Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Талапты ауылы
Талапты орта мектебі
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Туменбаева Раушан Наурызбаевна
Бөлім:
|
ІІ. Таным қуанышы
|
Педагогтің аты-жөні
|
Туменбаева Раушан Наурызбаевна
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылардың саны:
|
Қатыспағандардың саны:
|
Сабақтың тақырыбы №7
|
Адам бақыты
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары
|
Рухани даму, адам жанының сұлулығы, қадір-қасиеті, бақыт, қарым-қатынас, келісімге келу, жағымды ойлау, өмір үйлесімділігі, өмірдің мәні- ұғымдарының мәні және мазмұнын ұғынады.
|
Құндылық:
|
Ішкі тыныштық
|
Қасиеттер:
|
жағымды ойлау, ізгілік, ризашылық, мейірімділік,
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушыларға жағымды ойлау, ізгі қарым-қатынас арқылы бақытты өмір сүрудің маңыздылығы түсіндіре отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
|
Сабақтың міндеттері:
Білімділік
Дамытушылық
Тәрбиелік
|
-оқушыларға «бақыт», «бақытты болу» ұғымдарының мәнін ұғындыру;
-оқушылар бойындағы ризашылық, жағымды ойлау қасиеттерін дамыту;
-оқушыларды ізгілікке тәрбиелеу;
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/ Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
1.Жағымды көңіл күй
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді. 5Т ережесін оқушылардың есіне түсіреді;
Мұғалім оқушылармен бірге «Тауға саяхат» жағымды көңіл күйге келу жаттығуын орындайды. (Мұғалім шығармашылығынан)
Көзіңізді жұмып, терең дем алыңыз. Қазір біз табиғаты тамаша тауға саяхатқа шығамыз. Сіз тауға қарай бет алдыңыз. Алдыңыздан керемет тау көрінді. Тауға жақындап келеміз. Таудың етегі көк майса шөптер мен неше түрлі гүлдерге толы. Сіздің мұрныңызға тау гүлдерінің хош иісі келеді. Сіз құмарта иіскеп, тынысыңыз ашылып, одан ары көтеріле түстіңіз. Енді таудың орта беліне де келіп жеттіңіз. Мұнда бұталар мен неше түрлі ағаштар, құстардың сайраған үні сіздің жаныңызға жайлылық сыйлайды. Одан ары қарай беттедіңіз, енді сіз таудың ұшар биігіндесіз. Таудың шыңынан жан-жағыңызға қарап, табиғаттың әсемдігін тамашалап тұрсыз. Таудан соққан самал жел сіздің маңдайыңыздан сипайды. Самал желмен тыныстап, бірнеше рет қайталап терең дем алыңыз. Осы жағымды көңіл күймен сыныпқа ораламыз. Көзіңізді ашыңыз.
|
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді;
5Т ережесін еске түсіреді;
Оқушылар жағымды күйге енеді.
|
Оқулық, дәптер, мұғалімге арналған әдістемелік құрал
https://www.youtube.com/watch?v=W58q59CjMqc
|
2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу)
|
Джеймс Алленнің «Адам қалай ойланады ?» мәтіні бойынша сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын тексереді.
Мәтіндегі «Адамның қол жеткізген жетістіктері-өзінің ойы мен ниеті арқылы» деген ойды қалай түсінесіздер ?
«Ойы мен ниетін жақсылыққа бағыттай алмаған адамдар бақытсыз болады ...» деген көзқараспен келісесіздер ме ? Неліктен ?
Адамның бақытты болуы, адам бойындағы қандай қасиеттермен байланысты ?
«Дәл бүгіннен бастап мен» ары қарай сөзді (ойды) жалғастырыңыз.
|
Оқушылар үйге берілген мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Өз ойларымен бөліседі.
|
Оқулық,
№7 сабақ
30-бет
|
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (әңгімелеу)
|
Мұғалім оқушыларға дәйек сөзіді оқып, дәптерлеріне жазуды ұсынады.
