExcel» бағдарламасында жиілік кестесін құрайды .

  2. Мастер диаграммында график түрін анықтайды.

  3. Мастер диаграммында бастапқы деректерді көрсетеді.

  4. Мастер диаграммында гистограмма салуды аяқтайды.

Әрі қарай оқушылармен талқылау жүреді.
ҚБ: Жұдырық-Алақан
-егер оқушылар мақсаттарға және күтілетін нәтижеге қол жеткізгендігіне сенімді болса -ашық алақан
-егер оқушылар мақсатқа жартылай ғана жетіп ,бірақ әлі де болса үйрену керек деп санаса-үш саусақ
-егер оқушылар елеусіз ғана табысқа жетсе немесе мақсатқа жету үшін елеусіз жұмыс істесе -жұдырығын көрсетеді.


ІІІ. Саралаудың «Тапсырма» тәсілі
Белсенді оқу әдісі «Ойлан – жұптас - бөліс».
Тапсырмаларды топтарға таратып беремін, оқушылар алдымен жеке ойланады, содан кейін жұп болып талқылайды, шығарады және есептерін тақтаға жазады.
«Деңгейлік тапсырмалар».
А деңгейі.
15.1.
Сыртқы жиынтық бағалау тапсырудың алдында оқушылар бір емтиханды өздері таңдаған пән бойынша тапсыруы керек. Таңдау физика, химия, биология және информатика пәндері арасында өтеді. Оқушылардың қай пәнді таңдайтыны туралы сауалнама өткізіліп, 50 оқушыдан алынған жауап қорытындысы мынадай болды: (ф – физика, х – химия, б – биология, и – информатика)
ф, б, ф, ф, х, х, ф, и, ф, и, х, и, и, б, б, и, ф, х, ф, х, ф, х, ф, ф, х, ф, х, ф, и, ф, ф, х, ф, ф, х, ф, х, ф, х, х, ф, х, и ф, ф, ф, б, б, х, и.
Ығыспалы қатардың салыстырмалы жиілік кестесін құрып, таңдаманың модасын, медианасын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы

    • Жиіліктер кестесін құрады;

    • Салыстырмалы жиілігін табады;

    • Таңдаманың модасын, медианасын табады.

ҚБ «Қошеметтеу» әдісімен өзін –өзі бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет