8. Сабақ тақырыбы: Ұзындықты өлшеу
Сабақ мақсаты: а) заттың ұзындығын өлшеудің әр түрлі тәсілдерімен таныстыру.
ә) Оқушылардың өлшеу, байқау қабілеттерін арттыру. б) Дұрыс тыңдауға, тапсырманы ұқыпты орындауға баулу.
Көрнекіліктер: жолақшалар, сызғыш, қарындаштар
Сабақ әдісі: көрнекіліктер, түсіндіру, практикалық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды жаңа математика сабағына даярлау. Қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-Үйге берілген тапсырманы тексеру; 10-ға дейін өсу және кему ретімен санап келу.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
А) Ұзындықты өлшеудің қажеттілігі заттың ұзындығын салыстырудан туындайтынын түсіндіру. ә) Нақты заттарды алып көз мөлшерімен өлшеу.
Сергіту сәті
ІҮ. Мақсат қою
Ү. Жаңа сабақ Оқулықпен жұмысА) жоғарғы суреттегі заттардың ұзындықтары беттесу арқылы салыстырылады. Нәтижесін оқушыға айтқызу.Б) сызғыштың ұзындығы көзмөлшермен салыстырылады.В) жасыл қоршаудағы ағаштардың суреті бойынша уақыт өлшенеді.(түске дейін, шаңқай түс, түстен кейін)
ҮІ. Қорытынды Сұрақтар қойып жауап алу.
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІІ. Бағалау
Математика
Сабақтың тақырыбы: Заттар топтарын салыстыру
Сабақтың мақсаты: 1. Заттар топтарын әр түрлі тәсілмен салыстыру.
2. Ұқыптылыққа баулу.
3. Сәйкес нәтижені білдіретін сөздерді енгізу мән- мағынасын түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: Түсіндіру. Сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу. Зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Білімді бекіту. 1. Салыстыру (беттестіріп.)
2. Бөліктермен(неше бөліктен тұратынын анықтау)
3. Сызғыштың көмегімен анықтау.
ІІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Артық, кем, сонша ұғымын түсіндіру.геометриялық фигуралар бойынша.
б)сурет бойынша заттарды топтастырып салыстыру.
Ү. Жаңа білімді бекіту. а) Шахмат тастары. Ағы қанша болса, қарасы сонша.(5)
ә) Волейбол ойнап жүрген балалардың ұлы қанша болса, қызы сонша. б) 0-4---5 1-уі кем,немесе 1-уі артық Ұшақ-(5 ) қанша болса,асық сонша.(5)
Тікұшақ қанша болса, машина сонша.(4) Дәптермен жұмыс:
YI.Сабақты қортындылау:Тірек сызбамен жұмыс.
Бүгін біз қандай математикалық ұғыммен таныстық?
5. Сабақтың тақырыбы: Кеністік туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты: 1. Заттардың кеңістікте орналасу қалпын анықтау туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды ұқыптылыққа баулу. 3. Танымдылық қабілетін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі суреттер
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту: а) Сыныптағы орналасқан заттарды кеңістікте орналасуына қарай анықтау. ә) Оқушыны алды –артында және онымен қатар отырған оқушылардың есімін атату.
б) Оқулықпен жұмыс: 1. Сурет бойынша жұмыс (жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау.) 2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу. 3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау. б) Оқушыларды бір-бірінің алдына, артына, оң жағына , сол жағына тұрғызу.
в) Дәптермен жұмыс.
Ү. Білімді бекіту: г) Орналасу кеңістігін анықтау. Оқушы туралы өлең жаттау
Күннің нұры шуақты, Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты, Оқушымын мен енді
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Біз сендермен заттың кеңістікте орналасуын анықтадық, қолдану тәртібін білдік.
YII.Үйге тапсырма. Тірек сызбамен жұмыс.
YIII.Бағалау, жұлдызша бойынша.
10. Сабақтың тақырыбы: Уақыт туралы түсінік беру.
Сабақтың мақсаты: 1. Уақыт аралығы жайында түсіндіру .
2. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. Адамгершілік тәрбие беру.
3. Сана сезімін оята отырып, ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі суреттер
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.
1. Жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау. 2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу. 3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау.
ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа білімді меңгерту: а) Сурет бойынша әңгіме құрату.
Мен таңертең төсектен тұрамын. Төсегімді жинаймын.Содан кейін беті-қолымды жуамын.Ертеңгі асымды ішемін.Содан соң мектепке барамын. Сабақтан келген соң түскі тамағымды ішемін. Түстен кейін алдымен мамама үй жинауға көмектесемін.Біраздан соң сабағыма дайындаламын.Кешке қарай біраз ойнаймын. Кешкі тамағымды ішіп, жуынып, ұйықтаймын.
ә) Адамдардың күндізгі, түнгі жұмыс істеу уақыты туралы түсінік беру.
Ү. Білімді бекіту
а)-Көктемде тұқым себуге дайыдайтынын бәріміз білеміз. Күн жылына бастаған кезде қарбыз тұқымын септік.(әрі қарай оқушылар жалғастырады). 1.Себілген тұқым өнеді. 2. Содан кейін көгере бастайды. 3. Содан кейін гүлдеп түйін тастайды. 4. Одан кейін біртіндеп үлкейеді, жазда толысады. 5. Күзде піседі, жетіліп піскен қарбыз жиналады.
ә) 3 сурет. Құлпынай көктеп жапырағы қаулаған сәт.
Құлпынай гүл шашты. Құлпынай түйін салды.
б) Дәптермен жұмыс.
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз сендермен уақыт аралығы жайлы мағлұмат алдық.
Математика
Сабақтың тақырыбы: Нешінші?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды реттік қатынастармен таныстыру.
2. Ұқыптылыққа баулу,адамгершілік тәрбие беру.
3. Санның реттік мәнімен таныстыру.нәрселердің қандай ретпен саналғанын анықтауға болатынын көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Бұрын-кейін математикалық терминінің уақыт аралық мәнін мағынасын айту.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Балаларды қатарға тұрғызып,
1-ші болып келе жатқан кім?2-ші болып келе жатқан кім? Одан кейінгі кім?
3-ші,
4-ші кім? Барлығы қанша бала?
Ү. Оқулықпен жұмыс:
1-сурет. -Балалардың қайсысы бірінші болып келе жатыр? -Одан кейінгі екінші болып келе жатқан кім? - Ең соңында кім келе жатыр?
2-сурет. 1 Алма ағашы қайтті? Одан кейін....? Күзде ше? Қыста алма ағашының жапырақтары түгел түсіп қалды?
3-сурет. Ең алғаш рет балалар мектепке келді? Автобустың қай есігінен мінеміз? (артқы)
4-сурет. Сол жақта бірінші болып қандай үй тұр? т.б.
Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту. 1. Санауға жаттығу.2. Қанша? нешінші? деген сұрақтарды салыстыру.3. Дәптермен жұмыс.
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен реттік қатынас туралы білдік.
Сабақтың тақырыбы: Біріктіру және бөліп алу.
Сабақтың мақсаты: 1. Балалардың біріктіру және бөліп алу туралы білімдерін анықтау.
2. Сурет бойынша жұмыс жасау арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды реттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Психологиялық дайындық.
-Кәне,досым, тексерші,
Әзірмісің сабаққа?
Орнында ма бәрі де,
Жиюлы ма тәртіппен,
Қалам,кітап, дәптер ше?
Соғылды күткен қоңырау.
Сабағымыз басталды.
Қосамыз да аламыз,
Математиканы білеміз.
Сондықтан да сүйеміз.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырманы тексере отырып , өткен сабаққа шолу жасау.
а) - Балаларды қатарға тұрғызып, 1-ші болып келе жатқан кім?
-2-ші болып келе жатқан кім?
- Одан кейінгі кім?
-3-ші, 4-ші кім?
- Барлығы қанша бала?
ә)Тура және кері санату.
б)Санамақты жатқа айту.
в)Геометриялық фигураларды еске түсіру.
-Нүктелерді, түзулер сызық, қисық сызық, тұйықталған қисық сызық,сәулелер,кесінді,бұрыш,дөңгелек, шаршы,тіктөртбұрыш,үшбұрыш, сопақша т. б.
г)Ауызша есептеу.
ІV.Сергіту сәті.
Бір, екі - басымыз тік,
Үш, төрт - қол созамыз.
Бес дегенде – қолды сермеп,
Алты деп партаға отырамыз.
Кестені жақсы білеміз,
Көңілді, тату жүреміз.
Қай жаққа мейлі қарсаң,
Керек қой білім әрқашан.
V. Жаңа сабақ
-Бүгінгі өткелі отырған сабағымыздың тақырыбы:Біріктіру және бөліп алу деп аталады.
- заттарды бір-біріне біріктіруге болады.
- затты бөліп алуға болады.
VI.Оқулықпен жұмыс.
1. Балалар, оқулықтағы сурет бойынша бір-біріне жақындату.біріктіру ә) Енді 2 топқа жіктейміз 2,3
2. Жоғарыдағы сурет біріктіру, ажырату
3. Ортаңғы сурет бойынша біріктіру және ажырату бірдей қарастыру.
VII.Сергіту сәті.
Есептедік, шаршадық,
Орнымыздан тұрайық.
Қимылдатып аяқты,
Шапалақтап ұрайық.
Отырайық, тұрайық,
Соқтығысып қалмайық.
Сәл демалып алған соң,
Жазуды қайта жалғайық.
