Жәудіреген көзіңнен тоташым деп.
Жылқы сүйеді баласын құлыным деп
Тұлпар болып жүгірер жұрыным деп.
«Жеті лақ» ертегісін сахналау.
Ертегі ұнады ма?
- Ертегі қалай аталады?
- Лақтар анасының ақылын тыңдады ма?
- Олар не істеді?
- Аман қалды?
Рефлексивті коррекциялау.
Ойын: «Жануарларды ажырату»
Үй жануарларын атағанда орнынан тұрады, дала жануарларын атағанда отырады.
Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін, байқампаздық қасиеттерін дамыту. Балалар сендер бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сендер өте ақылдысыңдар. Үй жануарларына әрқашан қамқорлық жасап жүріңдер. (Балалар ойынды қызыға ойнайды.)
Күтілетін нәтиже: Үй жануарларын, оларды бір-бірінен ажырата білуді үйренді.Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдері қалыптасты.
Сауат ашу. 21.02.2013 ж.
Тақырыбы:Малдың төлін сүюі..Жуан айтылатын сөздер.
Сабықтың мақсаттары:
Білімділік:Оқушыларға жуан айтылатын сөздер жайлы түсінік беру. Малдың төлін сүюі, өлеңін оқып, мазмұнымен таныстыру. Жаңылтпаш пен мақал-мәтелдер оқып, мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық:Оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету, қатесіз, әдемі жазуға баулу, түсінгенін әңгімелеп айтып, айту дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелілік:Малды сүюге, күте білуге тәрбиелеу.
САБАҚ ӘДІСІ: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, жатқа айту.
САКБАҚТЫҢ ТҮРІ: Саяхат сабағы.
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: Суреттер.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Аптаның жеті күніне саяхат жасау.
Балалар аптаның бірінші күні қалай аталады?
1 күн: Дүйсенбі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.«Бөрте лақ» өлеңін жатқа айту.
2.«Әнші» өлеңін мәнерлеп оқу.
3.38-жаттығу.
2 күн: СЕЙСЕНБІ .
ІІІ. Жаңа сабақ
–Балалар, дыбыстың қандай түрін білеміз?
Дауысты дыбыстар:
Жуан, Жіңішке
А, о, ы, у. ә, е, ө, і, ү.
Лақ ешкінің төлі.
1.Сөйлем неден құралады?
2.Сөйлемде неше сөз бар?
3.Жуан дауыстылардың астын сызыңдар.
1.Төрт түлікті атаңдар.
2.Олардың төлін атаңдар.
3.Төрт түлік мал атасын атаңдар.
4.«Малдың төлін сүюі» оқу.
-Балалар, сендерді ата-аналарың қалай еркелетеді? Балалар, малдар да өз төлдерін еркелетеді.
«Малдың баласын сүюі»
Қой сүйеді баласын қоңырым деп,
Ештеңені білмейтін момыным деп.
Сиыр сүйеді баласын торпағым деп
Қараңғыға баспаған қорқағым деп.
Ешкі сүйеді баласын лағым деп
Тастан-тасқа секірген шұнағым деп.
Түйе сүйеді баласын боташым деп
Жәудіреген көзіңнен тоташым деп.
Жылқы сүйеді баласын құлыным деп
Тұлпар болып жүгірер жұрыным деп.
5.Малды құрметтеу
6.Тыйым сөздер
1)Сиыр сүті – тілінде.
2)Малды бақсаң, сиыр бақ,
Сүт кетпейді қорадан.
1)Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
2)Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар. (Сиыр)
3 күн: Сәрсенбі.
IV. Оқулық бойынша жұмыс.
(Балалар суреттегі қой, сиыр,ешкі, түйе, жылқыны көрсетіп олардың ерекшелігі мен пайдасы жайында айтады, сұрақтарға жауап береді.)
-Балалар, бұлар - үй жануарлары.
-Жылқы – тақ тұяқтылардың тұқымдасы. Жылқыны жүк тасуға, көлік, спорттық ойындарға пайдаланады.
-Жылқының азығы – сұлы, арпа, астық тұқымдас шөп.
-Жылқы етінің пайдасы зор.
-Оның сүтінен дайындалған қымыздың емдік және тағамдық қасиеті күшті.
-Жылқыны қалай шақырамыз?
(«Құра-құра» деп шақырамыз.)
-Жылқы қалай дыбыстайды. («Ио-ио»)
-Түйе – аша тұяқтыларға жатады. Түйенің екі түрі бар: Сыңар өркеш түйе және айыр өркеш түйе.
-Түйе жайылым малы.
-Түйенің сүті, еті, жүні пайдалы. Сүтінен шұбат, май дайындалады.
-Түйені қалай шақырамыз?
(«Көс-көс» деп шақырамыз.)
-Түйе қалай дыбыстайды?
(«Бө-бө-ө»)
-Сиыр – ол бізге сүт береді, сүтінен май, айран, құрт жасалады. Еті тамақ болады. Сиыр құнарлы шөп жеп, су ішеді.
-Сиырды қалай шақырамыз?
(«Аухау-аухау») деп шақырамыз.
-Сиыр қалай мөңірейді? («Мө-ө-ө»)
39-жаттығу.
Сөйлемді мәнерлеп оқу.Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар?Олар қалай естіледі?Жуан ба,жіңішке ме?
Ауылдардың қойы бар,
Қойы бардың тоны бар.
Ереже: Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса сөз жуан айтылады.
V. «Әріпті тап» ойыны
Қ...зы, б...зау, құл...н, б...та, л...қ.
VІ. Шығармашылық жұмыс
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастыру.
1.Бар менің құлыным.
2.Өріске, жайылды, мал.
3.Шөп, қозы, жеді.
4.Тасқа, лақ, секірді.
4 күн: Бейсенбі.
Ал, демалып алайық.
Сергіту сәті.
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп.
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызды табайық.
5 күн: Жұма.
VІІ. Сабақты қорыту.
Қой,сиыр,түйе,ешкі,жылқы:
Мысалы:
1)Төрт түлік
2)Үй жануары
3)Төлі- лақ
4)Атасы – Сексеката
Ешкінің пайдасы:
1)еті
2)сүті
3)терісі
4)түбіті
Жуан дауыстылардың астын сызыңдар.
VІІІ. Тіл ұстарту.
Малды құрметтеу.
Тыйым сөздер.
6 күн:Сенбі.
ІХ.Бағалау.Мадақтау.
Х.Үйге тапсырма.
1.40- жаттығу
2.Малдың төлін сүюі
3.Тыйым сөздер
7 күн: Жексенбі.Жексенбі күні демаламыз.
Сауат ашу. 27.02.2013 ж.
Тақырыбы: Мазмұндама.(үйрену мақсатында) «Тоғайда».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды мазмұндама жазуға оқыта үйрету.Сұраққатолық жауап беруге, шығармашылық ойын жазбаша дұрыс жеткізуге,танымын жетілдіру.Керекті сөздер мен сұрақтарға жауап жазу арқылы мазмұндама жазу.
Дамытушылық:Табиғатты суреттеу арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілік:Жыл мезгілдері мен құбылыстары жайлымағлұматын молайту.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық:
-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.
Жарқын күн, жарқын күн!
Мен сені сүйемін.
Мен сеннен сұраймын!
Бер маған жарқын күн,
Бейбіт күн жылуын!
Бер маған жарқын күн,
Денсаулық,ізгілік!
ІІІ.Жаңа сабақ.
а)Сабақ мақсатын айту.
ә)Табиғат туралы әңгімелесу.
«Тоғайда» .
Балалар тоғайға барды.Олар тоғайда гүл,жидек терді.Тоғай жанында өзен бар.Балалар өзеннен балық аулады.Тоғайда құстар сайрап,аралар ұшып жүр.Балалар жақсы тынықты.
1.Дайын мәтінді іліп қою.
2.Мұғалімнің мәтінді 2 рет оқуы.
3.Оқушылардың сұрақтарға ауызша жауапты дайын мәтіннен тауып оқып беруі.
4.Мұғалімнің мәтінді тағы 1 рет оқуы.
5.Тақтадағы дайын мәтінді жауып қою.
6.Екінші тақтадағы алдын-ала жазылып қойылған сұрақтарды ашу.
7.Әр сұраққа жеке-жеке жауап алу.
8.Барлық сұраққа 1 оқушы немесе 2-3 сұрақтан екі оқушыдан жауап беруі.
9.Тақтадағы сұрақтарға сүйене отырып,жазуға кірісу.
10.Керекті сөздер:тоғайға,гүл,жидек,өзен,балық,ұшып жүр,жақсы.
б)Сұрақтар:
-Балалар (қайда?) барды?
-Олар(не ?) терді?
-Тоғай жанында(не?) бар?
-Балалар өзеннен (не?)аулады.?
-Құстар,аралар (не?) істеп жүр?
-Балалар (қалай) тынықты?
IV.Мазмұндама жазу.
в)Жоспар:
1Тоғай.
2.Өзен.
3.Тынығу.
г)Дәптермен жұмыс.
Оқушылардың түсінгендерін жазуы.
V.Қорытынды.Дәптерлерін жинап алу.
VІ.Бағалау.
VІІ.Үйге: «Не тәтті?» мәтініноқу,мазмұнын айту..
Сауат ашу.
Cабақтың тақырыбы: Әлди,әлди.Жіңішке айтылатын сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы , алтын тіреу діңгегі – бала, баланы бесікке бөлеу дәстүрін атадан балаға жеткізу. Бесік жырының маңызын ұғындыру.
Дамытушылық: Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, дәлелдей білуге, сөйлеу мәдениетін, топпен жұмыс істеу, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Салт – дәстүрді құрметтеуге , адамгершілікке , мейірімділікке , тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, талдау, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар, суреттер, «Қазақ халқының салт- дәстүрлері» фильмінен үзінді, интерактивті тақта, слайдтар, бағалау жетондары.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт.
Сабақтың мақсатымен және өтілу барысымен таныстыру.
Топқа бөліп , топ басшыларын сайлау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Төрт түлік» бөлімін қайталау.
«Малдың төлін сүюі» мәнерлеп оқыту.
1.Оқушылар жаттаған өлеңдерін оқиды.
2.Әр топ бір - біріне сұрақ қояды.
3.Қорытындылау.
4.Қатемен жұмыс.(жіберген қателер бойынша ережелерді қайталау)
-Бүгінгі кезде шұрайлы жерлерге ел малдарын жайып семіртеді. Семіз мал етті, сүтті, жүнді көп береді. Сондықтан малға шұрайлы жерді аялап күту керек. Ол- әрбір азаматтың борышы.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу.
Сәбиге сәнді үй
Анаға ән – күй.
(Бесік)
2. Ой қозғау
- Бесік деген не? Бесік неден жасалған?
- Бесікке жатқан бала бар ма?
- Бесікке байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіндер?
Слайдқа назар аударып, оқушылардың шілдехана, бесік той, қырқынан шығару, түсау кесу туралы ойларын тыңдау.
-Балалар, бүгінгі ойын-сабағымыз қызықты болу үшін мен қонаққа әжейді шақырдым.
Әжейдің киімі қандай әдемі, біз суреттерден, теледидардан көріп жүргендей. Кәзір апаларың осылай киінбейді.
Тақтадағы суреттерге қарайықшы /Ұлттық киімдер/
Сәлем!,-дейміз достарға
Сәлем!-дейміз құстарға
Сәлем!-дейміз бәріне
Сәлем!-дейміз апайға
**
Д/о «Кім тапқыр?»
Мақсаты: Тақтадағы киім атауын атап, әжейдің үстіндегі киімнен сәйкестігін көрсету.
Іздену-ұйымдастыру
-Балалар, бүгінгі күні көбімізді апаларымыз бағып отыр, мамаларымыз жұмыста, бізге қарауға уақыты аз.Сондықөтан да бізді сеніп апаларымыздың қасына тастап кетеді.
Себебі үлкендер өте ақылды, бізге үйретері көп, бізге бар мейірімін береді, бізді жақсы көреді. Біз де кішкентай -бөпе болдық,сол кезден апалапымыз бізді бағуды мамамызға үйреткен. Бүгін әже бізге ұлттық бұйым -бесікпен таныстырады.
Әжей балаларға бесіктің қолданылу тәртібі жайлы түсінік береді
** Бесік жабдықтарының атауларымен таныстырады.
**Әже таныстыра отырып, бесікті іс жүзінде қалай пайдалану керектігін көрсетеді. Бөпе бөленді.
-Енді бесікті жайлап тербете отырып, жұбату әндерін айтамыз. Олар өте көп, себебі қазақ бар жақсыны балаларға арнаған
**Бесікке байланысты ырым сөздер де көп
Әжеймен қоштасу сәттері.
Балалар ұлттық бұрыштан бесікті алып келіп, әжейдің қасына қойып, айнала отырады.
**
Бөпе мазасызданбай, тазалықта тыныш ұйықтап, күшті болып өсу үшін бесіктің пайдасы көп екенін ұғынады
**
Бірлесе қайталайды.
Көрпеше, жастықшалар, қолтықшалар, түбек, шүмек, тартпа баулар, бесік жапқыш
**
Бірге қайталайды
«Әлди-әлди ақ бөпем
Ақ бесікке жат ,көкем
Жілік шағып берейін
Майлыаяқтың құйрығын жіпке тағып берейін»
**
Бірге қайталайды
«Бос бесікті тербетпе»
«Бесікті аяқпен теппе»
3. Қорытындылау.
- Бесік- бабамыздан қалған киелі мүлік.
Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша , қазақ атасы жатқан бесікке баласы, немересі, шөбере, шөпшегін бөлейді.
Бесікке салуды көрсету. ( фильмнен үзінді )
4.Жаңа материалмен жұмыс.
- Балалар, «Шаңырақ шуағы» бөлімін осы «Әлди,әлдимен» бастаймыз.
Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары , ұлағатты сөздері, көркем туындылары, ұрпақтан – ұрпаққа , атадан – балаға мирас ретінде жетіп отыр. Бұл тарту Атамұра деп аталады. Қазақ халқының дәстүрлі киім- кешегінен бастап , үй жиһаздары, ата – кәсіп құрал – саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер, туған тіл бәрі де мұра болған.
Басты мұралардың бірі – «Бесік жыры».
1) Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушыларға тізбектей оқыту.
Ереже:Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.
2) Сөздік жұмыс:
Жілік-
Үкі-
3) Мазмұнын талдау
– Осы бесік жырын айтып отырған ананың көңілі қандай?
- Әлди,әлди не үшін айтады?
- «Көп қиыннан өтерсің» жолының мағынасын түсіндіріп көр.
4) Топқа тапсырма:
I - Өлеңнен анасының баласын қалай жұбататынын тап.
II – Баласын жақсы көрген сезімін қандай сөздермен білдіреді?
III- Өлеңде айтылған мамандық түрлерін ата.
5) қорытындылау
- Анасы баласының кім болуын қалайды?
Ана тілегі:Ғалым,Батыр, Жігіт, Балуан, Шешен, Ұста
6)Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу.
бөпе бөпе
41-жаттығу.
*Өлеңді көшіріп жазу.
*Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар?Олар жуан ба,жіңішке ме?
- Бесік жыры баланы тыныштандырып, жұбатады екен. Балаға жағымды әуенмен айтылады, әуен- сазсыз мәні де, сәні де болмайды. Ендеше, «Бесік жырын» айтып көрейік.
5.Сергіту сәті: «Бесік жыры» (қимылға салып, орындау).
Әлди, әлди бөпем- ай,
Әлди әнге салам- ай.
Әлди әнге мен салсам,
Бөпем ұйықтап қала ма.
6.Ой – қиял . Топпен жұмыс.
Тапсырма: Жағдаяттарды талда.
І топ . «Көшпенді қазақ халқының өміріндегі бесіктің рөлі»
ІІ топ. «Мен бесікке салуға қарсымын».
ІІІ топ. «Мен бесікті қалаймын».
7. Топ жұмысын қорытындылау.
Ырым- тыйым сөздер:
Бос бесікті тербетпе.
Бесікті бір қолмен көтерме
Бесікті ашық қалдырма
Ана, бала туралы мақал –мәтелдер
IV. Сабақты қорытындылау. - Сабақ ұнады ма?
- «Бесік жырын» кім жазған?
- Бүгінгі сабақтан не алдың?
- Әрбір ана баласының адам болғанын қалайды, сол ананың тілегі орындалсын деп , «Тілек шоғын» жолдайық.
Балалардың тілегі.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма : «Әлди,әлди» өлеңін жаттау.
Сауат ашу. 31.01.2013 ж.
Тақырыбы: Диктант. «Мойнақ».
Мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін меңгерген деңгейін тексеру.Жуан және жіңішке дыбыстар ерекшелігімен айырамшылығына қарай ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық:Жазу дағдыларын машықтандыру.Сөздік қорын,логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелілік:Сауаттылыққа,көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру.
II. Психологиялық дайындық:
-Тақпақ айтқызу арқылы оқушылардың сабаққа назарын аудару.
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
III.Жаңа сабақ.
а) Сұрақ-жауап:
-Сөйлем нелерден құралады?
-Сөйлем сөздерден құралады.
-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?
-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.
-Сөйлем нешеге бөлінеді?
-Сөйлем 3-ке бөлінеді.
-Сөйлем түрлерін атаңдар?
-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.
-Мәтін нелерден құралады?
-Сөйлемдерден құралады.
-Мәтін қандай жолдан басталып жазылады?
-Азат жолдан басталып жазылады.
ә) Қаңтардың отыз бірі.
Диктант.
Мойнақ.
Мойнақ-өте сүйкімді кішкентай күшік.Ол балаларды жақсы көреді.Самат оған түрлі өнер үйретіп жүр.Мойнақ Саматтың айтқанын бұлжытпай орындайды.(20 сөз)
Грамматикалық тапсырма.
1.Жуан дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.
2.Дыбыстық талдау.
1-нұсқа.
«Өнер» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Өнер-ө-нер,2 буын,4 дыбыс,4 әріп,2 дауысты дыбыс,2 дауыссыз дыбыс.
Ө-дауысты,жіңішке дыбыс.
Н-дауыссыз,үнді дыбыс.
Е-дауысты,жіңішке дыбыс.
Р-дауыссыз,үнді дыбыс.
2-нұсқа.
« Күшік» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Күшік-кү-шік,2 буын,5 дыбыс,5 әріп,2 дауысты дыбыс,3 дауыссыз дыбыс.
К-дауыссыз,қатаң дыбыс.
Ү-дауысты,жіңішке дыбыс.
Ш-дауыссыз,қатаң дыбыс.
І-дауыссыз,жіңішке дыбыс.
К-дауыссыз,қатаң дыбыс.
IV.Қорытынды.Дәптерлерін жинап алу.
V.Бағалау.
VI.Үйге:44-беттегі «Малдың төлді сүюі» өлеңін мәнерлеп оқу.Сауат ашу. 01.02.2013 ж.
Тақырыбы: Диктант. «Кебеже».
Мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін меңгерген деңгейін тексеру.Жуан және жіңішке дыбыстар ерекшелігімен айырамшылығына қарай ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық:Жазу дағдыларын машықтандыру.Сөздік қорын,логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелілік:Сауаттылыққа,көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру.
II. Психологиялық дайындық:
- Тақпақ айтқызу арқылы оқушылардың сабаққа назарын аудару.
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
III.Жаңа сабақ.
а) Сұрақ-жауап:
-Сөйлем нелерден құралады?
-Сөйлем сөздерден құралады.
-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?
-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.
-Сөйлем нешеге бөлінеді?
-Сөйлем 3-ке бөлінеді.
-Сөйлем түрлерін атаңдар?
-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.
-Мәтін нелерден құралады?
-Сөйлемдерден құралады.
-Мәтіннің бірінші сөйлемі қандай жолдан басталып жазылады?
-Азат жолдан басталып жазылады.
ә) Ақпанның бірі.
Диктант.
Кебеже.
Айдос ағаш шебері.Оның түрлі саймандары бар.Ол ағаштан кебеже жасады.Кебеже әдемі болып шықты.Кебеженің ішіне сүр ет,құрт,май салып қояды.Кебежеге салған тамақ бұзылмайды.(28 сөз)
Грамматикалық тапсырма.
1.Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.
2.Дыбыстық талдау.
1-нұсқа.
«Сүр» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Сүр-сүр,1 буын,3 дыбыс,3 әріп,1 дауысты дыбыс,2 дауыссыз дыбыс.
с-дауыссыз,қатаң дыбыс.
ү- дауысты,жіңішке дыбыс.
Р- дауыссыз,үнді дыбыс.
2-нұсқа.
« Ет» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Ет-ет,1 буын,2 дыбыс,2 әріп,1 дауысты дыбыс,1 дауыссыз дыбыс.
е-дауыссыз,жіңішке дыбыс.
т-дауыссыз,қатаң дыбыс.
IV.Қорытынды.Дәптерлерін жинап алу.
V.Бағалау.Мадақтау.
VI.Үйге:45-беттегі «Әлди,әлди» өлеңін жаттау.
Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: Әжесі мен немересі.Жуан,жіңішке айтылатын сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ өнерін әлемге танытқан шешендік өнер туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік:Оқушыларды адамгершілікке, әділеттікке, мейірімділікке баулу.
Сабақтың әдісі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі, баяндау әдісі.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру, қайталау, СТО.
Сабақтың көрнекілігі: асық, ойын,сызба, сурет.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру.
II. Психологиялық дайындық:
- Тақпақ айтқызу арқылы оқушылардың сабаққа назарын аудару.
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
а)Сұрақ-жауап:
-Сөз нелерден құралады? Сызбасын көрсет.
-Сөз дыбыстардан құралады.
-Дыбыстар немен таңбаланады?
-Дыбыстар әріптермен таңбаланады.
-Дыбыстар дегеніміз не?
-Дыбыстарды айтамыз,естиміз.
-Әріптер дегеніміз не?
-Әріптерді көреміз,жазамыз.
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
-2-ге бөлінеді.
-Қандай болып бөлінеді?
-Дауысты,дауыссыз дыбыстар.
- Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.
-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.
-Дауысты дыбыстар әріптерін атаңдар?
-Дауысты дыбыс әріптері:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у,ю,я,ё,э.
-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.
-Қандай болып бөлінеді?
-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.
-Жуан дауыстыларды атап шық:а,о,ы,ұ.
-Жіңішке дауыстыларды атап шық:ә,е,ө,і,ү.
-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?
-Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.
-Дауыссыз дыбыстарды атап шық.
-б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у).
-Қазақ әліпбиінде неше әріп,неше таңба бар?
-40 әріп,2 таңба.
-Әліпби дегеніміз не?
-Әліпбиде әрбір әріптің аты аталып,орын реті белгіленеді.
-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз қалай айтылады?
-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.
-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз қалай айтылады?
-Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,сөз жіңішке айтылады.
ә) «Құттықтаймын,мама,туған күніңмен» өлеңін жатқа сұрау.
ІV.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-Ал сабағымыз өткенді қайталаудан басталады.
Шешендік сөздерде тілдің байлығы байқалады., халықтың бастан кешкен оқиғалары, ақыл-ой, арман-тілегі бейнеленеді. Шешендік сөздер адамды жақсы мінездерге үйретеді, бірлікке, татулыққа, үлкен-кішіні сыйлауға шақырады.
V.Оқулықпен жұмыс.
«Әжесі мен немересі» мәтінін оқып беру.
Рөлге бөліп оқуы.
VI.Тақырыпты бекіту, нығайту.
1-көрініс: «Әжесі мен немересі» оқушылардың көрініс ретінде қоюлары.
2.Тақтамен жұмыс.
Бәрі бірге Тәлім- тәрбие, өнеге беру, халқымыздың тіл байлығын меңгерту үшін пайда болады.Шешендік сөздер мазмұны халыққа таныс, құрылысы қалыптасқан терең ойлы, көркем тілді, үлгілі сөздер ғана шешендік сөз бола алады.
Ең алдымен халық шешендігі-түгіл сөз емес, тұтас сөздің түйіні, бір түйір дәні, халық арысына кең таралып, нақылға, тақпаққа айналып кеткен сөздер ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, тұтас бір халықтың даналық мектебіне айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |