Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
№70. Сабақтың тақырыбы. Мысық пен тышқандар. ( ертегі)
Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, түсініп оқу,түсінгенін әңгімелеуге үйрету.
2. Ойлай, қиялдай білуге, ойын қорыта тұжырымдап
жеткізуге дағдыландыру.
3. Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі. Сұрақ- жауап, әңгімелеу,рөлмен оқу.
Көрнекілігі. Суреттер, жұмбақтар.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі .
|
1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару
2.Сабақ мақсатымен таныстыру.
|
ІІ. Жаңа сабақ
1. Кіріспе.
-Балалар осы бөлімде оқыған « Ата ақылы» өлеңін есімізге түсіріп кім жатқа айтып береді?
2. Мұғалімнің түсіндіруі.
Олай болса, бүгінгі сабағымызда негізгі мазмұны үлкенді сыйлауға құрылған ертегіні оқып көрелік. Ол үшін мына жұмбақтарды дұрыс
шешсең , ертегіге нелер қатысатынын білесің.
Мысықтан қорқады,
Түнде жортады. ( тышқан )
Тонын кие туған,
Жалап бетін жуған. ( мысық )
- Тышқан, мысық туралы тағы не білесің ? Айтып береді?.
3. Оқулықпен жұмыс. - Түсініп, дұрыс оқу .Рөлмен оқу. Тауып оқу.
Ертегі не жайлы екен? Кейіпкерлерін ата.
Жас тышқандардың әрекеті дұрыс па?
4. Дәптермен жұмыс. - жұмбақты жатқа жазу.
Жаңа сабақты бекіту. - Ертегідегі нақыл сөзді тауып, дауыстап оқы.
- Ертегідегі оқиғаның осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелдеп көр.
- Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің ?
Қорыту.
Суретпен жұмыс.
Берілген суреттерді ретімен орналастырып, ертегі бойынша мультфильм құрастыр. Өзің тағы қандай сурет қосар едің?
Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
№71.Сабақтың тақырыбы:
|
Айтшы, әжетай. Жақан Смақов
|
Сабақтың мақсаты:
|
Ана тілі сабағында тыңдау, түсініп оқу, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.
|
1. Білімділік:
|
Дұрыс , түсініп оқуға, өлеңнің негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту.
|
2. Дамытушылық:
|
Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту.
|
3. Тәрбиелік:
|
Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, мамандық таңдау, мамандық иесін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ.
|
Сабақтың әдісі:
|
Сұрақ – жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын.
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
Мамандыққа арналған суретер, дидактикалық материалдар, сызбалар.
|
Сабақтың барысы:
|
|
I. Ұйымдастыру кезеңі.
|
1.Сабаққа балаларды дайындау.
2.Сабақ мақсатымен таныстыру.
|
II. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.
|
- Үйге не берілді? - Ертегі не жайлы?
- Жас тышқандардың әрекетіне қандай баға берер едің?
- Мысықтардың ісіне баға берші? Өмірде осындай жағдайлар болып жатады ма?
- « Бәрі таппаған ақылды кәрі табады » дегенді сен өз тұрғыңнан қалай түсінесің?
|
III. Жаңа сабақ
1. Кіріспе :
|
- Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы Жақан Смақовтың өлеңі «Айтшы, әжетай»
- Балалар, сендердің әжелерің бар ма? Ол асыл жандар жайлы не айтар едіңдер?
|
2. Мұғалімнің түсіндіруі:
|
-Балалар, мына нақыл сөзді түсініп оқып көрелік.
Ата –асқар тау, Ана – бауырыңдағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
- Осы нақыл сөзден не түсіндің? Қандай сурет салар едің? Айтшы.
- Белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың өлеңін түсініп оқып көрелік.
|
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп , түсініп оқу. Рөлмен оқу.
Сөздік жұмыс
Осы өлеңді оқып отырып қандай түсінбейтін сөз кездестірдің?
Ақтабан – жылқының атауы.
Қаракөл қой – қойдың түрі.
Бекіту.
Сызбамен жұмыс. Өлеңге сүйеніп,әр мамандық иесін тап. Байланыс сызықтарын жүргіз.
Туыстық атауы
|
|
Мамандығы
|
Атасы
|
|
тәрбиеші
|
Нағашысы
|
|
монтер
|
Жеңгесі
|
|
жылқышы
|
Ағасы
|
|
сауыншы
|
Жиен ағасы
|
|
құрылысшы
|
Апасы
|
|
егінші
|
жездесі
|
|
қойшы
|
2. Дәптермен жұмыс. Туыстық атауларды үлгі бойынша топтастыр:
а) өлеңге сүйеніп; ( класта)
б) өз бетіңше жалғастыр. (үйден)
Әке жағынан туыс
|
Шеше жағынан туыс
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. Өлеңнің соңғы екі жолын қайталап оқы. Ақын сұрағына сен қалай жауап бересің?
4. Ойын: Мамандық иесін ата. « Кім не істейді?»
- Бүгінгі сабақта біз не білдік,неге үйрендік?
Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.
№ 72. Тақырыбы: Апаның тілін алса егер.
Мақсаты: Бұл кім? Апаның тілін алса егер өлеңдерін оқып түсіндіру. Мәнерлеп шапшаң оқуға дағдыландыру.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Мейірімділікке тірбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ғылым таппай мақтанба» жатқа сұрау.
ІІІ. Білімдерін тексеру:Өлеңді кімдерге өсиет етіп қалдырған?Адам болу үшін қандай қасиеттер керек?Бес дұшпан деп нені атайды?
ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ: а/Ы.Алтынсарин – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз,қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашқан. Балаларды оқу-білімге шақырған. ә/ Өлеңдерді оқу талдау. б/ сөздік жұмысын жүргізу. Оқулықпен жұмыс: іштей оқу,тізбектей оқу, жеке-жеке оқу
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Өлең кімге арналған? Түн ұйқысын төрт бөліп дегенді қалай түсінесің?Күшті болып өсу үшін нелер қажет? Қайталанып тұрған сөздерді табу.Өз уақытыңды қалай пайдаланасың?
ҮІІ. Қорыту.Мақал-мәтелдер.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.өлеңдерді мәнерлеп оқу.2. Бағалау
№73. Сабақтың тақырыбы: Ата әжеме хат
Сабақтың мақсаты: 1. Түсініп, дұрыс оқуға, хат жазуға үйрету.2. Оқығанын түсіндіріп айтуға, ойын жеткізе білуге дағдыландыру. 3. Адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: хат, конверт, суреттер
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Өткенді сұрау:Туыстық, атауларды ата? Өзіңе алған әсеріңді айт.
ІІІ. Жаңа сабақ:а) Кіріспе. Жұмбақты түсініп оқып шеш. «Хат»б) Мұғалімнің түсіндіруі Хат жазуға өнер. Оны жазу үшін алдымен: 1. Хаттың басталуы 2. Назардың оқуы 3. Назарға айтқан атасының ақылы. 4. Хаттың аяқталуы.
ІҮ.Пысықтау:1. Кітаппен жұмыс Түсініп, дұрыс оқу. 2. Хат жазу 3. Хатты жазып отырған кім? Ол хат кімге арналған? 4. Хатты бөлікке бөліп оқы
Ү.Қорыту:1.Сызбамен ауызша жұмыс. 2. Өзің хат жаза аласың ба?
ҮІ. Сабақты қорытындылау, бағалау: Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сендер де алыстағы достарыңа, туыстарыңа хат жазып жіберіңдер. Олардың қалай қуанатынын білесіңдер ғой?
Ү. Үйге тапсырма беру:1.125-126 беттерді түсініп оқу.2. Бағалау.
№ 74. Тақырыбы: Ұшқан ұя.
Мақсаты: Ұшқан ұя тақырыбын оқып, Бауыржан Момышұлы жайлы түсінік беру.Танымдық қабылеттерін дамытуПатриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Б.Момышұлы суреті.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексер:уБалғын суретші.Тізбектей оқыту.Мазмұнын сұрау.