«Жаны мейірімге толы адам бақытты»
Пифагор
Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер ?
Сіздердің ойларыңызша «бақытты адам» бейнесі қандай ?
|
Дәйексөзді бірге 3 рет қайталап айтады, сұрақтарға жауап беру арқылы дәйексөзден түйген ойларын айтады, дәйексөзді дәптерлеріне жазады.
|
Оқулық,
№7 сабақ
29-бет
|
4. Оқиғалар айту (әңгімелеу)
|
Мұғалім «Өмірден алынған оқиға: барлығына «рахмет» айтқан Уолтер Грин» әңгімесін әңгімелеп береді.
Уолтер Грин 70 жасқа толғанда өмірінің ең үлкен, ең маңызды жобасын бастайды. Уолтер барлығын іздестіріп, бір себептермен оларға алғыс айтып, әрбіріне жеке «рахмет» айтуды жөн көреді. Бұл саяхат оның бүкіл өмірін күрт өзгертеді.
Бәрі не неден басталды дейсіз ғой? 70 жастағы зейнеткер танымал американдық теледидар жүргізуші Тим Рассеттің күтпеген жағдайда қайтыс болғаны туралы ақпаратты естіген сәттен бастап өзгереді Уолтер оны жеке таныған жоқ, бірақ оның бағдарламаларын үлкен ризашылықпен қарайтын. Тим Рассетті кездестіріп, оған жеке «рахмет» айта алмағаны үшін бұл жаңалық оны өте қыңжылтады. «Одан кейін мен өз әкемді есіме алдым, ол мен 17 жаста болғанымда қайтыс болған, мен оған көп нәрсе айтып үлгірмедім» - дейді Уолтер. – Менің өміріме ықпал еткен адамдарға алғысымды айтпай, мен өмірден осылай кеткім келмейтінімді түсіндім!».
Уолтер Грин «рахмет» айтқысы келген барлық адамдардың есімдерін блокнотқа жазып қояды. Осылай жолға шығады.
Ол 40 жыл бұрын оның бірінші кәсібіне қомақты қара-жатты құюға қорықпағаны үшін бұрынғы инвесторды іздестіріп, оған «рахметін» айтып, алғысын білдіреді. Қайырымдылық іс-әрекетіне бірінші рет қатыстырып, тартқаны, көптеген қуаныш сыйлағаны үшін бір адамды тауып алып, шын жүректен оған алғысын айтады. Бір ескі досын тауып алады, ол 35 жасында оған кеңес беріп, оның бүкіл өмірін өзгертеді екен. Сол үшін оған да алғысын айтады. Ұстаздарына және көптеген шәкірттеріне «рахмет» айтады. Өз дәрігеріне, қаржылық кеңесшісіне, достарына, достарына, кәсіптегі партнерлеріне, әріптестеріне «рахмет» айтады.
Уолтердің тізімінде барлығы 44 адам болды. Олардың арасында ең жасы 28 жаста болды, ал ең үлкені 87 жаста болды. Әр қайсысына ризашылығын жеке білдіру үшін ол бүкіл Американы аралайды, Мексика мен Африкаға барады. Әрбір кездесу Уолтерді өте қуантады. «Осы адамдарға қаншалықты риза болғанымды елестете алмадым және ризашылық білдіру ісі адам айтқысыз шаттық пен жан тыныштығын орнататынын білмедім. Қазіргі сәт өмірімнің ең бақытты сәті», - дейді Грин.
Жалпы айтқанда, «Ризашылық саяхаты» Уолтердің біржылдық уақытын алады. Үйіне оралған соң, оның ең маңызды әңгімелесуі болды. «50 жыл бойына әйеліме барлығын айтып болған шығармын деп ойладым, бірақ бұл қатынастар мен ойлағаннан да жоғары және маңыздырақ болып шықты».
Нәтижесінде Уолтер Грин 70 жасында жаңа өмірі мен маңсабына жету жолын бастайды. Уолтер өзінің саяхаты туралы кітап жазып, алғыс білдірту, «рахмет айту» адамның өмірін бақытты ететіні туралы дәрістер оқиды. Уолтер Грин адамдарға «рахмет» айтуға үлгеру керек деп есептейді.
Уолтер Гриннің бақытты болудың ережелері:
Өз-өзімен шыншыл болу қажет. Сізді не нәрсе бақытты ететінін түсінбей, бақытты болу мүмкін емес.
Жақын адамдарыңызға олардың сіз үшін қаншалықты маңызды екенін және оларға «рахмет» айту керек. Бұл қаншылықты сізді бақытты қылатынын сезінесіз.
Әр адамның үйінен 10 шақырым қашықтықта тұратын жақын адамы болады. Оның үйіне кіріп, оған алғыс айту да маңызды.
Кейде ойлайсыз: сіз ешбір маңызды іспен айналыспаймын деп, бірақ бұл біреудің өмірін өзгертуі мүмкін.
Шынайы ризашылық білдіру үшін ренжісіп қалған адамдармен де кездесуге болады.
«Рахмет» айтудың маңызы қандай?
«Рахмет» айтқың келген адамдарды естеріңе түсіріп, оларға алғыстарыңды айта аласыңдар ма? Не үшін айтасыңдар?
Ішкі тыныштықты сақтау үшін қандай әрекеттер жасау қажет?
Кейіпкер ішкі тыныштығын неден тапы ?
Уолтердің ережесін тағы қандай жолдармен толықтырар едіңіздер ?
|
Оқушылар әңгімені тыңдайды, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді
|
Мөлдір бұлақтан
162 бет
|
5.Шығармашылық жұмыс
|
Мұғалім оқушыларды топқа бөліп, оқулықтағы
1-тапсырманы орындатады.
1-топ. Бақыт деген-үш игіліктің бірдей толық болуы: бірінші-жанның, екінші-тәннің, яғни денсаулықтың, күштің, сұлулықтың, үшіншіден, сыртқы игіліктің-барлықтың, белгіліліктің т.с.с
ІІ-топ. Бақыттың мәні-парасыттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде. Адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында.
ІІІ-топ. Бақытты өмір сүру-қуанышты болу, дәулетке кенелу, рақатқа бөлену. Адамға қуаныш әкелетін оқиғалар табысқа қол жеткізу, іс-әрекеттің марапатталуы, алға қойған мақсаттың орындалуы.
|
Оқушылар топқа бөлінеді, тапсырмаларды орындайды.
Бақыт ұғымына берілген анықтамаларды оқып, шынайы бақыттың анықтамасын табады. Себебін түсіндіреді.
|
Оқулық,
31-бет
|
6. Жобалау қызметі
|
-
|
-
|
-
|
7. Үй тапсырмасы
|
Мұғалім оқушыларға Бауыржан Момышұлының «Бақыт дегеніміз не?» мәтінін оқып келуді ұсынады.
|
Оқушылар үй тапсырмасын белгілеп алады.
|
Оқулық
32-бет
|
8. Топпен ән айту
|
Мұғалім оқушылармен бірге Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Бақытғали Жұмалиннің «Бақыт деген» әнін бірге орындайды.
|
Оқушылар мұғаліммен бірге әнді орындайды.
|
Интернет желісі
|
9. Сабақтың қортынды сәті
|
Мұғалім бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді, жағымды ойларды естеріне түсіріп, бүгінгі сабаққа белсене қатысқандары үшін алғыс білдіреді.
|
Оқушылар бүгінгі сабаққа белсене қатысқаны үшін бір-бірлеріне ризашылығын білдіреді. Бір-біріне рахмет айтады.
|
Ф.Шопеннің "Мечта" аудио-жазбасы
https://zvooq.eu/
|
Тексерілді _____________________
Достарыңызбен бөлісу: |