Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет2/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Сабақтың көрнекілігі: Т т әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі,

-А а дыбысы бар сөздер ойлау.



VIІ .Сергіту сәті.

VIIІ.Жаңа білімді меңгерту:

б) Сурет бойынша әңгіме.

- Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Тау, тауық, таға, торсық, тарақ.

-Қане,осы сөздердің бірінші дыбысын байқайық.

-Қандай дыбыс естіліп тұр?

-Хормен айтып көрелік. -Қане,осы сөздердің бірінші дыбысын байқайық.

-Қандай дыбыс естіліп тұр?

-Хормен айтып көрелік.

-Қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс.

-Оны қайдан білдіңдер?

-Созылмайды, өлең айтуға келмейді, қысқа айтылады.

-Т дыбысының тағы да қандай ерекшілігі бар?

-Т қатаң дыбыс?



в)Т т - дыбысының баспа,жазба әріп таңбасымен таныстыру.

г) Сөздерді буынға бөлгізу. Та-уық, а-та, та-ға, тор-сық, та-рақ.

ғ)Кеспе әріптер кассасымен жұмыс.

Ата сөзіне дыбыстық талдау жасау.Ата деген сөзде неше буын бар?

- Ата деген сөзде екі буын болса, екі дауысты дыбыс болады. Бірінші буынды атаңдар?Екінші буынды атаңдар?

-та (3 рет оқу) ,та буынының алдына а-ны қосып оқыңдар? -Ата.

ІХ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.-Балалар,Т дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде келеді? Х.Дәптермен жұмыс.

Т- ның бас әрпі, т-ның кіші әрпі.

1 Ауада жазып үйрену.2 Тақтаға жазу. 3 Дәптерге жазу.

ХІ. Білімді бекіту:

- Балалар,Тт әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады.

-дыбысына қатысты бірнеше сөз ойлайық.

ХIІ. Сабақты қорытындылау:Тт әрпі және дыбысымен таныстық.



ХІІІ. Бағалау. Мадақтау.

ХІV.Үйге: 34 –бет.

Сабақтың тақырыбы: Тт дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Тт дыбысы және әрпі туралы алған білімін тереңдете отырып, пысықтау. 2. Ата салтымыздың кейбір элементтерін үйрете отырып, адамгершілік тәрбие беру.3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Тт әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, Т-тану.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақта алған білімдерін тексеру:-Т т дыбысы қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыс.

-Оны қайдан білдіңдер? -Созылмайды?-Тт әрпі сөздің қай жерінде жазылады?

-Басында, ортасында, аяғында. -Тт дыбысының тағы да қандай ерекшілігі бар? -Тт қатаң дауыссыз дыбыс?

ІҮ. Жаңа сабақ.а) - Суреттен кімді және нені көріп тұрсыңдар?- Баланы, атаны, қызды,ананы көріп тұрмыз. -Ал сендердің ата әкелерің бар ма?

Суреттегі адамдарға ат қояйық.ә) Сурет бойынша әңгіме құрату

Сергіту сәті.б) Буынды оқуға үйрету. Та, ата, ата, ат Ата сөзіне дыбыстық талдау жасау.-Ата деген сөзде неше буын бар?Ата-т д/з дыбыс, а д/ы дыбыс. Та-ашық буын.

ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру. 1. Тт дыбысынан басталатын сөз ойлау. 2. Ойлаған сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.3. -Балалар, Тт дыбысы қандай дыбыс? 4. -Сөздің қай жерінде келеді?в) Дәптермен жұмыс.

Т- ның бас әрпі. 1 Ауада жазып үйрену.

т- ның кіші әрпі. 2 Дәптерге жазу.

Ү. Білімді бекіту: - Балалар, Т әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Т әрпі және дыбысы туралы не білдік?


Сабақтың тақырыбы: П дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. П п дыбысы және әрпі жайлы оқушыларға мағлұмат беріп,таныстыру.Сөздегі орнын анықтай алуын бекіту.

2.Дыбыс, буын,сөз, сөйлем жайлы білімдерін толықтырып, жетілдіру. Дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру.

3.Сауатты,әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: П әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы,дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы,сөйлем сызбасы, кеспе

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, Пп -тану.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

IIІ. Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге жақсылық жасау үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Туған жерге жету үшін.



ІV.Өткенді қайталау.

а)Дыбыстық талдау, тақтада.

Ата,ат.


ә)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет? Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Қандай болып?

-Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан не құралады?(буын,сөз)

-Сөз дегеніміз не?Сызбасын көрсет.

-Сөйлем дегеніміз не? Сызбасын көрсет.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Т дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,қатаң)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқы айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Т дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында, аяғында)

-Т әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?



б)оқулықпен жұмыс.

Тізбектей оқытып, тексеру.



в)Әріпті диктант.

А , Т, а, т, та,ата,ат.



VI.«Сөз ойла, тез ойла!» ойыны.

-Т т дыбысы бар сөздер ойлаңдар.



VII.Сергіту сәті.

Там,там, тамшы, там

Там, там, тамшы там

Тамшы там, нөсерлет

Тамшыдан өсер көк.

VIII.Жаңа білімді меңгерту.

1.Жұмбақ шешу.

Ұзын мұрын жануар,

Мұрнымен су шашады.

Салпиған үлкен құлағы бар,

Тышқаннан қатты қорқады. (Піл)

2.Тіркеліп қаншама үй,

Алысқа сапар шегеді.

Дауысы ән мен күй,

Жүйіткіп ол келеді. (Поезд)
3.Мектептен табылар,

Отырады оған оқушылар. (Парта)

-Піл, поезд, парта сөздері қай дыбыстан басталған?

-Қандай дыбыс?

-Дауыссыз дыбыс.

-Оны қайдан білдіңдер?

-Созылмайды, өлең айтуға келмейді, қысқа айтылады.

-П дыбысының тағы да қандай ерекшілігі бар?

-П қатаң дыбыс?

г)П п - дыбысының баспа,жазба әріп таңбасымен таныстыру.

IХ.Оқулықпен жұмыс.

ғ ) Сөздерді буынға бөлгізу.

Піл, парта, дәптер, кітап.

-Неше буын?

-п дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?(басында, ортасында, аяғында)

-Парта сөзіне дыбыстық талдау жасау.Парта деген сөзде неше буын бар?

- Парта деген сөзде екі буын болса, екі дауысты дыбыс болады. Бірінші буынды атаңдар?Екінші буынды атаңдар?

д)Сөздерді оқыту.

Мұғалімнің оқуы.

Хормен оқу.

Тізбектей оқу.

е) Сөздік жұмыс.

Апта-бір аптада жеті күн бар.



Х.Сергіту сәті.

ХІ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.-Балалар,Т дыбысы қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде келеді?

ХІІ.Дәптермен жұмыс.

П- ның бас әрпі, п-ның кіші әрпі.

1 Ауада жазып үйрену.2 Тақтаға жазу. 3 Дәптерге жазу.

ХІІІ. Білімді бекіту:

- Балалар,П п әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады.

-дыбысына қатысты бірнеше сөз ойлайық.

ХIV. Сабақты қорытындылау:П п әрпі және дыбысымен таныстық.

ХV. Бағалау. Мадақтау.

ХVI.Үйге: 36-37 –бет.


20.Сабақтың тақырыбы: П дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. П дыбысы және туралы алған білімін пысықтау.

2. Дүние танымын қалыптастыр

3. Ой-өрісін дамыту, сөздік қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру.Естеріне түсіру.Хормен оқыту Жеке –жеке оқыту

ІҮ. Жаңа сабақ. а) Түсіндіру.

ә) П а,т әріптерінің орнын ауыстырса, буын өзгереді. Па а-па,ат,ат-па Та а-та

ап-та ат-па

б) Сурет бойынша сөйлем құрату.