VIII.Дәптермен жұмыс.
Үлгі бойынша жұмыс
I. Бекіту.
- Бүгін біз нені үйрендік?
-Не білдік?
-Не білгің келеді?
Х. Сабақты қорыту.
ХI. Үйге тапсырма.
ХII. Бағалау. Мадақтау, жұлдызшалар беру.
Математика
Сабақтың тақырыбы: Сызықтар. Нүкте, Сәуле. Бұрыш
Сабақтың мақсаты: 1. Сызықтың түрлерімен таныстыру, қисық тұйықталған, тұйықталмаған қисық сызықтар.2. Ұқыптылыққа баулу,ой-өрісін, сана –сезімін дамыту.
3. Сызықтың түрлерін танып білу.
Сабақтың көрнекілігі: Арнайы сызылған сызықтар.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Біріктіру және бөліп алу.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа сабақ:
а) Жаңа материалды көрсете отырып түсіндіру.
......
...... ________ ______
Нүктелер Сәулелер бұрыштар.
Нүкте-қарындаш пен қаламның қағаз бетіне қалдыратын ізі.
Сәуле-бір шетін қолға ұстап тұрып ары қарай соза беруге болады.
Бұрышты әр түрлі құралдар немесе қағазды бүктеп көрсетемін.
Бұлар –түзу сызықтар
Бұл қисық сызықтар.
Ү. Білімді тиянақтау және бекіту. а) Оқулықпен жұмыс. 1. Қоршаған ортадан алынған мысалдар арқылы сызықтың түрлерін анықтау. 2. Сызықты түрлеріне қарай топтау және жіктеу немесе бөліп алу.
ә) Дәптермен жұмыс.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз сендермен сызықтың түрлерімен таныстық.
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш.
Сабақтың мақсаты: 1. Геометриялық фигуралар:нүкте, сәуле, бұрыш ұғымымен таныстыру.
2. Эстетикалық, еңбек сүйгіштік дағдыларды қалыптастыру. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Арнайы сызылған сызықтар.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ Өткен сабақты еске түсіру: 1. Түзу сызық.2. Қисық сызықтарды көрсетіңдер. (тақтаға сызып)3. Геометриялық фигуралардан сызық түрлерін ажыратып, тауып айту.
ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа сабақ:
а) Жаңа материалды көрсете отырып түсіндіру.
......
...... ________ ______
Нүктелер Сәулелер бұрыштар.
Нүкте-қарындаш пен қаламның қағаз бетіне қалдыратын ізі.
Сәуле-бір шетін қолға ұстап тұрып ары қарай соза беруге болады.
Бұрышты әр түрлі құралдар немесе қағазды бүктеп көрсетемін.
Сергіту сәті
Ү. Білімді тиянақтау және бекіту
ә) Оқулықпен жұмыс. 1. 1-сурет бойынша нүкте, сәуле, бұрыш терминдері енгізіледі.
2. Кеңістіктегі орны бойынша нүкте, сәуле, бұрышты анықтау. 3. Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажырата білу.4. Бір нүкте арқылы бірнеше түзу жүргізуге болатындығын аңғарту. ә) Дәптермен жұмыс.
Үлгі бойынша жазып үйрену. ___ ___ ___ ___
== == == == == ==
ҮІ.Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен не жайында білдік? Біз сендермен сызықтың түрлерімен таныстық
9. Сабақтың тақырыбы: Кесінді және оны сызу. Сантиметр.
Сабақтың мақсаты:
1. Геометриялық фигура- кесінді туралы түсінік беру және оны басқа фигуралардан ажырата білу.
2. Эстетикалық, еңбек сүйгіштік дағдыларды қалыптастыру.
3. Геометриялық фигуралар туралы білімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Арнайы сызылған кесінді. Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: 1. Нүкте деген не?.2. Сәуле туралы не білеміз?
3. Бұрыштарды көрсет.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Мұғалімнің түсіндіруі:Сымның қиындысын алып,екі ұшын бормен тұйықтап көрсетемін.Екі ұшы тұйықталған түзу кесінді деп аталады.
ә) Кесінді сызу ерекшелігімен таныстыру. б) Басқа геометриялық фигураларды ажырата білу.
Сергіту сәті
Ү. Жаңа білімді тексеру.
Төбелері нүктелер.
Қабырғалары кесенділер.
ҮІ. Білімді бекіту
Кесінді деген не?
ә) Дәптермен жұмыс. Кесінді сызуды үйрену. Дәптердегі үлгісімен жазу.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен не жайында білдік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау
8. Сабақтың тақырыбы: Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Cантиметр.
Сабақтың мақсаты: 1.Ұзындықты өлшеудің мысалы ретінде см-ді қолданудың ерекшелігімен таныстыру 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Ой-өрісін дамыта отырып, см-дің көмегімен кесіндінің ұзындығын анықтауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Ұзындығы 1 см жолақша сызғыш..
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Кесінді дегеніміз не?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Мұғалімнің түсіндіруі:Заттардың ұзындығын өлшеу құралдары: метр, сызғыш, Сызғыш 1см-ден бірнеше бөліктерге бөлінген. Олардың ұзындықтары бірдей.
ә) Қарындашты өлшеп көрейік:
Демек, қарындаштың ұзындығы 6 см7 мм.
Оқулықпен жұмыс
1 тапсырма- Кесінділердің ұзындықтарын салыстыр
Ү. Білімді бекіту.
Кесінді деген не?
ә) Дәптермен жұмыс. Кесінді сызуды үйрену.
Үш нүкте, төрт нүкте арқылы кесінді сызу.
Сергіту сәті.
Шығармашылық жұмыс.Лабиринт.
Көжекке сәбізге жетуге көмектес (үш жолы бар)
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен не жайында білдік?
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІІ. Мадақтау
Сабақтың тақырыбы: Бөліктерге бөлу және құрастыру.
Сабақтың мақсаты: 1 Геометриялық фигураларды тани білудағдыларын қалыптастыру; фигураларды бөліктерге бөле алуға және құрастыра білуге уйрету.
2. Нақты іс-әрекет үстінде бөліктерге бөлу және құрастыру арқылы ой-өрісін дамыту.
3. Байқағыштыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар,санамақ.
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:дайындық,тәртіп,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен-
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:
а)Геометриялық фигуралармен жұмыс.
1.Геометриялық фигуралар тақтада ілінеді,мұғалімнің айтқан фигураны оқушылар көрсету керек.
2.Тура және кері санау.
3.«Санамақ» сұрау.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІV. Жаңа сабақ.а)Мұғалімнің түсіндіруі.
ә) Геометриялық фигураларды бөліктерге бөліп және құрастырып үйрену.
б) Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрышты бөліктерге бөлу.
V.Оқулықпен жұмыс.
№1. Бөліктерге бөлу. Құрастыру.
№2. Фигура неше бөлікке бөлінген? Санау.
VI.Сергіту сәті.
Бір-иілеміз,шалқаямыз,
Екі-алақанды үш соғамыз.
Басымызды үш изеп,
Төрт дегенде қол соғамыз.
Бес, алты дегенде
Орнымызға отырамыз.
№3. Фигураларды атау.
Нүкте,кесінді,қисық сызық,шаршы,кесінді,бұрыш,үшбұрыш.
№4. Әңгіме құрастыру.
№5.Кестені толтыру.
VIІІ.Дәптермен жұмыс.
Үлгіге қарап жазу.
ІХ.Сергіту сәті.
Есептедік, шаршадық,
Орнымыздан тұрайық.
Қимылдатып аяқты,
Шапалақты ұрайық.
Отырайық, тұрайық,
Соқтығысып қалмайық.
Сәл демалып алған соң,
Жазуды қайта жалғайық.
Х.Сабақты қорытындылау.
-Бүгін біз сендермен не жайында білдік?
-Не үйрендік?
-Не білдік?
- Не білгің келеді?
ХI.Бағалау.Мадақтау.
Математика
Сабақтың тақырыбы: Өздік жұмыс №1
Сабақтың мақсаты: 1. Бүгінгі күнге дейін не білгенін анықтау. 2. Байқағыштыққа, ұқыптылыққа баулу. 3. Алған білім дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, кесінді, суреттер.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың мазмұны.
І.Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: 1. Бөліктерге бөлгенде заттардың көлемінің өзгеру ерекшелігі.2. Құрастыру.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Өткен сабақтардан алған білімін тиянақтау. а) Қанша? неше? нешеу?ә) Бірдей, әр түрлі.б) Ұзын- қысқа , биік –аласа, қалың-жұқа.в) Артық-кем сонша.г) Сызықтар.
ғ) Нүкте, сәуле, бұрыш.
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз өз білімімізді еске түсіріп пысықтадық.
ҮІІ. Бағалау ҮІІІ. Үйге тапсырма
14.
Математика
Сабақтың тақырыбы: Өзіндік жұмыс.
Сабақтың мақсаты: 1. Қарапайым түсініктер тақырыбы бойынша еркін игеруге тиісті қандай деңгейде білетінін анықтау.
2. Алған білім деңгейін дамыту.
3. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі:геометриялық фигуралар, кесінді, суреттер.
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен-
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:
1.-Кітап пен дәптердің саны қанша?
-Қалың кітап нешеу?
-Жұқа кітап нешеу?
- Не артық?
- Не кем? (сурет бойынша.)
-Қайсысы ұзын, қайсысы қысқа?
2.Геометриялық фигураларды ата.
ІV. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
V.Оқушының білім деңгейін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |