Сабақ жоспары Күні



бет1/4
Дата26.08.2017
өлшемі2,13 Mb.
#28731
  1   2   3   4
Қазақ тілі Пән мұғалімі: Мұстафина Б.А.

қысқа мерзімді сабақ жоспары




Күні:

Уақыты:3-сабақ

Пәні:Қазақ тілі

Сыныбы: 6«Ә»

Сабақтың тақырыбы: Мезгіл үстеуі

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын технология: сыни тұрғыдан ойлау

Сабақтың әдіс-тәсілі: танымдық ойындар, топпен жұмыс.

Оқытудың нақты нәтижесі: Үстеудің мағыналық түрлерін , оның ішінде мезгіл үстеуін ажырата біледі, мезгіл үстеуі ерекшеліктерін түсінеді , практикалық жұмыстарда, яғни жаттығу жұмыстарында қолдана алады.

Оқушылар үшін оқу нәтижесі:Оқушылар жаттығу жұмыстарында сұрақтар арқылы етістіктермен байланысын тауып, пайдалана алады. Зерттеу мақсаты: оқушылардың топтық жұмыстағы белсенділігін зерттеу.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, бейнелеу өнері, математика




Өткен сабақпен байланысы: Үстеудің құрамдық түрлерімен , дара үстеудің (негізгі және туынды үстеудің) жасалу жолдарымен байланыстыру.



Бағалау: Жұмысты бағалау (формативті бағалау)

Көрнекіліктер: үлестірме қима қағаздар, плакаттар, слайд, маркер, т.б.

Өлшемдік ойлау қабілеті: сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.

Сабақтың мақсаты:
Сабақтың міндеттері: Ортақ етісті меңгеруде жаттығу жұмыстарын орындау барысында білім дағдыларын, сауаттылықтарын одан әрі қалыптастырады.

Жетістік критерийлері:

1 ұпай – оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ) тапсырманы орташа орындаса

2 ұпай – оқушының орташа жетістігі (ООЖ) тапсырманы жақсы орындаса

3 ұпай – оқушының жоғары жетістігі (ОЖЖ) тапсырманы өте жақсы орындаса

Уақыты:

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

5 мин


Оқушылармен сәлемдесу, тазалығына назар аудару, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.түгендеу, кабинет

Сабақ айдары: « Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді. »

Неміс педагогі А.Дистерверг


Табыс критерийлері:Үстеудің құрамдық түрлерін, оның ішінде дара үстеудің жасалу жолдарын (негізгі және туынды түрлерін) ажырата біледі,мағыналық түрлерімен таныса отырып, мезгіл үстеуін жаттығу жұмыстарында таба алады, үстеу жайында білімдерін кеңейтеді, бақылау жұмыстарында күтілетін нәтижеге жете алады.Сұрақтарға жауап бере отыра, дұрыс жауаптарын кәрзеңкеге салып отырады.Қай кәрзеңкеде дұрыс жауаптар көп болса, сол топ жеңеді.

Бағалау критерийлерін таратып беремін, критерийлер бойынша бағаланатындығын ескертемін.

Топ мүшелерінің белгілерін таратып беремін.( Топ басшысы, таймкипер, баяндаушы, хатшы, бақылаушы т.б.) Маған ,ең алдымен,

Театрға барамысың?

Жаңа газет аламысың?

Деген секілді сөйлемдерде,

Кей оқушы сен секілді

Тыныс белгі қоймай кетеді.

Өзің айтшы білсең,

Осылардың соңында

Қандай белгі келеді?

Дауыс ырғағын да ескер деймін,

Жазғаныңды үнемі тексер деймін.

Мұны білмесең ,бала,



Онда ісің әлі шала!


Сынып оқушылары жазылған сөздерді алады, сол бойынша топқа бөлінеді. ( «Өркен» , «Болашақ»)

Топ басшысы, таймкипер, баяндаушы, хатшы, бақылаушы т.б. белгілейді. Кім жылдам, әрі дұрыс шешсе, сол топ басшысы болып сайланады, ал қалған оқушылар топ мүшелері. Жарыс ұраны: «Тездетейік, бірақ абай бол!»Топ мүшелерінің міндеттерін белгілейді.

Мен ылғи айғайлай бермеймін

Кейде өкініп, ренжісем де,

Көбінесе –ақ көтеріңкі, көңілді жүрем.

Әр іске көңіл күйін білдіріп,

Табысымызға таңданып,

Шаттана күлем!

Сөйлемдерге көтеріңкі дауыс берем,

Сондай сөйлемдердің соңында келем.

(Осы тыныс белгілерінің жауаптарын кім тез шешсе, сол оқушы топ басшысы болады.)



Қызығушылығын ояту4 мин

  1. «Үстеу » ұғымына кластер жасау

1- топ. Негізгі үстеудің жасалу жолдары

2- топ. Туынды үстеудің жасалу жолдары


Слайдтан суреттер көрсетіледі: Кешегі Қазақстан және бүгінгі Қазақстан



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет