«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты
Шағын сабақ жоспары
«Компьютер: пайдасы мен зияны» тақырыбын аналитикалық оқылым негізінде көрсету
Орындаушының аты-жөні
Амерханова Ж.З.
Жетекшінің аты-жөні
Әлжанова Г.К.
Жұмыстың бағасы____________
Тексерушінің қолы____________
Петропавл
2016
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты
Шағын сабақ жоспары
«Компьютер: пайдасы мен зияны»
Орындаушының аты-жөні
Амерханова Ж.З.
Жетекшінің аты-жөні
Әлжанова Г.К.
Жұмыстың бағасы____________
Тексерушінің қолы____________
Петропавл
2016
Сабақ
|
7 сынып ( қазақ тілі орыс мектебінде)
|
|
Тақырыбы:
|
Компьютер: пайдасы мен зияны
|
Мақсаты:
|
Комьютердің пайдасы мен зияны туралы оқып, қысқаша айта білу
|
Күтілетін нәтиже/табыс көрсеткіші
|
Оқылым әрекетін басылымға ала отырып, сабақ соңында оқушылар өздерінің түсініп алған білімдерін іс-әрекет барысында қолдады
|
Жұмыс түрі
|
Жұптық; топтық, жеке
|
|
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің әрекеті
|
оқушы әрекеті
|
Күтілетін нәтиже
|
Психологиялық дайындық
Тұсаукесер
Білу
Түсіну
Негізгі бөлім
Қолдану
Талдау
Қорытынды
Синтез
Бағалау
Рефлексия
Үй жұмысы
|
Тренинг: «Тілек»
Топқа бөлу: 2 түсті стикерлерге 1 және 2 деген цифрлар жазылған сол цифрлар бойынша топқа бөлу.
Бүгінгі сабақтың түйінді сөздерін табу мақсатында біз «SMS»әдісін қолданамыз.
Тақтаға жасыл стикерлері бар оқушылар шығады. Мұғалім топтағы бір балаға тақырыпқа сай құлағына сөз айтады, сөзді естіген бала келесі топ мүшесінің аркасына бір- бір әріптен жазып жеткізеді. Соңғы топ мүшесі ол әріпті қағазға жазып сөзді дауыстап айтады.
берілетін сөздер – зиян, пайда.
Жұмбақ беру
Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп (компьютер)
бұл 3 сөзді пайдаланып сабақтың тақырыбын анықтаңдар.
«Дейін, кезінде, кейін» стратегиясы
Топтық жұмыс
Компьютер зиянды. Компьютер пайдалы. «Дейін» Осы тақырыптар бойынша не айта аласыңдар?
«Кезінде» (мақсатты айқындау үшін оқу) Берілген мәтіндерді оқып,керекті ақпарат ал. ( 1 қосымша)
Жұпық жұмыс Сөздерді дұрыс орналастыр
Оқушыларға орындары ауысқан сөйлемдер беріледі.
(2 қосымша)Компьютерлік, балаларға, ойындар ,әр түрлі ,егер де, бұл ойындар үйрететін, ойын дамытатын, логикалық, зейін, қызығушылығын арттыратын ,спортқа - дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Бұдан, логикалық ойлау, оқушыларда, жетіледі, жүйесі, жақсы.
Компьютер, адамдардың, қолданатын, мынадай, шағымдар, денсаулығына бар: тартуы көздің, бас ауруы, жұқаруы, жүйкенің ,ұйқының, түсуі шаштың, терінің қызаруы, іш ауруы, аллергиялық ,үшін-жаңа құбылыс,көптеген ересектер
компьютердің ,Ұзақ, алдында, уақыт бойы тапжылмай отыру омыртқа, әкеліп соқтырады ауруына.
Интернетке, қарым-қатынасы, отырған адамдар, азая бастайды, көп уақыт, өз туысқандарымен, дос-жарандарымен.
компьютермен жұмыс, Кішкентай кезінен істей ,бала өзін еркін сезінеді, себебі ол әлемдегі замануи технологияларға қолы алатын кішкентай жетеді.
Әр абзацты оқып шық және оларға тақырып қойып көр және 1-2 сөйлеммен айтып беріңдер
«Кейін» төмендегі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер
Егер де тәртіпті сақтамаса компьютер достан қас жауға айналады.
Компьютердің алдында көп отыра берсе, көздің көруі нашарлап және виртуалды әлемге тәуелді боласың.
«Анкета» әдісі Оқушыларға кішігірім анкета ұсынылады,ол өзгертуге болатындай толықтырылып отырылады, яғни сабақтың қандай ерекше элементтеріне көңіл аудару керектігін белгілейді.Оқушылардан өздерінің жауаптарын дәлелдеп беруін сұрауға болады.(3 қосымша)
Мәтін және қосымша материалдар қолданып,тақырып бойынша тест құрастыру
|
Стигерге тілектер жазады, стигерде жазылған сандар бойынша топқа бөлінеді
Сөздерді жазып сабақтың негізгі сөздерін табады
Жұмбақты шешіп 3 сөзден сабақтың тақырыбын шығарады
Оқушылар сабақтың тақырыбын тауып, мақсат қояды
1 топтағы оқушылар зияны жайында айтады. 2 топ пайдасы жайында айтады
Мәтінді оқиды. Керекті мәлімет алады.Ізденеді
Әр жұп сөздерді оқи отырып, сөйлем құрастырып шығады.
Оқушылар өз ойларын айтады
Сабаққа формативті баға береді
Әр түрлі тест тапсырмалар құрастырады
|
Коллобративтік орта
жасалады
Сабаққа деген қызығушылықтары артады
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады
Сын тұрғысан ойлау қабілеттері артады. Сабақта жететін мақсат қояды.
Оқушылардың тақырып бойынша білім деңгейлері анықталады.
Такырып бойынша білімдері арттылады.Окылым әрекеттері дамиды.
төмен деңгейлі оқушылардың білімдері бекітілдеді.
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады
Сабақты қабылдау деңгейін анықтау
Оқушылар ізденіп, қосымша материалдар оқып нәтиже сабағына дайындалады
|
1 косымша
Балалар! Өздерің жақсы білесіңдер, компьютер, бізге қысқа әрі нақты мәліметтер береді. Сондай-ақ, математикалық және мәндік жұмыстарды қатесіз орындайды. Дегенмен оларды құрастыратын адамдар болғандықтан, олар сезім иесі емес. Тек берілген команданы орындаушы. Әр компьютер тек өзінің жабдықталған программалары бойынша қызмет жасай алады (мысалға: тек жазу программалары құрылған компьютерде бейне, суреттермен жұмыс жасау мүмкін емес). Олардың да ішкі техникалық жабдықталуына байланысты қуаты күшті және жұмыс істеу мүмкіндігі шектеулі болады. ЖаҺандану заманында бірде-бір шаруа компьютердің көмегінсіз жүзеге аспайды. Компьютерлер медицина саласында да үлкен күрделі мәселелерді шешуге көмектеіп келеді.
Біздің айтпағымыз, компьютердің жетістігі емес, алдарыңдағы техника құралын дұрыс пайдаланудың жолдарын әңгімелеу. Мысалы, «туннельный синдром» деп аталатын қолдың саусақтары мен қол, мойын, білек ауыруы адамдардың пернетақтамен және “тышқанмен” ұзақ уақыт үзіліссіз жұмыс істеуі салдарынан пайда болады. Компьютер адамның көздеріне, жүйке жүйесіне, тірек қимыл мүшелері мен бұлшық еттерге де зияны бар. Айталық, монитордың алдында ұзақ отыру, әрі дұрыс отырмау. Компьютер құралдарының (процессор, монитор) дұрыс орналаспауы. Компьютер ойындарына беріліп кетіп, ереже сақтамай шектен тыс колдану. Көздің талуы, бас ауруы, желке тарту, арқа, аяқ бұлшық еттерінің шаршауы адам баласының денсаулығына кері әсер береді. Мысалы, баланың ұйқысы бұзылып, еске сақтау қабілеті төмендейді. Желке, бел омыртқаның сіреспе ауруына шалдығады. Тіпті шаш түсу, тереңге әсер беру аруларына (электромагниттік сәуле болғандықтан) жол беруі мүмкін. Сөйтіп, күйзеліске ұшырап, аллергиялық ауруларға бой алдырғыш болады.Компьютермен аса көп жұмыс жасайтын адамдардың қимыл, әрекеті азаяды, қан айналысы, ас қорту, және басқа зат алмасу қызметтерін баяулатады. Бұл ұзақ уақыт жалғаса берсе, адам әр түрлі науқасқа ұшырауы әбден мүмкін.
Денсаулығыңды ойласаң, балақай, біз саған мына төмендегі ережелерді жадыңа сақта дейміз:
1. Компьютер алдында ұзақ отырма. 15 минут сайын орныңнан тұрып, жаттығу жасап, көзді демалдыруды әдетке айналдыр.
2. Суреттерде көрсетілгендей,дұрыс әрі өте ыңғайлы отыруға үйрен. Немесе отырысыңды жиі өзгерт.
3. 5-7 жаста күніне 30 минуттан, 8-10 жаста 2 сағат, 11-14 жаста 3,4 сағат, ересек балалар мен үлкендерге 6-8 сағаттан артық компьютер алдында отыру — денеге, ақыл-ойға, жүйкеге артық салмақ түсіреді. Сондықтан дер кезінде компьютерден алыстауға дағдылан.
4. Компьютер техниканың бір түрі ғана. Кез келген келеңсіз немесе оқыс жағдайларға бола ашуланып, жүйкенді шаршатпа (әсіресе ойын ойнағанда).
5. Қолданатын мониторды таңдай алмасаң, көз, жүйке шаршауларына көп әсері барын ұмытпаңдар.
6. Қараңғы бөлмеде компьютермен жұмыс істемегенің дұрыс. Себебі экран жарығы қараңғы ортада көзге тікелей әрі өткір әсер етеді. Мониторды орналастырғанда, үстіңгі бөлігі тура қарағандағы көзіңнің деңгейінде немесе сәл жоғары орналасуы керек (бұл басты тік ұстауға, желке сіресу ауруының болмауына, тез шаршамауыңа көмектеседі).
7. 1 монитор тұратын аумақ шамамен 9-10 квадрат метр болуы тиіс. Бұның сыртында телевизор немесе қосымша экранның қосылып тұруы зиян. Ауа иондаушы, ауа дымқылдандырушы құралдар тұрса тіптен жақсы.
8. Басқа да керекті құралдар өзіңе жақын әрі ыңғайлы орналассын. Бір құралдың алыс орналасуынан қисық отырып жұмыс істеу арқылы, омыртқа буындарының зақымдалуын туындатады.
9. Отырған орындығың арқаны тік ұстайтындай арқалығы және шынтақ тіреуіші болғаны жөн. Әрі аяғың табаны толық жерге немесе тіреуішке тиетіндей биіктігін тарылтатын тетігі бар, жылжымалы, орнықты, 5 дөңгелекті болғаны жақсы.
10. Жұмыс арасында қимыл әрекетті жиі жасап, бос уақытыңда гимнастикамен шұғылданыңдар.
1 қосымша
Компьютерлік ойындар балаларға әр түрлі әсер етеді:егер де, бұл ойындар үйрететін, логикалық ойын дамытатын, зейін, спортқа қызығушылығын арттыратын- дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Бұдан оқушыларда логикалық ойлау жүйесі жақсы жетіледі. Олар есептің жаңа шығарылуы жолын бірден табады, есептеу техникаларын жақсы меңгереді. «Жарыс», «атыс» ойындарын ойнайтын оқушылар жүйкелері жұқарған, компьютер ойнағаннан кейін көздері ауырады, оқу үлгерімі нашарлайды. Олар мұқиятсыз, ашуланшақ, есептеу кезінде көп қателер жібереді, жай оқиды, кейде сабаққа дайындықсыз келеді немесе үй жұмысын дұрыс орындамайды.
Компьютер қолданатын адамдардың денсаулығына мынадай шағымдар бар: көздің тартуы, бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы, көптеген ересектер үшін-жаңа құбылыс.
Ұзақ уақыт бойы компьютердің алдында тапжылмай отыру омыртқа ауруына әкеліп соқтырады. Кішкентай балалардың және жасөспірімдердің омыртқалары дұрыс қалыптаспаған, компьютер алдында көп отыру омыртқаның қисаюына себепші болады.
Интернет және оның қызметтері(электрондық пошталар, байланыс бағдарламалары, конференциялар, форумдар т.с.с) адам ағзасына кері әсерін беруі мүмкін.Жүйке жүйесін шамадан тыс жүктеудің соңында неврастия деген ауруға әкеп соғады.
Интернетке көп уақыт отырған адамдар өз туысқандарымен, дос-жарандарымен қарым-қатынасы азая бастайды.
Кішкентай кезінен компьютермен жұмыс істей алатын кішкентай бала өзін еркін сезінеді, себебі ол әлемдегі замануи технологияларға қолы жетеді. Компьютерлік ойындарды ойнағанда бала өзінің сиқырлы әлемінде жүрген секілді сезінеді.
2 қосымша
Сөздерді дұрыс орналастыр
Компьютерлік, балаларға, ойындар ,әр түрлі ,егер де, бұл ойындар үйрететін, ойын дамытатын, логикалық, зейін, қызығушылығын арттыратын ,спортқа - дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Бұдан, логикалық ойлау, оқушыларда, жетіледі, жүйесі, жақсы.
Компьютер, адамдардың, қолданатын, мынадай, шағымдар, денсаулығына бар: тартуы көздің, бас ауруы, жұқаруы, жүйкенің ,ұйқының, түсуі шаштың, терінің қызаруы, іш ауруы, аллергиялық ,үшін-жаңа құбылыс,көптеген ересектер
компьютердің ,Ұзақ, алдында, уақыт бойы тапжылмай отыру омыртқа, әкеліп соқтырады ауруына.
Интернетке, қарым-қатынасы, отырған адамдар, азая бастайды, көп уақыт, өз туысқандарымен, дос-жарандарымен.
компьютермен жұмыс, Кішкентай кезінен істей ,бала өзін еркін сезінеді, себебі ол әлемдегі замануи технологияларға қолы алатын кішкентай жетеді.
3 қосымша
1. Мен сабақта жұмыс… жасадым
2.Менің сабақта жасаған жұмысыма
3. Сабақ маған
4. Мен сабақта
5. Менің көңіл-күйім
6. Сабақтың материалы маған
7. Үй жұмысы маған
|
белсенді / неғұрайлы
Көңілім толды / толмады
ұзақ / қысқа немесе тез
шаршамадым / шаршадым
жақсарды / төмендеді
түсінікті / түсініксіз
пайдалы / пайдасыз
Қызықты / қызықсыз
жеңіл / күрделі
қызықты / қызықсыз
|
Достарыңызбен бөлісу: |