10
1.Ең алғаш мектеп ашқан ұстаз?(Ыбырай)
2.Абайдың шын аты? (Ибраһим)
3.Абайдың әжесі кім? (Зере)
20
1.Қандай сөздер бас әріппен басталып жазылады?
2..Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
3. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
30
1.Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
2. Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
3.Сөйлем неден құралады?Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай жазылады?
ІV.Жаңа сабақ.
б)Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
в)Мұғалімнің түсіндіруі.
Қоңырау соғылды.
-Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен жазылған?
-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылған.
-Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылған?
-Сөйлем соңына (.) нүкте қойылған.
-Тағы қандай тыныс белгілері қойылады?
-Тағы (?) сұрақ белгісі,(!) леп белгісі қойылады.
V.Дәптермен жұмыс.
150-жаттығу.
1.Әр сөйлемді оқып,жатқа жазу.
2.Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен басталып жазылған,соңына қандай тыныс белгісі қойылған?
Әрқашан болсын анам,
Болайын мен де аман.
VІ.Сергіту сәті.
Солға, солға түзу тұр.
Алақанда шапалақ...
Оңға,оңға түзу тұр.
Алақанда шапалақ...
Алға қарай бір адым
Алақанда шапалақ...
Артқа қарай бір адым
Алақанда шапалақ.
..Шыр көбелек айналып,
Орнымызды табайық.
152-жаттығу.
1.Сөйлемдерді оқып,әр сөйлемнің кім,не туралы екенін айтыңдар.
Біз концертке бардық.Әншілер ән айтты.Концерт бізге ұнады.
2.Сөйлемдерді көшіріп,соңына қандай тыныс белгісі қойылғанын айтыңдар.
І.Қызығушылықты ояту.
«Ортада қаламсап» стратегиясы.
Сабақтың кілтін табайық.
-Біз оқушы деп кімді айтамыз?
(Оқушы жауаптары тыңдалады)
-Қазір біз кім туралы мәтін құрастырдық?
-Оқушы, шәкірт.
VІІ.Мағынаны тану
Барлық білім –кітапта
-Балалар , біз бүгін Жамбыл атамыздың өлеңімен танысамыз. Өлең « Балаларға» .
1.Автор туралы таныстыру.
Жамбыл Жабаев
(1846-1946)
Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді.
Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін — мен тіл алмай қасаратынмын. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде барлық тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Ұстазы Сүйінбайдан бата алған Жамбыл Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құланаян Құлмамбет, Шашубаймен айтысып, оларды жеңгеннен кейін Жетісудің ерен жүйрік ақыны аталады.
Бұл айтыстарда ақын қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайды. Қазақта ақын тым көп, бірақ ақын Жамбыл жалғыз. Жамбыл секілді 100 жылдық ғұмырының 85 –ін өлең жырмен өткізген өрелі тұлға сирек. Жамбыл секілді 90-ға келгенде бақ қонып даңқы мен дақпырты дүниежүзіне таралған талант аз. Осы «Ленинградтық өрендерім» өлеңі кезінде Жамбыл шығармаларының биік шыңы деп насихатталды.
Жамбыл 19 ғаысырда туып, 20-шы ғасырда дүниеден өтті.Көрген білгенін сөзбен өрді.Оның аузынан шыққан сөздің жасығы жоқ, кілең асыл. Кеңес Өкіметі кезінде бүгін айтқан өлеңі ертеңіне кітап болып тарады. Ел –жұрт таласа, тамсан оқыды.
1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол біраз үнсіз отырып барып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап берді. Жамбылдың ақырғы жыры 1945 жылы 9 майда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың қаһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. Жүз жасқа небәрі бірнеше ай қалғанда, 1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүниеден өтті.
VІІІ.Оқулықпен жұмыс.
2.Мұғалімнің «Балаларға» өлеңін мәнерлеп оқуы.
(Мазмұнын түсіндіру)
а) Іштей оқыту.
ә) Тізбектеп оқыту.
б)Мәнерлеп оқу.
3. «Автор орындығы» стратегиясы.
(Оқушы сұрақ қояды, оқушылар жауап береді)
-Жамбыл атаның қандай өнері болған?
-Жамбыл ата балаларға қандай сөздер айтты?
-Жамбыл ата туралы не білесіңдер?
ІХ.Сергіту сәті.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жанына.
Оңға қарады,
Солға қарады,
Үлкен тау деп санады.
4. «Бес жолды өлең»
1.Жамбыл
2.атақты, әйгілі
3.жазады, айтады,айтысады
4.Жамбыл атаның аулында тұрамыз
5. Ақын
Х.Қорытынды.
5. «Топтастыру» .
Жамбыл
Достарыңызбен бөлісу: |