Сабақ жоспары. Күні: 14. 02. 2015 жыл Сыныбы: 2 «б» Пәні: Өзін өзі тану Тақырыбы: «Еңбек бәрін жеңбек»



Дата21.07.2017
өлшемі51,46 Kb.
#21748
түріСабақ
Сабақ жоспары.

Күні: 14.02.2015 жыл

Сыныбы: 2 «б»

Пәні: Өзін – өзі тану

Тақырыбы: «Еңбек - бәрін жеңбек»

Сабақтың мақсаты: «Еңбек», адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Сахналау арқылы тақырыптың мазмұнын ашу. Оқушыларды қызықтыра білу.

Талаптары.

Білімділік: Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту. Өз ойларын еркін жеткізу, сөздік қорларын байыту, шығармашылық, мәнерлеп оқу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, жаман қасиеттерден алылуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.

Сабақтың – әдіс тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, баяндау, көрсету, талдау, дәлелдеу.

Көрнекіліктер: Сюжетті суреттер, дәйексөз, бауырсақ, қуыршақ суреттері, егістік плакаты, дәптер оқулық.

Пән аралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, математика.
Сабақ барысы.

Сатысы

Мазмұны

I Ұйымдастыру кезеңі. (1 минут)

Шаттық шеңбері. (1 минут)


II Үй тапсырмасы.

(15 минут)
III Мәтінмен жұмыс.

(5 минут)

Жаттығу – ойлану. (5 минут)

Тыныштық сәті (3 минут)


Шығармашылық жұмыс (5 минут)
V Дәптермен жұмыс

(3 минут)
VI Сергіту сәті

(1 минут)


VII Қорытынды.

(3 минут)

Жүректен жүрекке (1 минут)

VIII Бағалау. (1минут)


IXI Үйге тапсырма. (1минут)

  • Сәлеметсіңдер ме балалар?

  • ... (Орындарынан тұрып амандасу)

Сабақ барысын жақсы ұйымдастыру.
Әр адамның белгілі бір іске күшін, қуатын, ақыл – ойын, уақытын жұмсауын түсіндіру мақсатында оқушылардың еңбекке және оның маңызына байланысты бір – біріне тілек айту.
«Еңбексіз өмір сүрсеңіз» мысал әңгімені оқып келу.
Жақсылардың жақсысы (аңыз)

Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарып, биік, өте әдем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау – бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.

Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи жабық тұрады екен.

Сонда әкесіне қыз:



  • Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - деді.

  • Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарды әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыздың қуынышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді. Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлап тұрып:

  • Әке сен жабық бөлмеде «Жақсылардың жақсы -сы бар» деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.

  • Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, қызым!

  • Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты «жақсылардың жақсысы» дейді.

  • Балалардың жауаптары.

  • Ұршық пен өрмек болса, еңбектің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бірі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндірді әкесі.

  • Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Балалардың жауаптары.

Біз де ойланып еңбектеніп көрейік. Оқушылар екі топа бөлініп жұмыс істейді.

1 – тапсырма: Еңбек туралы мақалдарды естеріне түсіріп, мағынасын ашу.

2 – тапсырма: Н. Жанасывтың «Еңбек сүйсең» өлеңінің бір – бір шумағын оқытқызып, мағынасын түсіндіру.


Еңбек сүйсең

Салақ болсаң жасыңнан,

Шыбын кетпес қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан,

Сабын қалмас қасыңнан.
Жалқау болсаң жасыңнан,

Ұйқы қалмас қасыңнан.

Еңбек сүйсең табылар,

Бар жақсылық басыңнан.




  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайласып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толығынан сіңіріңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Суретке қарап, «Еңбек түбі береке» тақырыбында әңгіме құрастыру.


Берілген суреттерді пайдаланып, сөйлемдерді оқыңдар, суреттерді бояңдар.
Қолымызды алдымызға созайық,

Бір отырып, бір тұрайық.

Секіріп алып бір орында,

Терең тыныс алайық.




  • Біз бүгін не жайында сөз қозадық?

  • Еңбек туралы.

  • Еңбектің маңызы неде?

  • ... (оқушылардан сұрау)


Еңбек

Гүл өсірсең терлеп, Сабағыңды жөндеп,

Мұның аты – еңбек. Әзірлесең – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп, Қиындықтың бәрін,



Мұның аты – еңбек. Еңбек қана жеңбек.
Белсенділік танытып тапсырмаларды жақсы орындап, мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап берген оқушыларды тиісінше бағалау.
«Еңбек сүйсең» өлеңін жаттап келу, «Жақсылардың жақсысы» мәтінін оқып, түсінік айту.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет