Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет42/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:- Бүктеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?- Не үшін әр түрлі етіп бүктейміз?

Ү.Сабақты қорытындылау:Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегіне баға беру.
Қағаздан көгершін жасау.

Сабақтың мақсаты: Қағаздан көгершін жасау тәсілдерімен таныстыру.2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. 3. Ойлау қабілетін дамыту.

Жабдықтау: картон. түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: а) Қағаз қапшықтың жасалу реті:

Қағаздан дөгелектер қию (1,2,3,4)1Үлкен және орташа дөңгелектерді екіге бүктеңдер.2Орташа дөңгелектің жиегін3Қайшымен қиыңдар.4 Бұл- қанаты..5Үлкен дөңгелекке басты жапсыратын нүкте белгілеп, оған орташа дөңгелекті желімдеңдер.6Тұмсығы мен көзін жасаңдар. Дайын көгершінге жіп өткізіңдер



ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Көгершін қандай бөліктерден тұрады?-Олардың бөліктерін немен бекітуге болады?

Өзіндік жұмыс:Өз беттеріңмен суретке қарап (1 2 3 ) Құлынның бейнесін жасаңдар. Құлынның мүсінін қосымша элементтермен толықтырыңдар.

Ү. Сабақты қорытындылау:Оқушылардың жұмысын салыстыра отырып, еңбегін бағалау.

26. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Шаршы өрнегі

Сабақтың мақсаты: 1. Түсіндіру.2. Әдіс-тәсілімен таныстыру. 3Танымдылық қабілетін дамыту.Жабдықтау: Қайшы , түрлі-түсті қағаз, желім.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: а) Түсіндіру.Әжелер үшбұрышты, төртбұрышты мата қиықтарынан құрақ көрпелер қрайды. Шаршы қиықтардан алуан түрлі өрнектер де құрауға болады. пайдаланады.






27. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Тізбек құрастыру.

Сабақтың мақсаты: Қағаздан тізбек құрастыру тәсілдерімен таныстыру.2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. 3. Ойлау қабілетін дамыту.

Жабдықтау: түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: а) Шырша жасалу реті:1Қағаз парағын аламыз2 Оны теңдей етіп екіге бүктейміз 3Дөңгелек сызамыз.4Қағазды сызық бойымен дөңгелектеп қиямыз.5Дайын жұптанған шиыршықты бір-біріне желімдейміз.
























ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Шыршаны қандай қағаздан жасайсың?-Оның түсі қандай болады?-Шыршаны қай мерекеде безендіреді?-Мұндай шамды неден жасауға болады?

Ү. Сабақты қорытындылау: Біз не жасауды үйрендік?
28. Үйірме: ШеберлерСабақтың тақырыбы: Салфетка тігу

Сабақтың мақсаты: 1. Түсіндіру.2. Әдіс-тәсілімен таныстыру. 3. Танымдылық қабілетін дамыту

Жабдықтау: Қайшы , мата, түрлі-түсті жіп, ине.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: а) Түсіндіру.Салфетканы жай матадан дайындау керек.1. Матадан шаршы,төртбұрыш қиып алыңдар. 2. Салфетканы сәндеудің реті мынадай:а)Шетін суырып тастауә)Матаға қажет мөлшерде шаршы сызық түсіреміз. б)Сызық бойынша шеттерін көктеп тігеміз.

ә) Кестелеп тігу:Көктеп тігу тәсілімен өте әдемі кесте түсіруге болады. Түрлі-түсті жіптен тігілген кесте ерекше көз тартады.





ІҮ. Жаңа білімді тексеру:- Салфетканы қандай матадан тіккен дұрыс?-Салфетканы кестелеп сәндеуге бола ма?

Ү. Сабақты қорытындылау:Біз нені үйрендік?


Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақ

Сабақтың тақырыбы: Оригами әдісімен Саңырауқұлақ жасауды үйрену 2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. 3. Ойлау қабілетін дамыту.

Жабдықтау: түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: а) Оригами-жапон сөзі. Ол «бүктелген қағаз.» дегенді білдіреді.

Оригами тәсілімен әп-әдемі ойыншықтар, гүл және алуан түрлі заттар жасауға болады.Қағазды екіге бүктеп қайта жазыңдар. «Жарма есік» секілді етіп қағаздың екі шетін бүктеңдер.3. Орта тұсынан белгілеп, Бүктемені аударыңдар.4. Екі шетін ортасына қайырып бүктеңдер.

5. Бүктеудің жоғарғы жағын басып тұрып,төменгі бүктеудің екі ұшын алып, оның бүктеуі жазыңдар. 6. Енді айналдырып аударыңдар.






























ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Оригами сөзі қандай мағынаны білдіреді?-Оригамиді қандай қағаздан жасаған қолайлы?-Өз бетіңше қандай модельдер жасай аласың

Ү .Сабақты қорытындылау: Біз не жасауды үйрендік?

Еңбекке баулу. 02.ХІ.2012ж.

Сабақтың тақырыбы:Қорытынды .

Сабақтың мақсаты:

1.Өткен сабақты қайталай отырып,қорытындылап,оқушылардың қағазбен жұмыс істеу ережелерімен,қағазды бүктеу және орау тәсілдерін қайталау.

2.Жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

Жабдықтау: түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Қорытынды сабақ:

а) Қауіпсіздік ережелері:

Қағазбен жұмыс істеген кезде абай бол.

Қағаз жиектері саусақты зақымдауы мүмкін.

ә) Оригами-жапон сөзі. Ол «бүктелген қағаз.» дегенді білдіреді.

-Бүктеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?

-Не үшін әр түрлі етіп бүктейміз?

Қағазды бүктеу тәсілдері:

1.Қағазды сыртқа қарай бүктеу.

2.Беттестіріп бүктеп,жиектерін түзету.

3.Бүктелген жерін бас бармақпен түзету.

4.Бүктелген жеріне тегістеуішпен қыр шығару.

б)Қағазды қатпарлап бүктеу.

1.Парақтың ортасын белгілеу.

2.Екі қабаттап бүктеу.

3.Үш қабаттап бүктеу.

4.Төрт қабаттап бүктеу.Бүктелген жерді тегістеп сыртқа қарай бүктеңдер.

Оригами тәсілімен әп-әдемі ойыншықтар, гүл және алуан түрлі заттар жасауға болады.



IV.Практикалық жұмыс.

1.Қағазды екіге бүктеп қайта жазыңдар.

2.«Жарма есік» секілді етіп қағаздың екі шетін бүктеңдер.

3. Орта тұсынан белгілеп, Бүктемені аударыңдар

4. Екі шетін ортасына қайырып бүктеңдер.

5. Бүктеудің жоғарғы жағын басып тұрып,төменгі бүктеудің екі ұшын алып, оның бүктеуі жазыңдар.

6. Енді айналдырып аударыңдар.





























V. Жаңа білімді бекіту:

-Оригами сөзі қандай мағынаны білдіреді?

-Оригамиді қандай қағаздан жасаған қолайлы?

-Өз бетіңше қандай модельдер жасай аласың?



VІ .Сабақты қорытындылау:

- Біз не жасауды үйрендік?



VІІ.Бағалау.Мадақтау.

«Көрме» ұйымдастыру.



30. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Мысық

Сабақтың мақсаты: Оригами әдісімен мысық жасауды үйрену

2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. 3. Ойлау қабілетін дамыту.



Жабдықтау: түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.а) Түсіндіру.Бір мысықты мүсіндеп, аппликациялап бейнеледік. Ал оригами тәсілімен жасалған мысық қандай болып шығар екен.?

ІҮ. Жаңа білімді бекіту.-Оригами қандай мағынаны білдіреді?

-Өз бетіңше қандай модельдер жасай аласың? -Оргамиді қандай қағаздан жасаған қолайлы?



Ү. Сабақты қорытындылау: Біз не жасауды үйрендік?


ІІІ-тоқЕңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Қоңыз.

Сабақтың мақсаты:

    1. Оригами әдісімен қоңыз жасауды үйрену .

    2. Ойлау қабілетін дамыту.

3. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

Жабдықтау: түрлі-түсті қағаз ,желім, қайшы.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Түсіндіру.

1. Бір парақ қағаз алып, суретте көрсетілгендей етіп бүктейміз.

2. Бүктелген қағазға назар аударайық:Бұл-дайындама.

3. Жоғарғы қабаттың екі бұрышын бүктейміз.(3. 4, 5-суреттер.)

4. Көзінің суретін салу.

ә) Қайшымен жұмыс кезіндегі еңбек қауіпсіздік ережесі.

-Сендер қайшыны түрлі бұйымдарды қиюға пайдаланасыңдар.

1.Қайшыны бір-бірлеріңе тек қана доғал жағымен ұсыныңдар.

2.Қайшымен қиған кезде сол қолдың саусақтарының қайшыдан алысырақ болуын қадағалаңдар.

3. Қайшыны дұрыс ұстаңдар.

IV.Практикалық жұмыс.

Оқушылардың орындауы.



V. Жаңа білімді бекіту

-Оригами қандай мағынаны білдіреді?

-Қоңызды жасау үшін не істейсің?

- Ретімен айт.

VI. Сабақтықорытындылау:

-Біз не жасауды үйрендік?




Еңбекке баулу.

Сабақтың тақырыбы: Кішкене кеме құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

1. Мозаика тәсілімен қағаздан кеме құрастыруды үйрену.

2. Ой-өрісін дамыту.

3.Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.



Жабдықтау: түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

*Желіммен жұмыс істеу кезіндегі еңбек қауіпсіздік ережесі.

-Желіммен заттың бір бөлігін екінші бөлігімен біріктіруге болады.Желімді қағазға қылқаламмен жағады.Заттың бөліктерін желімдеуге желімдегіш қарындаш, ПВА желімін пайдалануға болады.



*Желіммен жұмыс істеген кезде орамал,алжапқыш, жеңсе кию керек.

-Үстелдің бетіне клеенка төсе.

-Желімді көз,мұрынға,ауызға жақын ұстама.

Желім көзге тиіп кетсе сумен жу.

-Қол сүртетін дымқыл шүберек болсын.

-Жұмыс кезінде алаңдама әрі өзгелерге кедергі жасама.Жұмыс соңында желімнің қақпағын жауыпқой. Қылқаламды және ыдыстарды жу. Қолыңды да сабындап жууды ұмытпай, бөлмені желдет.

1.Егер желімдеуге кеңсе желімін пайдалансаңдар, онда желім жағуды бұйымның ортасынан жағу керек.

2.Желімдеген парақтардың үстіне таза парақ салып, екі қолмен тегістеңдер.

3.Жұмыс істеуге үлкен және кішкентай қылқаламдар қажет.

*Қайшымен жұмыс кезіндегі еңбек қауіпсіздік ережесі.

-Сендер қайшыны түрлі бұйымдарды қиюға пайдаланасыңдар.

1.Қайшыны бір-бірлеріңе тек қана доғал жағымен ұсыныңдар.

2.Қайшымен қиған кезде сол қолдың саусақтарының қайшыдан алысырақ болуын қадағалаңдар.

3. Қайшыны дұрыс ұстаңдар.

IV. Практикалық жұмыс.а) түсіндіру.

1,2 суреттегі кеме түрлі-түсті қағаздан құрастырылған.Түрлі-түсті қағаздан әр түрлі фигуралар құрастыруға болады.Олар фигураларға белгілі бір сән береді.

Мысалы: жираф, піл, көбелек, аққала т. б.

V. Білімді бекіту.

-Берілген фигуралар қандай пішіндерден құралған?

-Біркелкі пішіндерді қалай қиып алуға болады?

-Аққала мозаикасының құралу ерекшелігі неде?



VI.Бағалау. Мадақтау.

VII.Үйге тапсырма: Өз бетіңмен кеме құрастыр.

33. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы:Кішкене кеме құрастыру.

Сабақтың мақсаты:1. Технмкалық құрастыру әдіс-тәсілімен таныстыру.2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. 3. Ой-өрісін дамыту.

Жабдықтау: түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақа) Техникалық құрастыру туралы түсіндіру.Техникалық құрастыру дегеніміз жеке бөліктерді бір-біріне біріктіру арқылы әр түрлі бұйымдар жасау.Құрастыру бөліктері қағаздан, ағаштан, пластмассадан, металдан немесе керамикадан жасалады. Олардың бөліктерінен алуан түрлі құрылымдар құрастыруға болады.

Құрал-саймандар: Қажетті бөлшектер.

Бұрауыш, Қоспа

Кілт. Қайырма

Тістеуік. Бүкпе

Бұранда және бұрама.



ә) Үлгі бойынша құрастыру.1) Тіреуіштің жоғарғы жағын бұранда мен бұраманың көмегімен бүкпеге бекітіңдер.2) Тіреуіштің төменгі жағын да бұранда мен бұрама арқылы бекітіңдер. 3) Үлкен және кіші қайырма мен бір қоспадан орындық құрастырыңдар. 4) Бұранда мен бұраманы пайдаланып, оларды бекітіңдер.

ІҮ. Білімді бекіту.-Әткеншек құрастыруға қажетті құралдарды ата.-Әткеншек бөлшектерін атап шық.

Ү.Үйге тапсырма: Үлгіге қарап әткеншек құрастырыңдар.

ҮІ.Сабақты қорытындылау.Бүгінгі сабақта не жасауды үйрендік?

Еңбекке баулу.

Сабақтың тақырыбы: Суретпен схема бойынша тикұшақ құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

1. Техникалық құрастыру әдіс-тәсілімен таныстыру.

2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

3. Ой-өрісін дамыту.



Жабдықтау: Конструктор.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

а) Техникалық құрастыру туралы түсіндіру.



Техникалық құрастыру дегеніміз жеке бөліктерді бір-біріне біріктіру арқылы әр түрлі бұйымдар жасау

.ә) Үлгі бойынша құрастыру.



1) Сурет немесе сызбаны пайдаланып бөліктерден машина құрастырып үйрену бойынша құрастыру.

2) Тікұшақ құрастыру

3). Капоттың құрылымын өзгертіңдер.

4). Күнқағар қосып құрастыр.



ІҮ. Білімді бекіту:

-1-суреттегі қандай машина.?

Қандай машина маркаларын білесің?

-Өзің жасаған машина соның қай түріне жатады?

-Доңғалақтары неден жасалған?

Ү.Үйге тапсырма:

Үлгіге қарап ұшақ құрастырыңдар.



ҮІ. Сабақты қорытындылау:

-Бүгінгі сабақта не жасауды үйрендік?



Еңбекке баулу.

Сабақтың тақырыбы: Матамен жұмыс істеуәліппесі.

Сабақтың мақсаты: 1. Матамен жұмыс істеу әліппесі туралы түсінік беру, матаны неге пайдаланамыз.

2. Еңбек етуге баулу. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Жабдықтау: Қайшы , ине, жастықша.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

а) Түсіндіру.

1. Мата түрлеріне тоқталу.

2. Матаны өндіру ерекшелігі.

3. Матаны бір-бірінен ажырату.

4. Матаның өң беті мен теріс бетінің ерекшелігі.



ә) Матадан бұйымдар тігу.

Құралдарды пайдаланып матадан бұйымар тігеді. Ол «іс тігу « деп аталады.Матаны арнайы құралдар- қайшы мен иненің көмегі арқылы өңдейді.Ал бұл құралдарды пайдаланудың өзіне тән ережелері бар. Соны біліп алу керек.



б) Құралдарды пайдалану ережелері:

1.Қайшы мен инені доғал жағымен ұсыну керек

.2.Ине мен түйреуішті ауызға салуға, киімге түйреуге болмайды.

3. Іс тігіп болған соң ине мен түйреуішті түгендеп шығу керек

.4. Ине мен түйреуішті арнайы жастықшаға түйреп қою керек.

ІV. Жаңа білімді тексеру:

Матаның қандай түрлерін білесің?

- Оларды неден өндіреді?

- Матаның қандай беттері бар?

- Матаның қағаздан қандай айырмашылығы бар?

V.Сабақты қорытындылау:Біз нені білдік?

36. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Инені сабақтау, көктеп тігу,жіптің ұшын түю.

Сабақтың мақсаты: 1. Түсіндіру.2. Әдіс-тәсілімен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Жабдықтау: Қайшы , ине, жастықша.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. а) Түсіндіру.1. Инені сабақтау:Жіптің жуандығы мен тігетін матаның қалыңдығы сәйкес болуы керек.

Жіп жуан болса, иненің көзі де үлкен болу керек. жіптің ұзынығын мөлшерлеп алу ды үйренеміз. Жіпті иненің көзінен өткізіп,, ұшын қайшымен қиямыз.2. Көктеп тігу.Көктеп тіккенде тігіс біркелкі түсуі керек. Тігіс арақашықтығы да біркелкі болуы керек.3.Жіпті қолмен тартып, тістеп үзуге болмайды.4. Оймақты сұқ саусаққа немесе ортаңғы саусаққа киеді.5. Көктеп тігіп үйрену. 3. Жіптің ұшын түю:Кез-келген тігіс соңында жіптің ұшы түйіледі. Түйін мата астарында қалуы тиіс. Астарда жіп салбырап тұрмауы керек. Тігістің әдемі түсуі ептілікке байланысты.



ІҮ. Жаңа білімді тексеру.-Инені қалай сабақтайды?-Көктеп тігуде нені білуіміз керек? - Оймақты не үшін киеді?-Жіпті қалай қияды?

Ү. Сабақты қорытындылау:Біз нені білдік?
37. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Түйме қадау.

Сабақтың тақырыбы: 1. Түсіндіру.2. Әдіс-тәсілімен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

3. Танымдылық қабілетін дамыту.



Жабдықтау: Қайшы , ине, мата, түйме жіп.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. а) Түсіндіру.Түйме қадаудың әдіс-тәсілі мынадай:1. Түйме қадауды матаның өң бетінен бастайды.2. Түйме көзінен өткен жіпті бостау тартамыз.3. Түймені қадап болған соң жіпті түйме астына орайды.4 Түйме қадап үйренейік:

Ү. Жаңа білімді тексеру.-Түймені не үшін бостау қадайды?-Жіп түйіні матаның қай бетінде қалады? - Оймақты не үшін киеді?-Жіпті қалай қияды?

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз нені білдік?
38. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Қол орамалды сәндеу, кестелеп тігу.

Сабақтың тақырыбы: 1. Түсіндіру.2. Әдіс-тәсілімен таныстыру. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Жабдықтау: Қайшы , мата, түрлі-түсті жіп, ине.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. а) Түсіндіру.1.Қол орамалды сәндеу.Қолорамал-мейрамда тарту етілетін тамаша сыйлық. Қолорамалды сәндеудің реті мынадай:1)Матаны таңдап аламыз.

2)Матаға қажет мөлшерде шаршы сызық түсіреміз. 3)Сызық бойынша қиып аламыз. 4)Шеттерін көктеп тігеміз5).Кестелеп сәндейміз.ә) Кестелеп тігу.Көктеп тігу тәсілімен өте әдемі кесте түсіруге болады. Түрлі-түсті жіптен тігілген кесте ерекше көз тартады.






Ү Жаңа білімді тексеру.- Қолорамалды қандай матадан тіккен дұрыс?-Қолорамалды кестелеп үйрену.

ҮІ Сабақты қорытындылау:Біз нені үйрендік?

39.Кестелеп тігу.Сабақтың тақырыбы: Кестелеп тігу

Сабақтың мақсаты: 1. Кестелеп тігу жолдарымен таныстыру.2. Кесте тігу арқылы оқушының қол өнерге деген қызығушылықтарын дамыту.3. Инемен жұмыс істеу барысында оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әдіс-тәсілдері: Түс сұрақ- жауап көрнекілік практикалық.

Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: Кестелі орамал ,ине, жіптер, мата.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:Қолорамалды сәндеу.

ІІІ. Жаңа материалмен таныстыру.-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:

Кестелеп тігу деп аталады.1Кестені тігу үшін қандай заттар қажет?2Кестенің қандай түрлерін білесіңдер.



IV. Жаңа сабақ.Көктеп тігу тігісімен өте әдемі кесте түсіруге болады. Түрлі түсті жіптен кесте ерекше көз тартады.Кестені көрсету.

- - - - - - 1 сурет .



  • - - - - - -

  • - - - - - - 3 сурет


2- сурет



V. Практикалық бөлім. Көктеп тігу тігісімен түскен кестенің өзіңе ұнағанын таңда (1,2,3,). Өз қолдарыңмен көктеп тігу тігісімен кестені тігу.
VІ. Қорытынды бөлім. Оқушылардың сабақта орындағын жұмыстарына талдау жасау.

VІІ. Үйге тапсырма беру,бағалау:Өз есіміңнің алғашқы әрпін сүлгіңе немесе қол орамалыңа кестеле.

40. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Шашақты қолорамалды сәндеу.

Сабақтың тақырыбы: 1. Түсіндіру.2. Әдіс-тәсілімен таныстыру. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Жабдықтау: Қайшы , мата, түрлі-түсті жіп, ине.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. а) Түсіндіру. 1.Шашақты қолорамалды сәндеу.Матадан шаршы қиып алыңдар. Шашақты қолорамалды сәндеудің реті мынадай:1)Шетін суырып тастау2)Матаға қажет мөлшерде шаршы сызық түсіреміз. 3)Сызық бойынша шеттерін көктеп тігеміз.ә) Кестелеп тігу.

Көктеп тігу тәсілімен өте әдемі кесте түсіруге болады. Түрлі-түсті жіптен тігілген кесте ерекше көз тартады.





ІҮ. Жаңа білімді тексеру.- Қолорамалды қандай матадан тіккен дұрыс?-Қолорамалды кестелеп үйрену.

Ү. Сабақты қорытындылау:Біз нені үйрендік?

41. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Шаршы ою-өрнектер

Сабақтың мақсаты: 1. Түсіндіру.2. Әдіс-тәсілімен таныстыру. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.Жабдықтау: Қайшы , мата, түрлі-түсті жіп, ине.

Сабақтың мазмұны:

І Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ Жаңа сабақ.а) Түсіндіру.Шаршы ою-өрнектер көркем бұйымдарды әшекейлеу үшін жиі пайдаланады. Бұрын шаршы өрнектермен киізденжасалған бұйымдарды әшекейлеген. Мысалы киім, ыдыс салатын арнайы қаптардың өң бетін ою-өрнектермен аппликациялаған.Қазіргі уақытта Мұндай қаптарды Қолданбайды. Шаршы ою-өрнектерді қазір кілем, төсек-жапқыш, жастық сияқты бұйымдарды әшекейлеу үшін пайдаланады.



ІҮ. Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?
42. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Шаршы өрнегі

Сабақтың тақырыбы: 1. Түсіндіру.2. Әдіс-тәсілімен таныстыру. 3. Танымдылық қабіетін дамыту.

Жабдықтау: Қайшы , түрлі-түсті қағаз, желім.

Сабақтың мазмұны

І .Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Жаңа сабақ.а) Түсіндіру.Әжелер үшбұрышты, төртбұрышты мата қиықтарынан құрақ көрпелер қрайды. Шаршы қиықтардан алуан түрлі өрнектер де құрауға болады. пайдаланады.
















ІҮ. Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік

Еңбекке баулу. 15.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы:Ерлер мен әйелдер киімдерінің түрлері. «Сәукеле».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ерлер мен әйелдер киімдерінің түрлерімен таныстыру. Сәукеле бас киімін модельдеп,қағазға сызып,пішуді түсіндіру.

Дамытушылық:Танымдылық қабілетін дамыту.Бұйымды сапалы,әдемі істеуге дағдыландыру

Тәрбиелілік:Ұлттық киімді қастерлеп,сақтап ұстауға тәрбиелеу.

Жабдықтау: Қайшы ,түрлі-түсті қағаздар,қарындаш, желім.Үлгі,сурет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

а)*Желіммен жұмыс істеу кезіндегі еңбек қауіпсіздік ережесі.

-Желіммен заттың бір бөлігін екінші бөлігімен біріктіруге болады.Желімді қағазға қылқаламмен жағады.Заттың бөліктерін желімдеуге желімдегіш қарындаш, ПВА желімін пайдалануға болады.

*Желіммен жұмыс істеген кезде орамал,алжапқыш, жеңсе кию керек.

-Үстелдің бетіне клеенка төсе.

-Желімді көз,мұрынға,ауызға жақын ұстама.

Желім көзге тиіп кетсе сумен жу.

-Қол сүртетін дымқыл шүберек болсын.

-Жұмыс кезінде алаңдама әрі өзгелерге кедергі жасама.Жұмыс соңында желімнің қақпағын жауыпқой. Қылқаламды және ыдыстарды жу. Қолыңды да сабындап жууды ұмытпай, бөлмені желдет.

1.Егер желімдеуге кеңсе желімін пайдалансаңдар, онда желім жағуды бұйымның ортасынан жағу керек.

2.Желімдеген парақтардың үстіне таза парақ салып, екі қолмен тегістеңдер.

3.Жұмыс істеуге үлкен және кішкентай қылқаламдар қажет.



*Қайшымен жұмыс кезіндегі еңбек қауіпсіздік ережесі.

-Сендер қайшыны түрлі бұйымдарды қиюға пайдаланасыңдар.

1.Қайшыны бір-бірлеріңе тек қана доғал жағымен ұсыныңдар.

2.Қайшымен қиған кезде сол қолдың саусақтарының қайшыдан алысырақ болуын қадағалаңдар.

3. Қайшыны дұрыс ұстаңдар.

V.Жаңа сабақ.

ә)Түсіндіру.

Әр ұлт өз киімін өздерінің ұлттық ою-өрнегімен әшекейлеп, безендіреді.Барлық ұлттық киідер әсем әшекейленеді. әр киімнің ерекшелігіне қарап ,қай ұлттың киімі екенін бірден тануға болады.

Қазақтың ұлттық киімі ұлттық ою-өрнекпен әшекейленеді.

Қырғыздікі қазақтікіне ұқсастау болады.Орыстың ұлттық киімі, өзбектің ою-өрнегі, ұйғырдың ою-өрнегінде аздаған ұқсастықтар бар ,яғни гүлге ұқсас болып келеді.

Қазақ халқында бас киімнің түрі көп.Соның бірі –сәукеле.Сәукеле –кестелеп,сырып тігілген жеңіл бас киім.

б)Түрлі түстерді еске түсіру.

Сұрақтар:

-Негізгі бояулардың түсін атаңдар?

-Негізгі қызыл,сары,көк түстер.

V.Сергіту сәті.

Солға, солға түзу тұр.

Алақанда шапалақ...

Оңға,оңға түзу тұр.

Алақанда шапалақ...

Алға қарай бір адым

Алақанда шапалақ...

Артқа қарай бір адым

Алақанда шапалақ.

Шыр көбелек айналып,

Орнымызды табайық.

VІ.Сарамандық жұмыс.

-Сәукеленің қызыл немесе жасыл түсті қағаздан қиып,ал оюларына сары түсті қолданамыз.

1.Қазақ қыздарының ұлттық сәукелесінің үлгісін қағаздан қиып құрастыруүшін әуелі сәукеленің үлгісін пішеді.

2.Енді сәукелені әсемдеген өрнектердіқияды.

3.Оқушыларою-өрнектерді жоба арқылы қиып, қазақтың бас киімін ұлттық ою-өрнекпен әшекейлеу.

4.Қиылып алынған оюларды ұқыптап сәукелеге желімдейміз.

5.Қуыршаққа қазақтың ұлттық бас киімін кигіземіз.

VІІ.Қорытынды:

-Қатырма қағаздан қиып алынған қалай аталады?



VІІІ.Бағалау.Көрме ұйымдастыру.Көрмеге ең таңдаулы жұмыстарды қою.

ІХ.Үйге:100,101-беттегіні орындап келу.

ІҮ.Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?
44. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Зергерлік өнер

Сабақтың мақсаты: 1. Зергерлік өнер туралы түсінік беру.2. Эстетикалық тәрбие беру. 3. Өнерге деген құштарлығын арттыру.

Жабдықтау: дәнектер, моншақтар, жұмсақ сым.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: а)Түсіндіру.Зергерлік өнер деп бағалы металдар мен асыл тастардан сәндік бұйымдар жасауды айтады.Зергерлер металдар мен асыл тастардан алқа, сәнді түйреуіш, сақина, сырға, тұмарша жасайды. Суретте тұмаршаның екі түрі берілген. Тұмарша сәттілік пен бақыт әкеледі деп есептелген. Ол жамандық пен қырсықтан,тіл көз тиюден сақтайды. Зергерлік бұымдарды әйелдер мен қыздар мейрамда киетін киімдерімен тағады. Зергерлік бұйымдар жеңіл материалдардан жасалады. Олардың сыртқы пішіні қарапайым болады.

ІҮ. Білімді бекіту.Дәнектерден, моншақтардан зергерлік бұйым жасау

Ү. Оқушылардың білімін тексеру.-Сен әшекейлік әсемдік бұйымдар тағасың ба?-Олар неден жасалған?

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?






45.Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Қошқар мүйіз оюы.

Сабақтың мақсаты: 1. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру, қағазды үнемдеп қолдану. Еңбек мәдениетін көтеруге баулу.2. Эстетикалық тәрбие беру. 3. Өнерге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.а) Түсіндіру.Қазақтың ұлттық бұйымдарында « қошқар мүйіз» ең негізгі ою-өрнек ретінде бейнеленеді. Бұл оюлы бұйымдарды әшекейлеу үшін пайдаланылады.1.Қағаз парағын теңдей етіп екіге бүктейміз.2. Бүктелген қағазға қалып үлгіні пайдаланып «қошқар мүйіз» оюын саламыз3 Қиямыз.4 Бояймыз

















ІҮ. Білімді бекіту.-Қошқар мүйіз қандай киімдерді әшекейлеу үшін пайдаланылады?-Бұл ою неліктен «қошқар мүйіз» деп аталады?

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?
ІV-тоқсан

46. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Орыс халқының ою-өрнектері

Сабақтыңмақсаты:1. Орыс халқының ою-өрнектерімен таныстыру. Еңбек мәдениетін көтеруге баулу.2. Эстетикалық тәрбие беру. 3. Өнерге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың мазмұны:Ү

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.а) Түсіндіру.Әр халықтың өзіне тән бір ұлттық ерекшелігі болады екен. Мысалы киім киюінде, ас әзірлеуінде, немесе сәндікбұйымдаржасауында.Мысалы мынадай ойыншықтарына қарап, оларқарапайым, бірақ өте сәнді екенін көріп тұрмыз. Мұндай ойыншықтарды,ермексаздан немесе саздан жасауға да болады Олар филимоновтықойыншықтар деп аталады.Оған салынған ою-өрнектеріне назар аударайық:

2. Өзіміз осындай ойыншық жасап көрейік.



ІҮ. Білімді бекіту.-Филимоновтық ойыншықта не бейнеленген.?- Қалып үлгі (1 2 3 4) бойынша қағаздан аппликация құрастыру.


Ү.Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?
47. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Тоқу сатылары. Тілше өру.

Сабақтың мақсаты: 1. Тоқуға арналған сатыларды дайындап алуға үйрету.2. Шебер болып өсуге баулу.3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.а) Түсіндіру.Үш тұтам иірілген жіптен бір өрім тілше өреміз.Алдымен ширатылған үш жіптің де басын біріктіріп. түйіп байлаймыз. Мұндай жағдайда жіптің жоғарғы ұшы тарқатылмайтын болады.Байланған ұштарын жастықшаға бекітеміз. Үш жіптен өру арқылы түрлы белгілер салуға, белдік байлау, білезік жасауға болады. Қыздар бұрымдарын үшөрім етіп өреді.Жұмыстың орындалу ретісуретте көрсетілгендей.1Жіптің түсін өздерің таңдаңдар.2Тілше мен жіптің ұзындығын анықтап алыңдар3Алдымен ені мен ұзындығы бірдей жолақтар таңдап аламыз.4. Тоқу үшін жолақты міндетті түрде жолақтарды екіге бүктеу керек.

ІҮ. Білімді бекіту. -Неліктен жіпті түйіп қояды?-Оны қалай істейді?Жолақтарды неден дайындауға болады?

Ү. Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?




48. Еңбекке баулуСабақтың тақырыбы: Ыдыс қойғыш тоқу.

Сабақтың мақсаты: 1. Тоқуға арналған сатыларды дайындап алуға үйрету.2. Шебер болып өсуге баулу.3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.а) Түсіндіру. Тоқудың ең қарапайым түрі-екі жолақты тоқу. Ыдыс тоқу үшін жасыл және қызыл түсті жолақтар аламыз.Оларды 133 беттегі үлгіге қарап тоқимыз. Ыдыс қойғыштың шетін дөңгелектейміз.

ІҮ. Білімді бекіту. -Ыдыс қойғышты тоқуға жолақтың қай түрін таңдайсың? Екі жолақтан қорап тоқып үйрену. Жолақтарды неден дайындауға болады?

Ү. Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?
49.Күлтебас жасау.Сабақтың тақырыбы : Күлтебас жасау.

Сабақтың мақсаты:1. Жіптен күлтебас жасау жолын түсіңдіру.2. Күлтебас жасау арқылы оқушылардың қол икемділіктерін дамыту. 3. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, қол өнерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақтың әдістемелік тәсілі:

Сабақтың қолданбалы көрнекілігі: Күлтебас

Сабақтың пайдаланатын құралдары: жіп, қайшы, қатты қағаз.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Жіптен құрамақ құрастыру.

ІІІ. Жаңа материалдармен танысу.Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: «Күлтебас жасау» деп аталады.137 бет.

ІV. Жаңа сабақ.1.Күлтебасты қандай бұйымдарда пайдаланамыз?2.Күлтебасты неден жасауға болады?

V. Практикалық бөлім. Күлтебас жасау тәсілі.137 бет. 1- 4 сурет бойынша жасау.

VІ. Қорытынды бөлім.- Күлтебастан қандай ойыншық жасауға болады?- Күлтебасты қуыршаққа айналдыруға болады.- Оқушылардың жасаған күлтебастарын тақтаға іліп қою.

VІІ. Үйге тапсырма беру,бағалауКүлтебасты бас киімге тігу.
50. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Күлтебасты қуыршаққа айналдыру.

Сабақтың мақсаты: 1. Еүлтебас жасау тәсілімен таныстыру.2. Шебер болып өсуге баулу.3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.а) Түсіндіру. Жай жіппен йірілген жіптен өте әдемі қуыршақ жасауға болады.Оны жасау қиын емес. Алдымен сендер күлте бас жасап үйренулерің керек. Өйткені біз күлтебастан қуыршақ жасап үйренемізКүлтебас жасау сатылары суретте көрсетілген. Біз өткен сабақта күлтебас жасаудың әдіс-тәсілімен танысқанбыз Енді күлтебасты қуыршаққа айналдыруды үйренейік: «Сызба бойынша орындау)

ІҮ. Сабақты қорытындылау.-Жіпті қалай дайындап аламыз?-Күлтебас жасау үшін не істейміз?-Күлтебасты енді неге айналдыруға болады?

Ү. Үйге тапсырма: баланың немесе ғарышкердің фигурасын жасау.
51. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Жұмсақ сымнан құрамақ құрастару.

Сабақтың мақсаты: 1. Жұмсақ сымнан құрамақ құрастыру тәсілімен таныстыру 2. Шебер болып өсуге баулу.3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.Жұмсақ сымнан өрнек ию. Жұмсақ сымнан ою июАлма, алмұрт құрастыр.

ІҮ.Жаңа білімді бекіту.Үй жануарларын құрастыр.

Ү. Сабақты қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма,бағалау: Жылқы құрастыру.
52. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Жұмсақ сымнан жиһаздар құрастару.

Сабақтың мақсаты: 1. Жұмсақ сымнан жиһаздар құрастыру тәсілімен таныстыру 2. Шебер болып өсуге баулу.3. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.140 беттегі суретте үстел мен орындықтың бірнеше түрі берілген Үстел беті мен орындықтың отырғышы түрлі –түсті қағаздан жасалған Қалған бөліктері- кәдімгі иілгіш сым.2. Иілгіш сымнан қалаған үстел немесе орындық жасау,

ІҮ. Жаңа білімді бекіту.Сымнан білезік, сақина, сырға құрастыру.

Ү. Сабақты қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма: әр түрлі бұйымдар жасап үйрену..
53. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктерін күту.

Сабақтың мақсаты. Көктемгі ауыл шаруашылық жұмыстары туралы мағлұмат беру. 2. Эстетикалық тәрбие беру. 3. Еңбек етуге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. а) Бөлме өсімдіктерін күту туралы түсінік беру. Гүлдер біздің бөлмелерімізге сән беріп тұрады. Олар әдемілік үшін ғана өсірілмейді, сондай-ақ ауаны оттегімен тазартады.Бөлме өсімдіктеріне үнемі күтім қажет.Оларды күтуге топырақ қоспаларын сұрыптау, суғару, қоректендіру, топырағын қопсыту, жапырағы мен сабағының шаңын сүрту, жұмыстары жатады.Өсімдіктерді бөлме температурасындағы сумен суғару керек. Жазда күн сайын, қыста сирегірек суғарады. Құмырадағы топырақтың құрғап кетпеуін қадағалап тұру қажет.Өсімдіктерді тұнған сумен суғарады. Тамырына ауа жетіп тұру үшін таяқшамен қопсытады. Өсімдіктердің шаңын дымқыл шүберекпен төменнен бастап тазалайды. Олардың жапырағын шаңнан тазартқанда аса ұқыпты болу керек.ә) Жаңа білімді тексеру:Бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреді?Оларды қалай күту керек?Өсімдік шаңын не үшін сүртеді?

ІҮ. Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақта не жайында білдік?
54. Үй жануарларын күту.Сабақтың тақырыбы: Үй жануарларын күту.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға үй жануарларын күтуді үйрету. Баланың адамгершілік қабілетін дамыту.Үй жануарларын дұрыс күте білуге, малды қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі .- Оқушылардың сабақ. Ұйымдастыру .

ІІ. Үй тапсырмасн тексеру. Суғарудың түрлері. Суғарудың қандай түрлерін білесіңдер.

ІІІ. Мақсат қою Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы:Үй жануарларын күту деп аталады. Үй жануарлары дегеніміз қандай жануарлар?1. Үй жануарларын қалай күтеміз?2. Үй жануарларын ата3. Үй жануарларының пайдасын атаңдар.4. Төрт түлік мал туралы не білесіңдер?5. Үй құстары жайлы ше?

ІV.Жаңа сабақ.1). Тауық, үйрек, қаз – үй құстары.Бұлардың еті мен жұмыртқасы тамақ үшін пайдаланамыз.2). Сиыр, қой, ешкі, жылқы туралы әңгімелеу.3) Қыста үй жануарларын қалай күтеміз4) Сенің үйіңде қандай құстар бар?5) қандай үй жануарлары бар?Сергіту сәті.Малдың төлдері. Өлеңін айту.

V Сабақты бекіту.Үй жануарлару туралы не түсіндік?

VІ.Қорытынды бөлім.а) мақалдар айту.ә) жұмбақ шешу.

VІІ. Үйге тапсырма беру,бағалауАта – анаңа үй жануарларын күтуге көмектес.
55. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Тұқым себуге дайындық Үлескіні тұқым себуге дайындау.

Сабақтың мақсаты. Көктемгі ауыл шаруашылық жұмыстары туралы мағлұмат беру. 2. Эстетикалық тәрбие беру. 3. Еңбек етуге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ. а) Тұқым себуге дайындық жұмыстары туралы түсінік беру Тұқым себер алдында олардың жарамдылығын тексеріп алады. Ол үшін тұқымды суға салады. Жарамды тұқым ыдыс түбіне шөгеді. Ал жарамсызы су бетіне қалқып шығады.Себуге арналған тұқымның жарамдылығын суретке қарап –ақ үйреніп алуға болады.Тұқымның ең ірілерін таңдап алады.ә) Үлескіні түқым себуге дайындау.1. Топырақты тырмамен тегістеу жіне қопсыту. (96 бет)2. Ұялар әзірлеу.3. Жерге сызықтар жүргізу.4. Ұсақ тұқымдарын себу.

ІҮ. Жаңа білімді тексеру:Тұқымның жарамдылығын қалай тексеруге болады?Неліктен тұқымның бірі ыдыс түбіне шөгіп, екіншісі су бетіне қалқып шығады.Бақылау:Тұқымның көктеуін бақылау.Тұқымнан өсіп шыққан өскінге көңіл бөлу.

Ү. Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақта не жайында білдік?

56.Үлескіні тұқым себуге дайындау.Сабақтың тақырыбы: Үлескіні тұқым себуге дайындау

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды үлескіне тұқым себуге дайындау
жұмыстарымен таныстыру. 2. Үлескіде жұмыс жасау арқылы оқушылардың еңбекке де қызығушылықтарын дамыту. 3. оқушыларды ұқыптылыққа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ әдіс-тәсілдері: сарамандық жұмыс

Сабақ пайд.құр: тырма, тұқым, жер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңіТұқым себуге әзірлеу.1. тұқымның жарамдылығын қалай тексеруге болады?2. Неліктен тұқымның бірі ыдыс түбіне шөгіп, енді біреуі суға қалқыпшығатынын дәлелде.

ІІ. Жаңа материалман таныстыру. - Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы: Үлескіні тұқым себуге дайындау деп аталады.1. тұқымды қалай себеді?2. Тұқым себу үшін бізге нелер қажет болады?

ІІІ.. Жаңа сабақ.Үлескіні тұқым себуге дайындау: Топырақты тырмамен тегістеу және қопсыту.Ұялар әзірлеу.Жерге сызықтар жүргізу.Ұсақ тұқым себу.

ІV. Қорытынды бөлім.96 бет сурет бойынша жұмыс ретін айту.

V. Үйге тапсырма беру,бағалауҚайталау.
57. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Үлескідегі жұмыс түрлері.

Сабақтың мақсаты: Үлескідегі жұмыс түрлерімен таныстыру. 2. Еңбек етуге баулу.3. Сана- сезімін дамыту..

Жабдықтау:

Сабақтың мазмұны

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ.а) Түсіндіру.1. Жер жыртылады. Топырақты тырмамен тегістейді. Екі таяқшаға жіп байлап.үлескінің екі шетіне қадап, атыз тартады.2. Атызға ірі тұқымды қолмен егеді.3. Топырақты қопсытады.4. Көшет отырғызады.5. Көшеттерді суғарып тұрады.6. Күз мезгілінде көкөністерді жинайды.7. Көкөністер менгүлдерді себезгімен суғарады.8. Егіс танаптарында орамжапырақ, қызанақ, картоп, бұрыш сияқты көкөністерді атыз арқылы суғарады.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту.

1. Үлескіде қандай жұмыстар істеледі?

2. Ірі тұқымды қалай егеді?

3. көкөністер мен гүлдерді қалай суғарады?

4. орамжапырақ, қызанақ, картоп, бұрыш өсімдіктерін қалай суғарады?

Ү. Сабақты қорытындылау: Біз нені білдік?


58.Суғарудың түрлері.Сабақтың тақырыбы: Суғарудың түрлері.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға суғарудың түрлерін таныстыру.Бөлме өсімдіктерін суғару арқылы оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік жетілдіру.Суды үнемдеуге, дұрыс пайдалануға, ластамауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақ әд.т: Түс сұр- л.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үлескідегі жұмыс түрлерін ата.

ІІІ. Мақсат қою..Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: Суғарудың түрлері деп аталады.Өсімдіктер дұрыс өсіп шығу үшін не қажет?Суғарудың қандай түрлерін білесіңдер?

ІV.Жаңа сабақ.Суғарудың түрлері: а) 99 бет сурет бойынша әңгіме құрау.ә) Көкөністер мен гүлдерді себезгімен суғару.б) Егіс танаптарында орамжапырақ, қызанақ, картоп тағы басқа арқылы суғаруға болады.

V. Дәптермен жұмыс. Дәптерге себезгі арқылы суғарылып жатқан гүлдің суретін салыңдар.

VІ. Қорытынды бөлім.Атыз арқылы суғару әңгіме айт.

VІІ. Үйге тапсырма,бағалау:99 бет оқу. әңгімелеу.
59.Көрме ұйымдастыру.

Бейнелеу өнері. 31.10.2012ж.
Сабақтың тақырыбы: Сызықтар нені білдіреді?

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға сызықтар түрлерімен таныстыру. Сызықтардан заттардың суреттерңн сала білуге үйрету.

2.Сурет салу іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылық ой-қиялын дамыту.

3.Шыдамдылыққа, төзімділікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:сурет дәптері,бояу қарындаштар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үлескідегі жұмыс түрлерін ата.

ІІІ. Мақсат қою айту.

ІV.Жаңа сабақ

Сызықтардың түрлері:

Толқынды, иір-иір, тік, және қисық сызықтар.

Сызықтар айқын,әлсіз,жіңішке, нәзік, жалпақ, мығым болады.

Заттың пішінін көрсететін сызықты контур деп атайды. Түрлі фломастерлер мен қарындаштар қағаз бетінде түрлі түсті іздер қалдырады.


Мына сызық найзағай жарқылындай қатқыл мінезді.


Бір қалыпты толқынды сызық



Сызық жасқаншақ әрі үркек.



V. Дәптермен жұмыс.

Дәптерге енді сиқырлы сызықтар арқылы екі түрлі ағаштың суретін саламыз. Біреуі мейірімсіз сиқыршының бағында өседі де, екіншісі мейірімді сиқыршының бағында өседі.

Ертегі әлеміндегі кейіпкерлер отырғызған бақтағы ағаштарды көз алдыңа елестетіп, суретін сал. Мысалы,Алтыншаш,Қаршаханым, Жалмауызкемпір,Қарамерген,Дию,Қаңбақшал, және басқалардың бағында өсетін ағаштар.

Сол бақ туралы әңгімелеп бер. Суретін салуға да болады.



VІ. Қорытынды бөлім.

VII.Көрме ұйымдастыру.
VІІІ. Бағалау.Мадақтау.ІХ.Үйге тапсырма:36-39 беттер.

Пәннің аты: Бейнелеу өнері. 30.01.2013 ж.
Сабақтың тақырыбы: Өрнек түрлері.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру. Ою-өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып оқушылардың шеберлігін ұштау.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, жылдамдық, шапшандық, көрегендік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру ұйымшылдыққа, ең бексүйгіштікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, өзінің және өзгенің уақытын бағалауға үйрету.
Сабақтың құрал-жабдықтары: Ою-өрнектің негізгі сегіз элементінің көріністері, ою-өрнек бейнеленген көрнекілік.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Жаңа тақырыпты әңгімелеу. Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерінің алғашқы үлгілері андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінен зерделенген. Шетелдік (В. Куррер), кеңестік (С. В. Иванов, В. В. Стасов, Ф. К. Волков, С. А. Давыдов, Н. Ф. Думцов, т. б.) және қазақ ғалымдары Ә. Марғұланның, Т. Бәсеновтың, Е. Масановтың, М. Мұқановтың және т. б. зерттеу материалдарын айтсақта жеткілікті. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектердің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды еңбектер жазып, деректер келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе, Шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық денелерге ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға зерттеген. Мысалы, геометриялық денелерге ұқсас сынық сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (үшбұрыш, төртбұрыш), т.б. қайдан шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықса керек, кейбіреулері жан-жануарлардың ішкі-тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек. Тағы біреулері өсімдіктердің әртүрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұтақтарының, сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ой-қиялынан туған дейді. Демек, ою-өрнектердің шығу тарихы, олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.


Ұлттық ою-өрнек түрлері. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Бұл жерде 360-қа тарта түрлері қарастырылады.
Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі боп келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі мәнерлі өнер әдісі - ою-өрнек элементтерін меңгеру болып табылады.
Ою-өрнек сөзі өзінің нағыз мәнін толығымен аша алмайды, оның заңдылықтары тек өнерде ғана емес, табиғатта, ғылымда, техникада болғандықтан өрнектің мәнін өлшемсіз кең түрде ашуға болады. Жалпы, өрнек атауының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктеуге болар еді.
1. Ай, күн, жұлдыздарға (космогониялық) – көк әлеміне байланысты өрнектер. Оларға «ай», «айшық», «жұлдызша», «күн нұры», «күн көзі», «күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «ай-таң», «ай-гүл», «ай таңба», «түнгі ай», «жұлдыз», «аққан жұлдыз», «үркер» секілді жұлдыздар жатады.
2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың негізін «қошқармүйіз» өрнегі қалайды. «Өркеш», «түйе табан», «түйе мойын», «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз» т.б.
3. Аңға байланысты өрнектер: «Бөріқұлақ», «түлкібас», «бөрікөз», «иттабан» т.б.
4. Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер: «алақұрт», «жылан», «құмырсқа», «көбелек», «шыбынқанат», «тышқан із».
5. Құстарға байланысты өрнектер: «құсқанат», «қазтабан», «қазмойын», «құсмойын», «құс тұмсық», «қарға тұяқ» т.б.
6. Өсімдік бейнелі өрнектер: «арпабас», «үш, бес.алты, сегіз, он екі жапырақты гүлдер», «гүл», «жетігүл», «жауқазын», «жапырақ», «шытырман» т.б.
7. Қару-құралдарға байланысты өрнектер: «балта», «ебелек», «өрім-өрмек», «өткерме», «шарбақ», «түйме», «безгек», «нөр», «ожау», «қармақ», «қайнар», «желі» т.б.
8. Геометриялық ою-өрнектер: «қос тұмарша», «балдақ», «омыртқа», «ирек», «тарақ», «қаңқа», «қос дөңгелек» және т.б.
ІІ. Сабақтың тақырыбын түсіндіру: Ал енді бүгін танысқан ою-өрнектерімізді есімізге сақтап қалуымызға тырысайық. Төрт топқа бөлінген оқушылардың алдарына араласып жатқан ою-өрнектердің элементтерін талдап топқа бөлуін талап ету.
Бірінші топқа: Космогониялық
Екінші топқа: Зооморфтық
Үшінші топқа: Өсімдік бейнелі өрнектер
Төртінші топқа: Геометриялық өрнектер
Топтап бөліп болғаннан кейін тақтаға сурет салу арқылы оқушыларға ою-өрнек элементтерінің түрлерін салып үйрету, қолдарын жаттықтыру.
ІІІ. Оқушылардың өзіндік жұмыстары.
Салып жатқан өрнектің пішімін анықтау; жобалау және үйлестіру жолдары; суретті салу процессі; жұмыстарын аяқтау
IV. Сабақты бекіту. Сұрақ қою арқылы сабақты бекіту. Ою-өрнектерді зерттеген ғалымдарды атап беріңдер. Өрнектердің неше түрлері мен атаулары бар? Ою-өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады?
Оқушылардың жұмыстарын көрме ұйымдастырып салыстыру арқылы бағалау.
V. Сабақтың қорытындысы

VI.Бағалау.Мадақтау.


Бейнелеу өнері. 13.02.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық өрнектер.
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың ою - өрнек туралы түсініктері мен шеберлік дағдыларын

қалыптастыру.

Дамытушылығы: Есте сақтау қабілетін дамыту, қолөнерге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі: Шеберлікке, үнемділікке тиянақтылыққа баулу, әдемілікті сезіне білуге, шебер адамдарын құрметтеуге, олардың еңбектерін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Топтық сайыс сабақ.

Сабақ типі: Қорытынды сабақ.

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме, альбом, бағалау парағы, қағазға жапсырылған оюлар, кесте тігістері, матаға басылған оюлар.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, математика.
Қажетті құрал – жабдықтар: Ақ, түрлі – түсті қағаз, желім,

қайшы, бір түсті маталар, ине, жіп.

Қауіпсіздік ережесі: Қайшымен, желіммен дұрыс жұмыс жасау.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі: А) оқушыларды түгелдеу.

Б) құрал жабдықтарын тексеру. (2 минут)

2. Сайыс сабақ

Топқа бөлу

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

3 топқа ақ қағаз тартылады.
І. Қандай ою - өрнектердің түрін білесіңдер? деген сұраққа әр топ жауаптарын жазады. (5 минут)

(Ботамойын, қошқармүйіз, түйемойын, бұғымүйіз, сынармүйіз, қармақ, бүршік, ирек, толқын, сынықмүйіз, қолтықша, арқармүйіз, құсқанаты, шырмауық, ғарыш сипаттағы өрнектер).
ІІ. Түрлі – түсті қағаздан ою қиып, ақ қағазға жапсыру. (5 мин)

Әр топ өздері жасаған ою - өрнектерін ақ қағазға жапсырады.
ІІІ. Қиған оюларын матаға орналастырып тігу. (15 минут)

Әр топ өздері «қошқармүйіз» оюын матаға орналастырып тігеді. (көктеу)
IV. Сұрақ – жауап. (10 минут) Әр топ сұраққа жауап береді.
І топ:
Қазақ халқы қандай оюды ерекше пайдаланады? (қошқармүйіз)
Симметрия дегеніміз не? (бүктелген бөліктердің екеуі де дәл келуін симметрия дейді).
Ою - өрнектер кімнің қандай бөлшегіне орналасады? (алдыңғы өңір жиектеріне, жеңіне, етегіне т.б)
ІІ топ.
Қағазға оюды қандай тәсілмен орындайды? (бір бүктеу, екі бүктеу, үш бүктеу, т.б күрделеніп орындалады)

Ою - өрнекпен қандай бұйымдарды әшекейлейді? (қоржын, түскиіз, текемет, жүкаяқ, кебеже т.б)

Бұйымға орналасқан оюды уақытша қандай тігіспен орындайды? (көктеу тігісі).
ІІІ топ:
Ою - өрнек дегеніміз не? (қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді)

Қандай өрнектер қазақ ою - өрнек өнерінің негізі болып табылады? (мүйіз бейнелі айшықтар)
Сәукелені кімдер киеді, оны немен әшекейлейді?

(Сәукеле – қалыңдықтың бас киімі. Оны алтын, күміс, маржан

тастармен әшекейлейді)
V. Қорытынды:Бұл бөлімде үйден дайындап келген оюларын

тапсырады. (5 минут)
Тапсырма: Ою - өрнектің күрделі тігу. (1 минут)

Бағалау парағы: Әр топты бағалай отырып, қай топтың жеңіске жеткенін айтамын. (2 минут)

Сабақ тақырыбы:Өрнек түрлері. 30.01.2013 ж.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға өрнек, оның түрлері, жасалу жолдары туралы малұмат беру. Оюдың мағынасын түсініп, жаңа үлгілірін өз шығармашылығында орындау, оюды оя білуге үйрету.

2. Дамытушылығы: Оқушыларға қағазды қию, бүктеу, жапсыру тәсілдерін меңгерту; шығармашылық ізденісін дамыту; икемділігін, сабаққа қызығушылығын арттыру;

3. Тәрбиелігі: өрнек оя отырып, оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу; эстетикалық талғамын арттыру; қолөнерге, еңбекке баулу.

Әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: « Өрнек түрлері» буклетті, « Өрнектіңқолданылуы» суретті плакат, сөзжұмбақ – «Қолөнер», тест сұрақтары.

Пәнаралық байланыс: еңбек.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Жұмыс орынын ұйымдастыру, құрал – жабдықтарын түгендеу.

2. Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбын хабарлап, ою – өрнек туралы баяндау.

Қазақтың «Ою» және «Өрнек» деген сөзі бірге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ою – өрнек бір затты ою, кесу, тілу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, киылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.

Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – сырмақ, текемет, көрпеше, кілем, сандық, кебеже, жүкаяқ беттерін,киім – кешектерді, ыдыс – аяқтарды, қару – жарақ, зергерлік бұйымдарды безендіруде қолданылады.

Ою – өрнек түрлері мен атаулары көп. Ғылымда ою – өрнектерді 4 топқа бөледі. Олар: жануарлар тектес; өсімдік тектес; геометриялық және ғарыштық деп бөлінеді.

Оюдын әрбір элементінде құрамында терең мағына, үлкен мән бар. Ою – өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, теекмет, сырмақ, сандық т.б. қолданылады.

Қабырғаға ілінген түс киіз, кілем, сырмақтағы кестелерге, өрнектерге зер салып қарасақ, әрбір ою – өрнектің мағынасы бар екенің байқаймыз. Ою – өрнектің мағынасы жайында мынанадай аңыз-әңгіме бар екен.

Баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында қалған ауылына кестелеген кішігірім бет орамалды керуеншілерден сәлемдеме ретінде беріп жібереді. Орамалдың бетінде ұшқан құс пен, жаңа бүршік атып келе жатқан гүл бейнеленіпті. Мұны көрген ата-анасы:

-Е, қызымыз әуедегі құстай емін-еркін, жайрандап өмір сүріп жүр екен,-деп мәз болысады.

Бір-екі жыл өткен соң керуеншілер әлгі қыздан тағыда бір бет орамал әкеледі. Онда орамалдың жиегі бүрмеленіп, ортасына түрегеліп тұрған ер адам мен жүресінен отырған әйелдің бейнесі кестеленіпті. Мұны көрген ата-анасы:

-Қызымыз бұрынғы сауық-сайраннан, бас бостандығынан айырылып, торға түскен торғайдай болыпты, бейшараның күйеуі қатал адам екен, өзінен төмен ұстайтын көрінеді,- деп қынжылыпты.

Міне, ою-өрнектерді «сөйлетіп», ою арқылы ойымызды білдіруге болады екен.

Ою-өрнек ойып үйренуге түрлі түсті қағаз, қайшы, қарындаш,желім сияқты құралдарымыз д дайындаймыз.

Қағазды бүктеу, оюды дұрыс сызу, сызылған оюды дұрыс қию тәсілдерін көрсету.

Қағазды бір бүктеу тәсілін көрсету. Жұмыс барысында қағазды үнемдеп пайдалануды ескеру.



3. Тапсырма.

Түрлі-түсті қағаздан өз киялдары бойынша ою-өрнек құрастыру, қиып, жапсыру. Тақтаға бірнеше үлгілерін көрсету,іліп қою.



4. Топпен жұмыс.

Оқушылыларды үш топқа бөлу.Әрбір топқа тест сұрақтары беріледі. Тест сұрақтарына оқушылар бірлесіп жауап береді.



1 - топ

1. Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді?

а. 5


ә. 3

б. 4


2. Геометриялық ою-өрнектерге қай ою жатады?

а. Қошқармүйіз

ә. Тұмарша

б. Бүршік



3. Ағаштан жасалған ұлттық ыдыс?

а. Торсық

ә. Ожау

б. Саба

2 – топ

1. Жануар тектес ою-өрнек?

а. Ирек

ә. Айшабибі

б. Сынық мүйіз



2. Ыдыс-аяқ салатын тұрмыстық бұйым?

а. Аяққап

ә. Абдыра

б. Адалбақан



3. Аспан әлеміне байланысты ою-өрнек?

а. Шұғыла

ә. Жіліншік

б. Өркеш

3 – топ

1. Өсімдіктік ою-өрнекке қай өрнек жатады?

а. Айшық


ә. Балдақ

б. Бүршік

2. Қыздарға арналған ұлттық бас киім?

а. Сәукеле

ә. Кимешек

б. Тақия



3. «Ою-өрнек» атауы қай сөзден шыққан?

а. Живопись

ә. Орнамент

б. Натюрморт



Ою-өрнек туралы мақал-мәтелдерін сөздерінің орнын тауып жалғастыру.

1. Үйренгеніңөзіне құт,

Істегенің еліңе кұт.

2. Үлгісі көптіңөрнегі көп,

Өрнегі көптің ермегі көп.

3. Асыл қайшы пішуге сән,

Күміс қасық ішуге сән.

5.Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта ою-өрнек туралы мағұлмат алып, оны қиып үйрендік. Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден ақөнердің барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, мәдени асыл қазынаныңөзекті бір саласына арналған.

6. Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

7. Үйге тапсырма беру.

Қағазды екі бүктеп, ою үлгілерін қию, түсті қағаздарға жапсыру.

Сабақтың мақсаты: Ұлттықөнерді өскелеңұрпаққа үйрету. Оюдың түрлері,шығу тарихы туралы мағлұмат беру.

Үй тапсырмасы тексеру.

Сұраққа жауап:

а) Оюлар мәні мен мақсатына қарай неше топқа бөлінеді және оларды ата!

Жауабы: 4 топқа бөледі. 1) Өсімдік тектес оюлар

2) Жан- жануарлар дүниесіне қатысты

3) Геометриялық оюлар

4) Аспан әлеміне қатысты оюлар

б) Ою мен өрнектіңқандай айырмашылығы бар? Жауабы: Ою біріншіден, ол ағашты қашау құралымен ойып,бедер салуды білдірсе,екіншіден бұйымға салынатын әшекейдің бір бөлшегі. Ал өрнек-оюдың бірнеше бөліктерінен құралған топтамасы.

в) Өнер туралы қандай дана сөздер білесіңдер? Жауабы: «Адамды өнер танытар», «Өнер көзі халықта», «Өнер талаптыдан туар» т.б.

Биология: Үй жиһазының бірі алаша, осы алашаға салынатын оюдың анатомиялық аты. Жауабы: Таңдай

Оюшы –маман.

Мұғалім: Адамныңөзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің бірі-мамандық таңдау. Осы орайда қазақ халқының ата кәсібі көп болған,ал біз таңдаған кәсіп-оюшы. Оюшы кез-келген адамныңқолынан келе бермейді. Біз бүгін осы мамандықты жалғастырып, оқушылар өз туындыларын жасап көрсетеді. (Оқушылар ортаға шығып,өз туындыларын көрсетеді.)

Тест «Ою-өрнек»

1. Ертеде ою-өрнекті матаға түсіру үшін қандай тәсіл қолданған?

а) қарындаш

ә) уыз

б) бор


2. Көне әлемге байланысты өрнектер?

а) шұғыла

ә) тышқан

б) көбелек

3. Ою-өрнектің неше түрі бар?

а) 300 б) 500

ә) 400

4. Гүл оюы нені бейнелейді?



а) бейбітшілік

ә) қуаныш

б) дархан

5. «Қой аузынан шөп алмайтын момын» теңдеуі қай түлікке арналған?

а) итқұйрық

ә) сынық мүйіз

б) қошқар мүйіз

6. Аңдарға байланысты ою-өрнек.

а) бөріккөз

ә) алақұрт

б) тайтұяқ

7. Жануар тектес ою-өрнек.

а) иттік

ә) ботакөз

б) құмырсқа

8. Геометриялық ою-өрнек.

а) құсмұрын

ә) сүйір


б) жауқазын

9 Қандай ою магиялық оюға жатады?

а) шимай

ә) шиыршық

б) тұмарша

Ойын – «Тапқырлық»

Жұмбақ шешу,осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін ата.

Таптым,таптым топ жорға

Табаны жалпақ боз жорға

Жауабы. Оюлар: ботагөз,түйетабан,өркеш.

Екі айнасы бар

Екі найзасы бар

Төрт сылдырмағы бар

Бір шыбыртқысы бар.

Жауабы. Оюлар: сыңармүйіз,сынықмүйіз,қосмүйіз.

Суретке байланысты қыз балаларға арналған мақалды ата!

ІІІ. Оқушы шығармашылығы. Көрме

Қорытынды бөлім.

Үйге тапсырма: Қазақтың ою-өрнектерін жинап,альбом жасау,басқа өрнек түрін салып келу.

Ою-өрнек. Ою-өрнектердің түрлері. Өрнектердің түстері мен бояулары.

Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-аққолөнерінің барлық түріне бірдей ортақәсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздіңұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.

Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздіңүлгісі», «орта жүздіңүлгісі», «кіші жүздіңүлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап өтейік.

Ою-өрнектердің түрлері.

«МҮЙІЗ» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-аққару-жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтіңқолданбайтын жері жоқ десе де болады.

«ҚОСМҮЙІЗ» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардыңқос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктіңқонышына салады.

«АРҚАРМҮЙІЗ» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр- мақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).

«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оныңқолтық тұсынан қоидыңқұлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялықөрнек түрінде де тігіледі.

«ҚЫРЫҚМҮЙІЗ» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).

«СЫНЫҚМҮЙІЗ» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақәр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.

«ӨРКЕШ» ою-өрнегі түйеніңқос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңныңқос мүйізін, түйеніңқос өркешін, биеніңқос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.

«ШЫНЫГҮЛ» ою-өрнегі гүлді тұспалдап тұрады. Бұл өрнек «төртайшық», «итемшек» оюларына ұқсас келеді. «Шыныгүл» ою-өрнегі айға, мүйізге, жапыраққа ұқсас элементтерден құралған. Екі мүйіздіңқайырылған екі ұшына жапыраққондырылған, сол жапырақтар бірнеше рет сатыланып қайталанылып отырады.

«ГҮЛ» ою-өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою-өрнектен басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.

«ШЫТЫРМАН» ою-өрнегі көп жапырақты есімдік пен көп тармақты мүйіз және геометриялық фигуралар аралас келетін күрделі өрнек. Мұндай өрнектер заттардың бетіне көп тармақ болып желіленіп келуі бүтін бір сюжетті (жайлау, орман, жазық дала, кең сахара) мегзеп жасалады.

«ТҮЙЕТАБАН» ою-өрнегі түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек. Ол кейде «қарта», «қарға», «қызылайыр» ою-өрнегіне ұқсайды. Қатар тұрған S тәрізді екі сызыққатарласып қосылмайды, түйенің табанына ұқсас екі жарты сопақша дөңгеленіп келетін ою. Түйетабан деп аталатын көп гүлді, үлпек басты тікені бар есімдік ол да түйенің табанына ұқсас екі жарты, оны кей жерлерде «табақ» өрнегі деп атайды.

«СЫҢАРӨКЕШ» ою-өрнегі «сыңармүйіз» оюында айтылғандай, мүйіздің бір сыңары етіктің басына ұқсап, қайқиып, қайталанып, шексіздікке ұласа береді. Бұл өрнек негізінен «қошқармүйіз» элементінен жасалады.

«БАЛДАҚ» ою-ернегі бүркіт ұстаған қолдың білегіне киіліп тұратын жоғары басы балдақ сияқты жарты шығыр формасында келеді. Балдақөрнегі бір-бірімен қосыла, шеңберге ілмелене келіп, күрделі өрнек түзейді. Бұл өрнек киіз бұйымдарын әшекейлеуде, кесте тігуде, зат бетіне оюлы бедер салуда қолданылады.

«ҚАРМАҚ» ою-өрнегі кәдімгі балық аулайтын қармақтың ілмегін тұспалдайды. Қармақөрнегінде екі-үш, кейде одан да көп тармақ болады, оны кейде «зәкір таңба» деп те атайды.

«ТАРАҚ» үлгідегі өрнек күнделікті тұрмыста пайдаланылып жүрген шаш тарайтын тараққа ұқсайды. Бұл өрнек нақышына келтіріліп алаша, басқұрларда қолданылады және тараққа ұқсас бірнеше жуан жолақтардан тұрады.

«ҚОСАЛҚА» ою-өрнегі әшекейлі тізілген мойынға салатын моншаққа ұқсас болып келеді. Қазақ оюларының ішіндегі ең көп тараған оюдың түрі. Өте шебер келісім тауып құрастырылған «қосалқа» оюлары бір тұтас композиция өрнек жүйесін жасайды. Ою-өрнек алқаның, сырғаның, жүзіктің көзіне салынып, кебінесе зергерлік бұйымдарда қолданылады.

«СУ ӨРНЕГІ» деп әрбір өрнекті беліп тұрған жолақты айтады. Су өрнегі екі қатар сызық аралығында ирек сызық арқылы дөңгелек, төртбұрыш бейнелерді жасайды. Бұл ою-өрнекті «бессаусақ», кейде «бесгүл» деп те атайды.

«АЛАША», «АЛАМЫШ» ою-өрнектері жарыса жасалған көп түрлі-түсті жолақтардан құралады. Кейде сол жолақтардың ішінде геометриялық фигуралар тектес не «мүйіз» өрнектерінің желілі түрлерінен құралған түрлі-түсті оюлар болады. Бұл «аламыш» өрнегі шахмат тақтасының алаша сызығы сияқты жарыса салынған қысқа, кейде ұзын сызықтардан тұрады. Бұл өрнек ши орауда, терме бауларда, кілем, алаша, сүйек өрнектерінде кездеседі.

«АЙЫР» ою-өрнегі. «Ашатұяқ», «айыр-түяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді.

«БОТАКӨЗ» ою-өрнегі әшекейлі композициясының ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбыға ұқсайтын геометриялық ою-өрнек. Бұл орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді.

«ҚАҢҚА» ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдыңқурап қалған сүйегін тұспалдайды. Алаша, басқүр, бау, т.б. тоқыма бұйымдар негізіндегі өрнек ретінде салынады.

«ОМЫРТҚА» ою-өрнегін кестелерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды, ол әр түрлі үйлесімде түрленіп, ою композиңиясының ортасына және жиегіне қолданылады.

«ЖІЛІНШІК» ою-өрнегі малдың жілік сүйектерінің негізінде туған атау. Жіліншік өрнегі қатар екі сызық бейнесінен құралатын буынды өрнек (алаша, киіз, тысқап, баулар, басқұрларды безендіруге қолданылады).

«ТІС» ою-өрнегі малдың, аңның тісіне ұқсас, аққара түсті шақпақтан құралатын, шахмат тақтасына ұқсас ою-өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама-қарсы түйістіріп отыратын тік сынық сирек тігістердіңөрнегінде қолданылады. Мұны «тіс», «иттіс» деп те атай береді.

«ТАҢДАЙ» ою-өрнегі малдың таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан, диагональ тәрізді өрнек. Бұл өрнек ағаш, мұйіз, сүйек заттарының шетіне, киімдердің жағасына, кимешектің жақтауына салынады. Таңдай өрнегі басқа түркі тектес халықтарда да кездеседі.

«БӨРІКӨЗ» ою-өрнегі бөрінің көзін, қасқырдың басын, құлағын, сондай-ақ «бөріқұлак» деп аталатын жапырақты бейнелейді

«ИТҚҰЙРЫҚ» ою-өрнегінің сырт көрінісі иттіңқайқайып тұрған құйрығына ұқсас, көбінесе мұны сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардың (киіз үй есігі мен ағаш төсектің) бетін бедерлеу үшін, киіз бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданады.

«ТҮЛКІБАС» ою-өрнегі мысықтың, түлкінің бас бейнесін тұспалдайтын, сопақша дөңгелектерден, алмұрт бейнелерінен құралады. Бұл ою-өрнек сүйекке, ағашқа, шиге, кестенің шетіне салынады. Сондықтан бұйымдарды сүйектен әшекейлегенде сүйекпен ойып «түлкібас» өрнегін түсіреді.

«ЖЫЛАН», «жыланбас» ою-өрнегі балалардың тақия-сына «көз тимесін» деп тағатын, жыланның бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек. Бұл ою-өрнек жыланның бейнесін тұспалдап тұрады.

«ҚҰСҚАНАТ» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарыньң ізімен бейнеленген құстыңқанаты тәріздес ою-өрнек. Ал бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып, ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. Қазіргі кезде «құсқанаты» ою-өрнегін басқа өрнектермен аралас колдана береді.

«ҚҰСМОЙЫН» ою-өрнегі құстың мойнын тұспалдаудан туған.Бұлар көбінесе мүйіз мәнерімен жасалады. Ол иіле келген доғал тармақты мүйіздерден, ромбтардан, сызықтардан құралады. Құс атына байланысты өрнектердің бәрі қолөнер үлгілерінің барлық түрлеріне тән.

«ҚҰСТҰМСЫҚ» бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою-өрнекті қиғанда ортасындағы сызықтыңұшының басы құстың тұмсығына ұқсас қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» сәлемдеме ретінде, жүзігі туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған.

Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген құстұмсық жүзік келсе, ата-анасы қуанып кершілерін шақырған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзікке қарап ата-анасы қызыныңұзатылған жерінің жақсы екендігін біледі.

«ҚАЗТАБАН» ою-ернегі Маңғыстаудағы құл пытастарды өрнектеуде көп қолда- нылған, қаздың табанын тұспалдаған күрделі S элементтерінен тұрады. Бұл оюдың S үлгімен бейнеленетін «ботамойын» оюынан айырмашылығы екі қатар орналасқан SS екі қаздың бейнесін тұспалдайды. Қаздың басы, мойны анық байқалып тұрады.

«ШЕТОЮ» ою-өрнегін шексіздікке ұластыра ою деп те атайды. Берілген өрнектің бір элементі шексіз қайтапана береді.«Шетою» е с і кт і ң жақтауына, текемет, сырмақ, кебеже, киімкешек, ыдыс-аяқтың жиегіне сапынатын ою-өрнектер.