в) П дыбысына қатысты сөз ойлау, буынға бөлгізу.Сергіту сәтін өткізу. Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту.

Ү. білімді бекіту, тиянақтау. Та, па қандай буын?Апа, апта, атпа сөздерін тақтаға жазғызу.г) Дәптермен жұмыс.П әрпіне берілгенді дәптеріне жазғызу. Сергіту сәті.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз қандай әріпті танып білдік? Не істеуге үйрендік?

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Н дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Н дыбысы және әрпі жайлы оқушыларға мағлұмат беріп, таныстыру. Сөздегі орнын анықтай алуын бекіту. Н әрпін дұрыс жазуға үйрету.

2. Дыбыс, буын,сөз, сөйлем жайлы білімдерін толықтырып, жетілдіру. Дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру. Ой-өрісін дамыту, сөздін қорын дамыту

3. Сауатты,әдемі жазуға тәрбиелеу.Аналарын құрметтеп6 сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Н әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы,дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы,сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

IIІ. Психологиялық дайындық:

ІV.Өткенді қайталау.

а)Дыбыстық талдау, тақтада.

Апа,апта.



ә)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не? Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Қандай болып?

-Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан не құралады?(буын,сөз)

-Сөз дегеніміз не?Сызбасын көрсет.

-Сөйлем дегеніміз не? Сызбасын көрсет.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-П дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,қатаң)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-П дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында, аяғында)

-П әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?



б)оқулықпен жұмыс.

Тізбектей оқытып, тексеру.



в)Көру диктанты.

Ат,апа,апта,атта,атпа,ата.



VI.«Сөз ойла, тез ойла!» ойыны.

-П п дыбысы бар сөздер ойлаңдар.



VII.Сергіту сәті.

VIII. Жаңа сабақ.

Жұмбақ жасыру.

1.Ас біткеннің анасы-

Қасиетті «нан» осы.

Қайсы әріптен басталған,

Соңғы әрпін де қарашы. (Н)
2.«Күн» мен «түн» сөзі немен аяқталады?

(«Н»әрпі)

г) Суреттер көрсету арқылы н дыбысына қатысты сөздерді атау.

д)Н н - дыбысының баспа,жазба әріп таңбасымен таныстыру.

Н әрпінде –екі тіреу,

Ортасында басқыш –біреу.

IХ.Оқулықпен жұмыс.

е) Суреттермен жұмыс.

Суреттегі сөздерді буынға бөлгізу.

Нан,ана,ант,атан.

-Неше буын?

-н дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?(басында, ортасында, аяғында)



-нан сөзіне дыбыстық талдау жасау.Нан деген сөзде неше буын бар?

- Нан деген сөзде екі буын болса, екі дауысты дыбыс болады. Бірінші буынды атаңдар?Екінші буынды атаңдар?



ж)Сөздерді оқыту.

Мұғалімнің оқуы.

Хормен оқу.

Тізбектей оқу.

е) Сөздік жұмыс.

Атан-деген түйе.



Х.Сергіту сәті.

Күннің нұры шуақ

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

.ХІ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру

.-Балалар,Н дыбысы қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерінде кездеседі?

ХІІ.Дәптермен жұмыс

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

Н- ның бас әрпі, н-ның кіші әрпі.

1 Ауада жазып үйрену.

2 Тақтаға жазу.

3 Дәптерге жазу.

ХІІІ. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық.

ХІV. Білімді бекіту: -Н әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?

- Н н әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

-Н дыбысы қандай дыбыс? Неге, дәлелде.-Қандай текшемен белгілейміз?

-Н дыбысына қатысты бірнеше сөз ойлаңдар.



ХV.Тіл дамыту.

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

ХVІ. Сабақты қорытындылау:Н н әрпі және дыбысымен таныстық.



Сабақтың тақырыбы: Н дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Н дыбысы және әрпі туралы алған білімін пысықтау.

2. Ой-өрісін дамыту, сөздін қорын дамыту.

3. Аналарын құрметтеп , сыйлауға тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі:: Н әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы,дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы,сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар,жапырақтар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап, бекіту, жұмбақ,тыйым сөздер.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Кәне, досым,тексерші,

Дайынсың ба сабаққа?

Орныңда ма,бүтін бе,

Дәптер, қалам, кітаптар?

Тұр ма сызғыш алдыңда,

Қолыңда ма қарындаш?

ІІІМақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІV. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

а)Дыбыстық талдау, тақтада.

Нан, ана.

Тыйым сөз, жаттау.

1.Нанды бір қолмен үзбе.

2.Нан уағын тастама.



V.Сергіту сәті.

Нан уағын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

ә)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не? Сызбасын көрсет? Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Қандай болып?

-Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан не құралады?(буын,сөз)

-Сөз дегеніміз не? Сызбасын көрсет.

-Сөйлем дегеніміз не? Сызбасын көрсет.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Н дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,үнді)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Н дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында, аяғында)

-Н әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

б)оқулықпен жұмыс.38-бетті.

Мұғалімнің оқуы.

Хормен оқыту.

Тізбектей оқыту,жеке –жеке оқытып,тексеру.


V. Жаңа сабақ.39-бет.

в) Жұмбақ шешу:

1.Өзі үлкен жануар,

Үстінде бір тауы бар.

(Нар)

-Бірінші тұрған қандай дыбыс?



2.Кірш-кірш етеді,

Ішіне кіріп кетеді.

(Ине)

-Н дыбысы қай жерде тұр?



VI. Оқулықпен жұмыс.

г)Суретпен жұмыс.Сурет бойынша әңгіме құру.

-Анасы туралы айтып беруі.

-Балалар мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар? -Ананы, баланы.

ғ) Сөздерді буындап қосып оқу.

а та а на пана а тан

а па нан та на а пан

панааптаатантана

д) Буындық талдау.

та па на

VII. Дәптермен жұмыс.

Н әрпіне үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу.

VIII .Сергіту сәті.

Нан уағын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

в) Н дыбысына қатысты сөз ойлау, буынға бөлгізу.

Х. Білімді бекіту, тиянақтау.

-Біз қандай әріптерді білеміз?

-А,п,т,н - қандай дыбыстар?

ХІ. Сабақты қорытындылау.

-Қандай әріпті қайталадық?

-Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?


Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға Ғ дыбысы мен оның әріп таңбасымен таныстыру.

.2.Сөздерді буынға бөлу арқылы білімдерін дамыта түсу, ғ дыбысы бар сөз,сөйлем табуына назар аудару,сөздік қорына мән беріп,байланыстыра сөйлеуге үйрету.Буын,жұмбақ шешу,жаңылтпаш айту арқылы игерген білімдерін бекіту. Сурет бойынша дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы сөздік қорын дамыту.

3.Оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту.



Көрнекіліктер: Ғ дыбысына байланысты суреттер,Ғ ғ әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі,

Сабақтың түрі:аралас

Сабақта пайдаланылатын әдіс-түрі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа дайындау

ІІІ.Психологиялық дайындық.

-Кәне, досым,тексерші,

Дайынсың ба сабаққа?

Орныңда ма,бүтін бе,

Дәптер, қалам, кітаптар?

Тұр ма сызғыш алдыңда,

Қолыңда ма қарындаш?

ІІІ . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

ә)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет? Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Қандай болып?

-Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан не құралады?(буын,сөз)

-Сөз дегеніміз не?Сызбасын көрсет.

-Сөйлем дегеніміз не? Сызбасын көрсет.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Н дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,үнді)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Н дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында, аяғында)

-Н әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

б)оқулықпен жұмыс.39-бетті.

Мұғалімнің оқуы.

Хормен оқыту.

Тізбектей оқыту,жеке –жеке оқытып,тексеру.



ІV.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

V. Жаңа сабақ

.-Балалар, сауат ашу сабағын жұмбақ шешуден бастайық.

в) Жұмбақ шешу:

1.Ұқсайды өзі шалғыға,

Елестет көз алдыңа.

Кәне, ойланып табайық,

Болды екен бұл қай әріп? (Ғ әрпі)

2.Көп әріп ішінде,-

Шалғы пішінде.

Тап, мұны түсін де.

(Ғ әрпі)

-Балалар, ғ дыбысын айтып көрейік.

-Ғ қандай дыбыс? (Дауыссыз,ұяң)

-Неліктен дауыссыз?

-Қандай текшемен белгілейміз?

г)Ғ ғ - дыбысының баспа,жазба әріп таңбасымен таныстыру.

-Ғ дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?



VI. Оқулықпен жұмыс.

ғ)Суретпен жұмыс.Сурет бойынша әңгіме құру.

-Балалар мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

-Ғарышкерді.

-Бірінші тұрған қандай дыбыс?

-Балға, шалғы, шаңғы сөздерін буынға бөліп айтайық.

-Ғ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі? (басында, ортасында)

д) Сөздерді буындап қосып оқу.

ға а ға та ға

на а на та на

па а па па на



VII. Дәптермен жұмыс.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

Н- ның бас әрпі, н-ның кіші әрпі.

1. Ауада жазып үйрену.

2. Тақтаға жазу.

3. Дәптерге жазу.

Ғ әрпіне үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу.



VIII .Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

ІХ. Жаңылтпаш жаттау.

Ағабай ағасын,

Ағатай ағасың!

Аға деп бағалар,

Ағаның бағасын.

(Хормен, топтап айтып уйрету)

Х. Білімді бекіту, тиянақтау.

-Біз қандай әріптерді білеміз?

-А,п,т,н - қандай дыбыстар?



ХІ. Сабақты қорытындылау.

-Қандай әріппен таныстық?

-Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?

-Ғ қандай дыбыс? (Дауыссыз,ұяң)

-Неліктен дауыссыз?

-Қандай текшемен белгілейміз?



ХІІ.Мадақтау.

ХІІІ.Үйге:40-бетті оқу.

Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты.

1. Оқушыларға өтілген Ғ дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау.

2. Оқушылардың сабақта сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы

сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі:аралас

Көрнекіліктер: Ғ дыбысына байланысты суреттер,Ғ ғ әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы,дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы,сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар,жұмбақ, жаңылтпаш.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:түгендеу,партаға дұрыс отыру. Оқушылармен амандасып, қажетті құралдарын алғызу.Сыныпты сабаққа дайындау.

Сабаққа зейінінаудару.



ІІ.Психологиялық дайындық.

-Кәне, досым,тексерші,

Дайынсың ба сабаққа?

Орныңда ма,бүтін бе,

Дәптер, қалам, кітаптар?

Тұр ма сызғыш алдыңда,

Қолыңда ма қарындаш?

ІІІ . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

Біз күздегі жапырақпыз,

Бұтақтарға жабысқан.

Жел соқты да ұшып кеттік,

Ұшып кеттік алысқа.

Жерге баяу қонақтадық,

Тағы соқты жел келіп.

Жапырақты көкке ұшырды,

Ауада сәл тербеліп,

Тағы қондық жерге біз.

-Жердегі жапырақтарды бір-бірден алып,оларда жазылған тапсырмаларға жауап берелік.

а)Дыбыстық талдау.

Ата,апта,атан,аға, таға.



ә)Сұрақ-жауап:

-Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет? Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Қандай болып?

-Дауысты дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

-Дыбыстан не құралады?(буын,сөз)

-Сөз дегеніміз не?Сызбасын көрсет.

-Сөйлем дегеніміз не? Сызбасын көрсет.

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Ғ дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,ұяң)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Ғдыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

-Ғ әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

б)оқулықпен жұмыс.40-бетті.

Мұғалімнің оқуы.

Хормен оқыту.

Тізбектей оқыту,жеке –жеке оқытып,тексеру.



ІV.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет