|
Сабақ жоспары Күні: 24. 10. 2016ж. Пәні: қазақ тілі Сынып: 8«Ә» Сабақтың тақырыбы: Толықтауыш
|
Дата | 19.02.2017 | өлшемі | 63,91 Kb. | | #10835 | түрі | Сабақ |
| Бекітемін_________
Сабақ жоспары
Күні: 24.10.2016ж.
Пәні: қазақ тілі
Сынып: 8«Ә»
Сабақтың тақырыбы: Толықтауыш
Мақсаттары:
Тәрбиелік: ана тілін құрметтеуге,ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа,тазалыққа тәрбиеленеді.
Білімділік: толықтауыш және оның жасалу жолымен,түрлерімен танысады.
Дамытушылық: ойын арқылы ойлау,есте сақтау,шығармашылық қабілеттері дамиды.
Күтілетін нәтиже: оқушылар шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді,топпен жұмыс істей білу дағдылары дамиды.
Көрнекі құралдар: стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары,тест парақшалары,кеспе қағаздар.
Әдіс-тәсілдер: топпен жұмыс,«Ыстық орындық», ойын,тест жұмысы .
Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру
Қызығу
шылық
тарын ояту
|
5мин
|
Үй тапсыр
масын тексеру.
48-жаттығу 61-62-беттер.
Әр топтан 1 оқушыны шығарып сабақ сұрау «Ыстық орындық» әдісі
|
Оқушылармен сәлемдесу.Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.
Психологиялық ахуал орнату.
-Көңіл-күйлерің қалай?
Топқа бөлу.
|
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Топпен жұмыс жасайды.
|
Түсіну
|
15мин
|
Жаңа сабақтың тақырыбы айтылады.
46-жаттығу. Тура және жанама толықтауыштарды табыңдар.
|
Толықтауыш
Толықтауыш тұрлаусыз мүшелердің бірі.
Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін амал-әрекеті,іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін атаймыз.
Толықтауыш көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі.
|
Топпен жұмыс.
Оқушылар өздіктерінен мәтінді оқып, бір-бірімен талқылайды. Сұрақтар қояды.
Жаттығу жұмысын орындайды. Тақтаға шығып қорғайды.
|
Қолдану
|
5мин
|
«Ізденген ақыл» ойыны
1-топ Толықтауыш,сұрақтары
2-топ
Тура және жанама толықтауыш
3-топ
Дара,күрделі,үйірлі толықтауыш
|
Топтарға тапсырма беремін. Тәжірибенің орындалуын, сапалық нәтижесін айтамын.
|
Оқушылар жұмыс жасайды, түсіндіреді, Постермен айтады.
|
Сергіту сәті
|
5мин
|
«Топқа саяхат» әр топтан 1 оқушы басқа топқа қонаққа барады.
|
Тапсырма береді.
|
Топтар өзіне келген оқушыға түсінбеген сұрағы болса түсіндіреді.
|
Талдау
|
4 мин
|
Әр топқа деңгейлік тапсырмаларды тест түрінде беріледі.
|
Топ жетекшілеріне топ мүшелерін бағалау үшін критерийлер беріледі.
|
Оқушылар тест шешіп, критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі бағалайды.
|
Жинақтау
|
5 мин
|
«Сөздер сөйлесін» Әңгіме жазу
1-топ мейірімділік
2-топ адамгершілік
3-топ имандылық
|
Тарау бойынша білімдерін жинақтау үшін әр топқа тапсырмалар таратылады, тақырып арқылы әңгіме жазу тапсырылады.
|
Әр топ өзара тақырыпқа қатысты шағын әңгіме жаза отырып өз ойларын жинақтайы ортаға шығып әңгімелерін оқиды.
|
Бағалау
|
3 мин
|
Критерилері:
Үй тапсырмасы бойынша;
Жаттығу жұмысы;
Тапсырма
Топқа саяхат
Тест;
Әңгіме жазу
|
Оқушыларды мадақтау арқылы және ынталандыра отырып бағалаймын. Олардың топқа берген бағаларын тыңдаймын. Жалпы бағасын шығарамын.
|
Өзін өзі топпен бағалайды.
Оқушылар алдарына берілген бағалау парағын толтырады. Тақтаға шығып топқа баға береді. Ал қасындағылардың бағаларын ауызша айтады.
|
Рефлексия
|
2 мин
|
Стикерлер таратылады.
1.Бүгін мен не үйрендім?
2.Сабақтан алған әсерім?
3.Бүгінгі көңіл-күйім?
|
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну
|
Ұсынылған стикерді толтыру
|
Үйге тапсырма
|
1мин
|
47-жаттығу
|
Түсіндіру
|
Күнделіктеріне жазады.
|
Тест
1.Толықтауыштың байланысу түрі
А.қабысу,жанасу
Ә.меңгеру,жанасу
Б.матасу,меңгеру
2.Сөйлесуге уақыт жоқ. Толықтауыштың түрі
А.Жанама
Ә.Тура
3.Тура толықтауыштың сұрақтары
А.кімге,неге?
Ә.кімді,нені?
Б.кімнен,неден?
4.Жанама толықтауыштың сұрақтары
А.кіммен,немен?
Ә.кімді,нені?
Б.кім,не?
Бағалау парақшасы
Топтар
|
1-топ
|
2-топ
|
3-топ
|
1.Үй тапсырмасы
«Ыстық орындық»
|
|
|
|
2.Жаттығу жұмысы
Постер
|
|
|
|
3. «Ізденген ақыл»ойыны
Постер
|
|
|
|
4.Топқа саяхат
|
|
|
|
5.Тест
|
|
|
|
6. «Сөздер сөйлесін» әңгіме жазу
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|