Сабақтың басы
(5 мин)
|
- Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті оқушыларым!
Оқушылармен амандасып алған соң, сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін «Ақтілек» тренингі арқылы оқушылрадың көңіл-күйлерін көтеріп аламын.
Интерактивті тақтада берілген суреттер арқылы жаңа тақырыпты болжау.
|
Оқушылар орындарынан тұрып, келген ұстаздармен амандасады.
Амандасып болған соң, менің қойған сұрақтарыма жуап береді.
Суреттер арқылы тақырыпты болжайды. Өз нұсқаларын айтады.
|
Мадақтау
Жарайсыңдар, балалар!
|
Таныстырылым №1
Таныстырылым №2
|
Сабақтың ортасы
(30 мин)
|
Жаңа сөздерді меңгерту:
Немен? – чем?
Бос уақыт – свободное время
Шұғылдану – заниматься
Қолданады – применяет, использует
Жаңа сөздерді меңгерту мақсатында бірнеше рет қайталатып, айқызамын.
Тыңдалым тапсырмасы.
Әлібек бос уақытында күреспен шұғылданады. Ол дүйсенбі, сәрсенбі күндері жаттығуға барады. Жаттығу бесте басталады.
Әнел бос уақытында бимен шұғылданады. Ол лента қолданады. Әнел бейсенбі, жұма күндері биге барады. Жаттығу төртте басталады.
Әлібек пен Әнел бос уақыттарын дұрыс пайдаланады. Сен бос уақытыңды дұрыс пайдаланасың ба?
Айтылым.
«Кофе таяқшалары» әдісі арқылы мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу.
1. Әлібек бос уақытында немен шұғылданады?
2. Ол дүйсенбі, сәрсенбі күндері қайда барады?
3. Әлібектің жаттығуы сағат нешеде басталады?
4. Кім бос уақытында бимен шұғылданады?
5. Әнел би билегенде не қолданады?
6. Әнел аптаның қай күндері биге барады?
7. Кімнің жаттығуы төртте басталады?
8. Сен бос уақытында не істейсің?
Дескриптор:
Сұрақтарды оқиды – 2 ұпай
Сұрақтарға жауап береді – 2 ұпай
Орфоэпиялық заңдылықтарды сақтайды – 1 ұпай.
Айтылым. «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы оқыған мәтіннің мазмұны бойынша суреттер оқиғасын ретімен қоюлары керек.
Жазылым.
«Сиқырлы қалам» әдісі арқылы 81-беттегі 6-тапсырманы орындайды. Ол үшін көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жаз.
Қажетті сөздер: шұғылданады, бос уақытында, ..., қолданады, ... төртте, бимен.
1. Әлібек күреспен ... .
2. Әлібек ... ... күреске барады.
3. Әнел ... шұғылданады.
4. Жаттығу ... басталады.
5. Әнел лента ... .
Дескриптор:
Қажетті сөздерді қояды – 2 ұпай
Барлық сөйлемді дұрыс жазады – 2 ұпай
Грамматикалық қателер – 1 ұпай.
|
Сөздік дәптерлеріне жаңа сөздерді аудармасымен жазып алады.
Сөздерді бірнеше рет қайталайды.
Оқушылар тыңдалым мәтінін мұқият тыңдайды. Мұғалімнің көмегімен мәтінді орыс тіліне аударады.
Тақтада ілініп тұрған кофе таяқшаларында жасырынып тұрған сұрақтарға жауап береді.
Тақтада кір жаятын жіпте ілулі тұрған суреттерді мәтін бойынша ретімен қояды.
Берілген карточкаға тиісті сөздерді қойып жазады.
|
Мадақтау
Жарайсыңдар, балалар!
Дұрыс таптыңыздар.
Мадақтау
Жарайсыңдар!
Ұпайы бар смайликтер таратылады
Дұрыс орындаған оқушыларға ұпайы бар смайликтер таратылады
Дұрыс орындаған оқушылар ұпайы бар смайлик алады.
|
Таныстырылым №3
Таныстырылым №4
Таныстырылым №5
Таныстырылым №6
Таныстырылым №6
Оқулық, дәптер
|
Сабақтың соңы
(5 мин)
|
Рефлексия
«Бос құты».
Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай білім алғандарын бос құтынын ішін бояулары арқылы көрсетеді. Кез келген түрлі-түсті қарындаштардың көмегімен құтыны алған білімдеріне сай бояйды.
Сабақты толық түсінсе – құтыны толық бояйды.
Сабақ сәл-пәл түсініксіз болса – құтыны орта белінен бояйды.
Бүгінгі сабақты мүлде түсінбесе – құтыны боямайды.
Бағалау. Жинаған смайликтерінің артындағы ұпайларды бір-біріне қосып, бүгінгі сабақта ие болған ұпайын айтады.
10-8 – «5»
7-5 – «4»
4-3 – «3»
|
Оқушылар түрлі-түсті қарындаштардың көмегімен бос құтыны алған білімдеріне сай бояйды.
|
Мадақтау
Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабақта белсенділік таныттыңыздар!
|
Түрлі-түсті қарындаштар
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.
|
Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.
|
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|