ІІІ. Білімдерін тексеру:Бала өзендегі тастарға неге қызықты?Ол бұл тастардан қандай заттар жасайтын еді?Тау жартасы туралы не айтылған?Әңгіме қай суретші жайында?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Ұшқан ұя.
Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс.а/ Ұшқан ұя әңгімесін оқи отырып, Б.Момышұлы туралы түсінік беру.ә/ сөздік жұмысын жүргізуата-тегі арғы аталары баппен- асықпай араз-тату емес.Тақырыпты оқыту.Іштей оқуТізбектей оқу.Дәптермен жұмысСергіту сәті.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:а/ сұрақтарға жауап алу. 1.шығарма кімнің атынан әңгімеленген? 2.Бала Бауыржан әдептіліктің басы сәлемдесу екенін қалай түсінді?
ә/ Ата-тегін білуді Бауыржанға әкесі үйретті. Сенде ата-аналарыңнан өз ата-тектеріңді біліп алыңдар.
ҮІІ. Бекіту.Елін, жерін Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.оқу, мазмұны. 2.бағалау.
№75. Сабақтың тақырыбы: Шығарма .Ата-ананы құрметтеу туралы
Сабақтың мақсаты: 1. Ата-ананы құрметтеуге, дұрыс түсініп оқуға үйрету.2. Дұрыс сөйлеу әңгімелей білуге дағдыландыру3. Үлкенді сыйлау, құрметтеуге баулу
Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: суреттер, сызба.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Өткенді сұрау:Бауыржан Момышұлы кім?Оның қандай әңгімесін оқыдық? Одан не білдік?Өзінің ата тегіңді білесің бе?
ІІІ. Жаңа сабақ:а) Кіріспе.- Ата-ананы сыйлау керек пе? б) мұғалімнің түсіндіруі
Қабуснама – ертеде жазылған үгіт-насихатқа толы кітап. Оны жазған адамның есімі – Қалқаус. Ол бұл кітапты өзінің ұлына арнап жазған.
ІҮ.Пысықтау:1. Кітаппен жұмыс. Түсініп, дұрыс оқу 2. Сөздік жұмыс. Перзент – бала, парасат – сана Қаяу – реніш. 3. Бөлімге бөліп оқу, тегін табу. 4. «Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды» қандай оқыдық? 5. Өзің осыған ұқсас әңгіме құрып көр.
Ү. Сабақты қорытындылау, бағалау: Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек? Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма беру:128-130 беттерді түсініп оқу
№76. Сабақтың тақырыбы: Шығарма. «Ата-ананы құрметтеу»
Сабақтың мақсаты: 1. Бөлімге бөліп, оны жеткізе білуге, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.2. Өздігінен ойын қорытып, әңгімелеп, қағаз жүзінде жазуға, жоспарлауға дағдыландыру 3. Адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: пысықтау
Көрнекіліктер: Мәтінге сай сюжетті суреттер
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ.Жаңа сабақ:а) Кіріспе. Ата-анааңды қалай сыйлайсың? б) Мұғалімнің көмегімен жоспар құру: Басы. Ата-анаң жайлы Негізгі бөлім: Өзіңнің сыйлауың. Соңы .Не үшін сыйлайсың? в) Оқушы еңбегі г) мұғалімнің көмегі
ІІІ. Қорыту.Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық?
ІҮ. Сабақты қорытындылау, бағалау: тұжырымдау, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма беру:Қайталау.
№ 77. Тақырыбы: Жылу.
Мақсаты: Жылу өлеңін оқып, мағынасын түсіндіру.Тілін,сөздік қорларын дамыту. Анасын сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Бөрте мен Зөре.Оқыту, әңгімелету.
ІІІ. Өткенді қорыту.Нұржанға мінездеме беру.Жануарлар туралы әңгімелету.
ІҮ. Мақсат қою:Жылу.Сертігу сәті.
Ү. Жаңа сабақ:а/ Автор туралы түсінік /суреттеу, өмірбаяны/ Өлеңді оқу Сөздік жұмыс жүргізу.Өлеңді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Өлеңде кім туралы айтылған? Ана құшағы неліктен жылы? Ақын анасын тағы неге ұқсатады? Ана сүті неліктен қасиетті? Өлеңнен ақынның анаға деген сезімін білдіретін жолды тауып оқы.