«ИРЕК», «ИРЕКСУ» өрнектері кейде түзу сызықтардың сынықтары, кейде доғал сынықтардыңұштасуы арқылы жасалады. Ондай сызықтар бірнеше қатар сызықтар түрінде қатарласа келеді. «Ирек», «ирексу» өрнегінің жасалуы кейде бір иректің іші екінші ирекке қарсы келіп «төртбұрыштар» мен «сағатбау», «саты» тәріздес өрнектер жүйесін түзейді. Бұл өрнек: бешпент, қамзол, шапан, тақияның жиегіне орнатылады. Зергерлік бұйымдарда: сақина, білезік, қапсырма, алқалардың жиегінде және ши, сырмақ, кебеже, жүкаяқ, табақ ернеулерінде, әдіп тігісте көбірек кездеседі.

«ҚОС ДӨҢГЕЛЕК» ою-өрнегі мал таңбасына ұқсайды. «Қос дөңгелек» өрнегімен негізінен киіз бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді.

«ТҰМАРША» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш - осындай тұмарлар тіл-көздөн сақтау үшін адамдарға ғана емөс, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын кәмкеруде кездеседі

«ҚОСТҰМАРША» ою-өрнегі төбесінен түйістірілген екі тұмарша үшбұрыш өрнегі қосылады да, екі геометриялықүшбұрыш жасайды. Бұл өрнектің түрі «тұмарша» өрнегі секілді тіл-көздөн сақтау дегенді білдірмейді, тек эстетикалық тұрғыдан өшекей ретінде қолданылады.

Тақырыбы : Ұлттықөрнек түрлері

Мақсаты :

а) Білімдерін тереңдету. Ою-өрнек түрлерімен , шығу тарихымен таныстыру.

Ұлттықөнерді өскелеңұрпаққа үйрету .

б)Әр түрлі элементтерді қолдану арқылы оқушылардыңқызығушылықтарын, өнерге деген құштарлығын ,шығармашылық ізденістерін арттыру .

в) Халқымыздың асыл мұратын , салт –дәстүрін қадірлей білуге үйрету . Шеберлікке , өз бетінше еңбек етуге , ұқыпты таза жұмыс істей білуге тәрбиелеу .

Сабақ түрі : сайыс

Пәнаралық байланыс: технология ,геометрия , тарих

Көрнекі құралдар: слайдтар, ою-өрнек түрлері , буклет, тест сұрақтары

Сабақ барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу

ә) Сынып тазалығына көңіл бөлу

б) Түгендеу

в) Сабаққа даярлықтарын тексеру

г)Оқушыларды екі топқа бөлу

ІІ. Жаңа сабақ

Қандай өрнек түрлерін білесіңдер?

2 топқа тапсырма :

Ассоциациялық карта стратегиясын қолдану

Өрнек түрлері

Екі топ білгендерін қағазға жазып қорғайды Бірін-бірі толықтырады .

«Өнер -таусылмас азық , жұтамас байлық»-дейді халық даналығы . Қазақтыңқолөнері де өзінің төл тума бітім қасиетімен, халқымыздыңғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы . Бабаларымыздан қалған асыл қазынамыздың бірі ою-өрнек.

Ою-өрнек латынның «орнамент»- әшекейлеу , әсемдеу деген мағынасын білдіреді. Ертеде халқымыздың тұтынған бұйымдарының бәрі оюмен әшекейленіп , безендірілген. Мысалы : сырмақ, текемет, тұскиіз, алаша , қоржын, сандық,бесік, домбра , ағаштан жасалған ыдыстар, зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер де ою-өрнектермен безендірілген.

Қазақтың ою-өрнектері атауларына байланысты бірнеше топқа бөлінген:

Түрлері Атауы

1. Көк әлеміне байланысты өрнектер Ай, айшық, күн, шұғыла

2. Малдың дене мүшесіне , ізіне байланысты Арқармүйіз , қошқармүйіз , түйетабан, омыртқа

3.Аңға байланысты Бөрікөз , иттабан, иттіс

4. Жәндіктерге байланысты Алақұрт ,жұлдызқұрт , көбелек

5. Құстарға байланысты Қазмойын ,қазтабан , құсқанаты

6. Жер ,су, өсімдіктерге байланысты Жапырақ , ирек, су , үшжапырақ, райхангүл , шиыршық

7. Қару , құралдарға байланысты Айбалта , балдақ, балта , қармақ,

8. Геометриялық фигура тектес Тұмарша, төртқұлақ, сүйір

Жануарлар өрнегі –киізде , кілемде көп қолданылады.Геометриялық ою-сәулет , дизайн өнерлерінде кеңқолданылады. Аспан әлемін және шырақтарын бейнелейді .( Айшық ,жұлдыз ,күн)

ІІІ топпен жұмыс ( топқа тапсырма беру )

Өрнек туралы тақпаққұрастыру

Ою-өрнек дегенде, ою-өрнек,

Қошқар мүйіз оюы болсын ермек .

Кел, жолдастар, көңілді ән салайық

Сыныпқа келген қонақты қарсы алайық.

Көздің жауын алатын

Көрсең апам киізін,

Елестетер оюы

Иір арқар мүйізін.

Киіз үйдің ішінде

Ала қотан отырып,

Қазтабанды қолданып,

Басқұр , баулар тоқыдық.

ІV. Ойын-«Тапқырлық»

1. Жұмбақ шешу , осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін атаңдар

Дүниеде бір молда ,

Уақытында азан оқиды.

Мезгілінде айқайлап,

Қайтып кеп , жер шұқиды .

Жауабы : Қораз

Таптым , таптым, тап жорға

Табаны жалпақ бозжорға .

Оюлар: түйетабан, ботагөз, өркеш

Екі найзасы бар,

Екі айнасы бар

Төрт сылдырмағы бар ,

Бір сыбыртқысы бар.

Жауабы : сиыр

Оюлар: Сыңармүйіз, сынықмүйіз,қосмүйіз

Жеңген топты жұлдызшалар арқылы бағалау

V. Тест сұрақтары ( тест ою-өрнек)

1. Ертеде ою-өрнекті матаға түсіру үшін қандай тәсілді қолданған?

а) қарындаш

б) уыз


в) Бор

2. Көне әлемге байланысты өрнектер?

а) шұғыла

б) тышқан із

в) көбелек

3. Ою-өрнектің неше түрі бар?

а) 300

б) 500


в) 400

4. Гүл оюы нені бейнелейді ?

а) бейбітшілік

б) қуаныш

в) дархан

5. «... аузынан шөп алмайтын момын» теңеуі қай түлікке арналған ою-өрнекте кездеседі? Көп нүктенің орны қай түлікке арналған?

а) итқұйрық

б) сынық мүйіз

в) қошқармүйіз

6. Жануар тектес ою-өрнек:

а) иттіс

б) боткөз

в) құмырсқа

7. Геометриялық ою-өрнек:

а) құсмұрын

б) жауқазын

в) сүйір

8. Кесте өнерінде көп қолданылатын ою?

а) жылан

б) қырық шақа

в) алтын жіп мүйіз

9. Бас-аяғы жоқ ою:

а) итқұйрық

б) сұлама

в) тарақ

10. Ертеде жаңа туған нәрестеге арналған бұйымдарда бейнелік нышанына қарай қай ою салынған?

а) зооморфты

б) геометриялық

в)өсімдік тектес

VІ.Оқушы шығармашылығы ( өзіндік жұмыс)

Тапсырма

Екі топқа ою ойғызу

Жұмыс алдында қауіпсіздік ережесін ескерту .

1. қайшыны қасыңдағы оқушыға қарсы сілтеме

2. қағазды қиғанда саусағыңды кесіп алма

3. қағазды қайшыға қарсы айналдыр

4. қайшыны тұтқа жағымен бер

Оқушылардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру .Ерекше орындалғандарын атап өту .

VІІ.Қорытындылау

VІІІ.Үйге тапсырма

Өрнек түрлерін, атауларын жаттау. Келесі сабаққа дайындықпен келу ( түсті қағаз, желім, қайшы әкелу )

ІХ. Бағалау .Оқушылардың жұмыстарын , сабаққа қатысуларына қарай бағалау

Х. Сабақ соңында жұмыс орындарын жинастыру , тазалау.

«БАҒАНӨРНЕК» қора төбесінің арқалығын астына тіреп тұратын діңгек ағаш. Осы ағаш секілді ою-өрнөк салынатын заттың, бұйымның ортасына келтіріледі, оны негіз қылып алып, жан-жағын басқа өрнектермен бейнелейді. Бұл өрнек асадал, кебежелердің аяқтарында, қырларында, айна қойғыштың шетінде, піспек саптардың жоғарғы жақ басында, адалбақанның бойында жиі ұшырайды және текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.

Өрнектердің түстері мен бояулары

Қолөнерде пайдаланылатын бояуларды шеберлер өздері қолдан жасап алатьін оларға әр түрлі қоспаларды қосып.

Бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдыңқанын, қара бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа да осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу десе болғандай еді. Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлі өсімдіктерді, олардыңқабықтары мен тамырларын қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың, еменнің, алма, анар, жүзім және өрік ағаштарыныңқабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатңан. Қына (жер қынасы, тас бетініңқынасы) «томарбояу» дейтін қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған.

Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады. Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде порошок түріне келтірген. Мұндай қайнатынды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың, арпаның күйіктерінен де бояу жасаған. Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы әр түсті бояулар жасалады. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, итсигек, қара жусан сияқты ащы шөптердің тұндырмасын, құрттың сарысуын, кейде май қосатын болған.

Тақырыбы: Бір таңбалы және екі таңбалы сандар

Мақсаты: Сандардың қатары туралы түсінікті тиянақтау. Бір таңбалы және екі таңбалы сандардың мәнді айырмашылығын және келесі санды шығарып алу ерекшелігін тағайындау, 10 көлеміндегі сандарды оқу және жазу, салыстырумен байланысты білімді жалпылау және жүйелеу.

Көрнекілігі: сандар қатары

Сабақ барысы :



  1. Ұйымдастыру кезеңі: -Оқушылардың назарын сабаққа аудару

  2. Өткенді қайталау: Қалдырып кеткен сандарды тауып қой.

  3. Жаңа сабақ

-1,2,3,4,5,6,7,8,9- бір таңбалы сандар

10-екі таңбалы сан, яғни екі цифрдың көмегімен жазылады.



  1. Оқулықпен жұмыс:

№1 Бос әйнекшелерге калдырып кеткен сандарды қою.

№2,№3,№4 оқу үйренген материалды бекіту ретінде оқушылар өздігімен орындайды.



  1. Шығармашылық тапсырма

6.дәптермен жұмыс

№1 Оқушылар жұлдызшаларды біртіндеп сызықтармен қосып, сандардың қатарын құрады.

№2 10,9,8,7,6 сандарының құрамын қайталау

№3 №4 тақтаға үлгі көрсету арқылы орындау.



7.Қорытынды

8. Мадақтау

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет