Тақырыбы: Фондық патологиясы бар балаларды диспансерлеу (4 сағат).
Сабақ жоспары: 1.Фондық аурулар;
2.Олардың дамуы, профилактикасы;
3Диспансеризациясы.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:Студенттердің фондық патологиясы бар балаларды диспансерлеу сұрақтары бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың мазмұны: Диспансерлеуге жататын аурулар тізімі арнайы бекітілген методикалық ұсыныстарында келтірілген. Диспансерлік науқастың негізгі құжаты- баланың даму тарихы (112/у формасы), оның қабына түсті белгі (маркировка) жасайды. Диспансерлеуге жататын бар балаға бақылау картасын толтырады (030/у есеп формасы) даму тарихындағыдай белгімен. 030/у формасы сауықтандыру шараларын жоспарлап, есепке алуға қажет. Баланы бөлімшелік дәрігердің жоспарлы қарауы екі формаға да тіркеледі. Оны тексергенде алдын-алу және емдеу сауықтандыру шараларын жақындағы айларға тағайындайды.
Бақылау карталарын жәшіктерде бөлімшелер бойынша қайта тексеру мерзіміне сай сақтайды, бұл сауықтандыру- алдын алу шараларын уақытында өтуін қадағалап, есептен шығаруға мүмкіндік береді. Бар бақылау карталары диспансерлеуге жауапты бөлімшелік педиатрде болады. Ірі емханаларда мамандарда (ревматолог,нефролог, пульманолог т.б) карта дубликаты болады.
Емдеу мен алдын алу шараларында жалғастырушылық (преемственность) болу үшін бөлімшелік педиатр мен әр профильді мамандар мезгілмен бірігіп даму тарихы мен бақылау картасындағы мәліметтерді ескере отырып, бала денсаулығына талдау жүргізеді.
Балалар мекемесі мен мектепке баратын балаларды осы мекемелерге қызмет көрсететін педиатр диспансерлік есепке алады. Бірақ бөлімшелік педиатр 030/у формасының дубликатын жасап, өз бөлімшесіндегі әр баланың диспансерленуі мен алдын алу шараларын қадағалап отырады. Ауылдағы балаларды педиатр-дәрігер диспансерлейді, ол болмаған жағдайда – сол ауылға дәрігерлік қызмет көрсететін дәрігер қарайды. Диспансерлеуге жауапты дәрігер кемінде айына 1 рет әр ФАП-қа барып тұруы керек. Ауылдық аудандарда диспансерлеуді ұйымдастыруда көшпелі балалар емханасы типті ұйымдастырылған аудандық және облыстық мамандардың бекітілген баруының маңызы зор. Мұнда диспансерлік топқа енген науқастарға кеңес беріледі. Мамандар барар алдында ФАП қызметкелері қарауды қажет ететін балаларды ұйымдастыру жөнінде жұмыс жүргізу керек.
Қалада балалар диспансерленуіне дәрігерлік бақылауды емханалық бөлімшеде ішінара диспансерлік бақылаудың эксперттік бағалауын жүргізеді. Мұнда ауруды уақытында анықтауға, құжат бағалау, қайталауды болдырмау емін уақытында өткізуге және асқыну кезеңіндегі емге, жергілікті санаторийлерді, арнайы мектеп-интернаттарды, демалу лагерлерін, санаторлы палаталарды пайдалануға көңіл аударылады. Экспертті бағалау нәтижесін емдеу-алдын алу мекемесінің медициналық кеңесінде тыңдалады. Диспансерлік бақылауды ұйымдастырудың нәтижелілігі ме сапасын сипаттайтын көрсеткіштері «Есепке алу және есеп берудің медициналық құжаттары» бөлімінде көрсетілген.