ҮІІ. Бекіту.Ана туралы мақал-мәтелдер. Ана туралы әңгімелеу.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. Өлеңді жаттау.2.Бағалау.
№78. Тақырыбы: Әже
Мақсаты: Әже өлеңін оқып, мағынасын түсіндіру.Тілін,сөздік қорларын дамыту.Анасын сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Жылу жатқа сұрау
ІІІ. Өткенді қорыту:Өлеңде кім туралы айтылған?Ана құшағы неліктен жылы?Ақын анасын тағы неге ұқсатады?Ана сүті неліктен қасиетті?
ІҮ. Мақсат қою:Әже.Сергіту сәті.
Ү. Жаңа сабақ:а/ Автор туралы түсінік /сурету, өмірбаяны/ Өлеңді оқу. Сөздік жұмыс жүргізу. Өлеңді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Өлеңде кім туралы айтылған? Ақын әже қамқорлығы тиуралы не дейді?
ҮІІ. Бекіту.Менің әжем тақырыбына әңгіме жазу.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.Өлеңді жаттау.2.Бағалау.
№79. Тақырыбы: Бұл кім? Бесік жыры
Мақсаты: Бұл кім? өлеңін оқып, түсіндіру. Мәнерлеп шапшаң оқуға дағдыландыру.Тілін, сөздік қорларын дамыту.Мейірімділікке тірбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Ғылым таппай мақтанба. Жатқа сұрау.
ІІІ. Білімдерін тексеру:Өлеңді кімдерге өсиет етіп қалдырған?Адам болу үшін қандай қасиеттер керек?Бес дұшпан деп нені атайды?
ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ: а/Ы.Алтынсарин – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз,қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашқан. Балаларды оқу-білімге шақырған. ә/ Өлеңдерді оқу талдау.б/ сөздік жұмысын жүргізу. Оқулықпен жұмыс,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Өлең кімге арналған? Түн ұйқысын төрт бөліп дегенді қалай түсінесің? Күшті болып өсу үшін нелер қажет? Қайталанып тұрған сөздерді табу.Өз уақытыңды қалай пайдаланасың?
ҮІІ Қорыту.Мақал-мәтелдер.
ҮІІІ Үйге тапсырма: 1. Өлеңдерді мәнерлеп оқу. 2.бағалау
№80. Ы. Алтынсарин. Шеше мен бала.
Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс, түсініп жаңылмай айту дағдыларын қалыптастыру.
2. Ойын, сөздік қорын дамыту.3. Мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба
Сабақтың барысы:І .Ұйымдастыру кезеңі
ІІ .Өткен сабақ:Бесік жырын хормен, жеке айту. Ана баласына айтатын жылы сөздер
ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру:Ана туралы пікірлер
ІҮ. Мақсат қою:Бала, тәрбие туралы мақал-мәтелдер
Ү. Жаңа білімді меңгерту:1. Кіріспе. Сен анаңның тілін аласың ба? 2. Сөздік жұмыс Тентек – бұзақы 3. Түсіндіру 4. Кітаппен жұмыс1. Бөліктермен оқу2. Түсініп оқу3. Мазмұнын талдау5. Сіңлісінің сөзін тауып қайталап оқу 6. Рөлмен оқу7. «Диалог» сөзінің ережесі 8. Қай кейіпкер саған ұнады?
ҮІ. Жаңа білімді қорытындылау:Үлкен қыздың орнына сен болсаң не істер едің?Алла разы болсын деген сөйлеу үлгісіне мән бер. Осы үлгіні пайдаланып, өзара диалог құрап көр.
ҮІІ. Үйге тапсырма:1. 136-140 бет түсініп оқу
ҮІІІ. Бағалау.
№81. Тақырыбы: М.Мақатаев. Қарттарды сүйем.
Сабақтың мақсаты: 1. Мәнерлеп оқи отырып, түсінігін әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру.м2. ойлау, мағыналы сөздерді табу, сөздік қорын дамыту. м3. Адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен сабақ.Диалог деген не? Бөлікке бөліп әңгімелеу. Тапсырмалармен сұрақтармен жұмыс
ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру: Ұлағатты сөз Мақал-мәтелдер ата-ана, бала, қарттар туралы.
ІҮ.Мақсат қою:Қарт қандай кісілер?
Ү. Жаңа білімді меңгерту:1. Кіріспе, сызбамен жұмыс Қарт: 1. Шежірелі 2. үлкен кісі,
3. кәрі,4. дана,5. кемеңгер,6. бәрін білетін адам,7. егде,8. сақалды. 2. Сөздік жұмыс Хақы – мұнда: еңбегі. 3. Түсініп оқы, көңілін тоқы «Алпамыс жырынан» 4. Суретпен жұмыс, әңгімелеу 5. Кітаппен жұмыс Мәнерлеп оқу. Іштей, түсініп оқу Мазмұнын ашып, талдау
ҮІ. Жаңа білімді қорытындылау: Мұрагер дегенді қалай түсінесің? Неге осы өлеңді бөлімнің соңына берген?
ҮІІ. Үйге тапсырма:1. Мәнерлеп, түсініп оқу.
ҮІІІ: Бағалау
№82. Тақырыбы: Мазмұндама.
Мақсаты:
Оқушыларға мазмұндама жаздыра отырып, өз ойларын қорытып, жаза білуге баулу.Тілін, сөздік қорларын дамыту. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұндамалар жинағы.
Әдісі: сұрақ-жауап,өзіндік.
Сабақтың барысы
:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушы зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Дәптерлерін таратып беру. Мазмұндама тақырыбымен таныстыру.« » оқып, түсіндіру.Сұрақтарға жауап алу.Өз түсініктері бойынша қысқаша мазмұнын айту.
ІІ. Білімдерін тексеру. Мазмұндаманы жазу. Жеке оқушыларға көмек көрсету. Түсіндіру.
ІҮ
. Сабақты аяқтау.Оқушы жұмыстарын жинап алу. Бағалау.
№83. Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау
Сабақтың мақсаты: 1. «Қадірлі әкелерім, аяулы мейірімді аналарым» бойынша, алған білімін тиянақтау.2. Сөйлеу ойын жеткізу,есте сақтау қабілетін дағдыландыру 3. Ойын қорыту,үлкенді сыйлауға баулу.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: қорыту
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Өткенді сұрау: Қандай бөлімді өттік? Онда қандай тақытыртар өттік? (тақытыптарды атау) Қандай ереде, тыйым сөздермен таныстық?
ІІІ.Қандай өлеңдерді жаттадық?Ата ақылы, жылу,әже, Бесік жыры.Қарттарды сүйемін. Ата-анасына сүю туралы
ІҮ.Қандай мақал-мәтел нақыл,жаңылтпаш жаттадық?
Ү.Сызба,сөзжұмбақ, суреттермен жұмыс
Сабақты пысықтау, қорыту
1)Ә 4)В 7)Б 10)Б
2)А 5)В 8)В
3)Б 6)Б 9)А,Ә
2Мұрагер деген сөзді қалай түсінесің? Диалог деген не? 3.Суретке қарай не айтар едің? Бағалау Тест
Үйге :114-144
№84. Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз. Салақтық
Сабақтың мақсаты: 1. Оқу, түсініп оқу адамдық қасиеттерге үйрету 2. Ойлау, сөзжұмбақ, ребустар шешу арқылы тапқырлыққа баулу 3. адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: ребус, сөзжұмбақ, суреттер.
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақ:а) Кіріспе1. Сөзжұмбақ «Мақал», «Мәтел» шешу 2. Осы мақал-мәтелге ортақ қандай тақырып беруге болады? «Адамгершілік» б) мұғалімнің түсіндіруі Ыбырай Алтынсариннің әңгімесін түсініп оқудың алдында қандай әңгімелер оқыдық?
Пысықтау:1. Кітаппен жұмыс (түсіндіріп оқу)2. «Салақтық» сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөздерді тап.3. Автор туралы не білесің?
Достарыңызбен бөлісу: |