Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет28/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42

Сауат ашу. 22.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шоқан Уәлиханов туралы толық мәлімет беру, ұлы ғалымның ғылыми мұрасымен оқушыларды таныстыру.Жазушы туралы мағлұмат алады, шығарманың мазмұнын игереді, идеясын ашады;

Дамытушылық: Ойлау, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін, ой өрісін одан әрі арттыруға сын тұрғысынан тұжырымдауға дағдыландыру. Топтасып жұмыс істеуге, өзінше ой қорытуға, қосымша ақпараттарды қолдануға дағдыланады, таным қабілеттері дамиды.

Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы түсінігі, өнерге деген қызығушылығы арта түседі, өнерді бағалауға үйренеді; Оқушылар бойында өз жеріне,өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ойды жинақтау,талдау,сұрақ-жауап, жүйелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Шоқан Уалиханов, Сапарғали Бегалиннің портреттері.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,түгендеу,сабақ мақсатын айту.

ІІ .Өткен сабақты сұрау.

1. Ы Алтынсарин «Кел,балалар,оқылық!» өлеңін жатқа сұрау.



2.Ереже сұрау.

-Не істеді?Не қылды?Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді?

-Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді?

ІІІ.Дәптермен жұмыс.

Сәуірдің үші.

Бала Шоқан.

ақшыл ақшыл



123-жаттығу.

1.Әр сөздің тұсына қарсы мағыналы сөз тауып,көшіріп жазыңдар.

2.Сөздерге сұрақ қойыңдар.

үлкен-кіші биік-қысқа

ұзын-қысқа қалың-жұқа

ІV.Сергіту сәті.

124-жаттығу.

1.Қарсы мәндес сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

2.Сөйлемдегі заттың сынын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

Қар ақ. -Көмір қара.

Тау биік. -Төбе аласа.

Алма тәтті. -Пияз ащы.

Жаз ыстық. -Қыс суық.

125-жаттығу.

1.Өлеңді оқыту.



Мынау-қызыл қарындаш,

Мұнымен гүлді бояймын.

Мынау-көк қарындаш,

Мұнымен суды бояймын.

2.Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді атаңдар.



V.Жаңа сабақ.

а)Кіріспе әңгіме.

-Бүгінгі сабақта біз ұлы тұлға Шоқан Уалихановтың балалық шағы жайлы жазылған С. Бегалиннің шығармасымен таныс боламыз.

С. Бегалин (1894 - 1985) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Дегелең ауылында дүниеге келген. Шығармалары «Сәтжан», «Қыран туралы аңыз», «Ермектің алмасы» Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген.

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген.

Шоқан да Кенесары сияқты Абылай ханның ұрпағы еді.

Шоқанның әкесі Абылай ханның үлкен ұлы Уәлиден тарайды.

Шоқанның азан шақырып қойған есімі – Мұхамедханафия. Алайда жастайынан бала болып ойнағаннан гөрі, әжесі Айғанымның қасында шоқиып отырып, әңгіме, қиссаларды тыңдағанды ұнатқан. Бес жасынан хат таныған. Содан әжесі Айғаным сүйікті немересін Шоқан деп атап кеткен.

Шоқанның жастайынан білім, ғылымға жақын болуына әкесі Шыңғыстың да әсері тиді. Шыңғыс көптеген орыс зиялыларымен таныс еді. Олардың көпшілігі бірнеше рет Шыңғыстың аулына қонаққа келген.

1947 жыл Әкесі орыс достарының көмегімен сол кездегі ең Іргелі оқу орындарының бірі болып саналатын Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді

1853 жылы Шоқан Кадет корпусын бітіріп шығады.

1856 жылы Ыстықкөлге, 1857 жылы Алатау қырғыздарына, 1858- 1859 жылдары Қашқарияға сапар шекті.



VІ.Сергіту сәті.

VІІІ.Оқулықпен жұмыс.

Мұғалімнің оқуы.

ә)Оқу түрлері:

Тізбектей оқу.

б)Сөздік жұмыс.

-Мүсінді неден жасайды?

Мүсін – бір заттың пішінін металдан, балшықтан, гипстен жасау.

в)Кейіпкерлерге мінездеме бер

1.Шоқан- қайырымды,әділ,уәдеге берік.

2 Мысық –өнерлі,зерек,мүсін жасайды.

-Мүсінді неден жасайды?

Мүсін – бір заттың пішінін металдан, балшықтан, гипстен жасау.



ІХ. Енді шығарманы оқушыларға сұрақ – жауап беру арқылы пысықтау.

-Шоқанның ауылына кім келді?

-Шоқан не істеді?

-Ол Сотниковке нені көрсетті?

-Мысық туралы Сотников не айтты?

-Ол Шоқанға не деді?

-Шоқан өскенде кім болды деп ойлайсыңдар?



Х. Сабақты бекіту.

-Не істеді?Не қылды?Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді?



-Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді?

ХІ. Оқушыларды бағалау.Мадақтау.

ХІІ. Үйге тапсырма.1. Әңгімені түсініп оқу, мазмұндау.

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Адам болам десеңіз»

Сабақтың мақсаты:

1) Өлең жолдарынан өзіндік ой түйіндеуге баулу.

2) Өлеңнен бес асыл қасиет талап, терең ой, қанағат, рақым екендігін түсіндіру.

3) Жаман қасиеттер өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ екенін ұғындыру. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, өзгенің ойын тыңдауға ойын дәлелдеуге баулу.

4) Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қасиеттерден аулақ болуға үйрету.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ жауап, топтастыру, Венн диаграммасы.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кітаптар, суреттер

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.

Шоқан.С Бегалин (топтастыру стратегиясын жүзеге асыру)

Шоқан қай тілде оқи бастады?

Шоқан оқыған қисса - әңгімелерін не істеуші еді, оны кімнен үйренді?

Әкесі әуелі қай тілде дұрыс үйренсін деді?Ол кісі Орынбордан

кімді, не үшін көшіріп әкелді?

Шоқан әжесіне қандай қисса оқыды?

Әжесі немересіне не айтып берді?

Шын аты-Мұхамедханафия( әжесі Айғаным).
4. Тапсырма: Әңгімеге сүйеніп Шоқанға мінездеме жазу.

Ой қозғау стратегиясы.

Абай кім? Қай жерде дүниеге келген?

Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

Абай туралы қысқаша мағлұмат беру.

Топтастыру әдісі (интерактивті тақтаға жазу)
Абай

Жаңа сабақ

А.Құнанбаев «Адам болам десеңіз»

Бұл өлең сендерге таныс, кәне кім осы өлеңді айтып береді екен?

1 Өлеңді оқу

2. Нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.
ІІІ орталыққа бөлу
І орталық «Оқу орталығы»

ІІ орталық « Жазу орталығы»

ІІІ орталық «Шығармашылық орталық»
Тапсырмалар

І орталық (Өлеңді мәнерлеп оқу)

ІІ орталық (Бес асыл іс, бес дұшпанды санамалап жазу)

Интерактивті тақтада көрсету

Алматы қаласындағы Абай ескерткіші

Семей қаласындағы Абай ескерткіші

Өскемен қаласында Абай ескерткіші ашылды.
Жыр кіндігі Жидебайда жыл сайын мектеп оқушылары арасында өткізіліп келе жатқан Абай, Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу сайысы өткізілгеніне биыл 10 жыл толып отыр. Бас жүлдені алған «Өлең сөздің патшасы» номинациясы бойынша Би ата ауылының Шәкәрім орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сейтқазы Айдана Абайдың 230 шығармасын, Шәкәрімнің 190 шығармасын жатқа біледі.Абай елінің намысын қолдан бермеген.

Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы жарық көрген.
Қорытындылау

І, ІІІ орталық Венн диаграммасын толтыру

Адам бойындағы қасиеттер (жағымды, жағымсыз)

ІІ орталық Шығарма «Мен қалай жақсы адам боламын»

Абай атамыз айтқан екен:

Үш-ақ нәрсе адамын қасиеті.

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Ыстық қайрат-бұл еңбек, егер кім көп еңбек етсе, соның қайраты мол.

Нұрлы ақыл-сенің ақылынның нұрынан басқалар шуақ алу керек.

Жылы жүрек-бұл қайырымдылық

Біз осы қасиеттерді бойымызға сіңіре білсек, жақсы адам боламыз.

Оқушыларды бағалау

Үйге: Ұнаған өлең шумақтарын жаттау

Мақал-мәтел жазу

«Желсіз түнде жарық-ай» әнімен сабақты аяқтау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Абайдың өмір жолынан мағлұмат беру.«Адам болам десеңіз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.

Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, қабылдау, көру, сезіну, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: А. Құнанбаев портреті, сөзтізбек,т.б.

Сабақтың барысы:

І-Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім сөзі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру, зейінін сабаққа аудару үшін Абай Құнанбаевтың

«Жазғытұры» өлеңінің бір шума-ғын оқыдым.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

-Балалар, бұл өлеңнің авторы кім еді?



II- Үй тапсырмасын тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

-Шоқанның ауылына кім келді?

-Шоқан не істеді?

-Ол Сотниковке нені көрсетті?

-Мысық туралы Сотников не айтты?

-Ол Шоқанға не деді?

-Шоқан өскенде кім болды деп ойлайсыңдар?

ә)Шоқан әңгімесінің мазмұнын айту, сұрақтарға жауап алу.



ІІІ-Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты бастамас бұрын сабақтың тақырыбын ашып алуымыз керек. Сол үшін «Кім тапқыр» ойынын жүргізіп сөзтізбекті шешеміз.

Сөз тізбек ортасынан Абай есімі шықты. Олай, болса, балалар, бүгін біз Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңімен танысамыз. Негізгі кейіпкеріміз Абай Құнанбаев болғандықтан, Абай атамыздың өмір жолдарынан біраз мағлұмат берейін.

б)Мұғалім сөзі:Автор жайлы қысқаша мағлұмат беру.

Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген.

Халқымыз «Ата көрген оқ жанар,

Ана көрген тон пішер» -дегендей, Абайдың әкесі Құнанбай, анасы-Ұлжан ақыл мен парасаттың иесі болған адамдар. Әкесі ел билеген көсем, шешен адам болған. Әкесі Абайды жас кезінде өзімен отырыстарға апарып, әділ биліктері мен шешендік асыл сөздерін үлгі еткен. Абай жас кезінен-ақ зерек бала атанған. Абайдың жазған өлеңдері жастарды ғылым-білімді сүюге шақырды.. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе демекші, Абайды біз өзімізге алғаш әріп үйреткен әліппе оқулығынан да өлеңдерін танып білеміз.

-Ал өздерің Абай аталарыңның қандай өлеңдерін білесіңдер.

-Балалар, Абай атамыз тек қана ақын ғана емес, сонымен қатар сабағымыздың басында айтып кекендей сазгер де болған. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай», т.б. бірнеше әндері бар. Осы өлеңдерінің ішінде Абай аталарыңның қандай әнін жатқа білесіңдер?

-«Желсіз түнде жарық ай» бір шумақ өлеңін әндете жатқа айту.

IV.Сергіту сәті.

V.Оқулықпен жұмыс.

-Балалар, біз сендермен Абай атамыздың өмірімен таныстық. Енді «Адам болам десеңіз» өлеңімен танысайық.

Өлеңді алдымен мәнерлеп оқимын.

Оқушылар тізбектеп оқиды.

Тақтада слайдтан бес асыл іс пен бес дұшпан шығып тұрады.

VI.Дәптермен жұмыс.

Дәптерге бүгінгі айды, күнді жаздырту.



126-жаттығу.(ауызша).Өлеңді мәнерлеп оқу.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.

127-жаттығу.(жазбаша) Сөйлемдерді оқып,көшіріп жазу.Қай сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызу.

VII.Сергіту сәті.

VIII.Жаңа сабақты бекіту.

- Балалар, бүгін біз кіммен таныстық?

- Абай ата кім болған?

- Бес асыл істі ата?

- Бес дұшпанды ата?

IХ.Бағалау.Мадақтау.

Х.Үйге:142-бет , өлеңді жаттау.128-жаттығу

Сауат ашу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолынан мағлұмат беру.«Тарту» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.

Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, қабылдау, көру, сезіну, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Жақсылыққа,білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: А. Құнанбаев портреті, сөзтізбек,т.б.

Сабақтың барысы:

І-Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім сөзі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру, зейінін сабаққа аудару үшін.



II. Психологиялық дайындық:

-Армысың,асыл күн!

- Армысың, көк аспан!

-Армысың, жан досым!

-Жылуыма жылу қос!

-Міне, менің қолым!.



IIІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а)Сұрақ-жауап:

- Балалар, бүгін біз кіммен таныстық?

- Абай ата кім болған?

- Бес асыл істі ата?

- Бес дұшпанды ата?



ә)«Адам болам десеңіз» өлеңін жатқа сұрау.

ІV.Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты бастамас бұрын сабақтың тақырыбын ашып алуымыз керек. Сол үшін «Кім тапқыр» ойынын жүргізіп сөзтізбекті шешеміз.

Сөз тізбек ортасынан Ахмет есімі шықты. Олай, болса, балалар, бүгін біз Ахмет атамыздың «Тарту» өлеңімен танысамыз. Негізгі кейіпкеріміз Ахмет Байтұрсынов болғандықтан, Ахмет атамыздың өмір жолдарынан біраз мағлұмат берейін.

б)Мұғалім сөзі: Автор жайлы қысқаша мағлұмат беру.

Ахмет Байтұрсынұлы.

Өмірбаяны

Ақын (1873—1938)- әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). 1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.

1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.

1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді. 1918-19 жж. Алашорда қатарында болады. 1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады. 1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер. 1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды. 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.

Байтұрсынұлы, Ахмет (1873—1938) — ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері

V.Сергіту сәті.

Солға, солға түзу тұр.

Алақанда шапалақ...

Оңға,оңға түзу тұр.

Алақанда шапалақ...

Алға қарай бір адым

Алақанда шапалақ...

Артқа қарай бір адым

Алақанда шапалақ.

..Шыр көбелек айналып,

Орнымызды табайық.

VI.Оқулықпен жұмыс.

-Балалар, біз сендермен Ахмет Байтұрсынның өмірімен таныстық. Енді «Тарту» өлеңімен танысайық.

Өлеңді алдымен мәнерлеп оқимын.

Оқушылар тізбектеп оқиды.

VII.Дәптермен жұмыс.

Дәптерге бүгінгі айды, күнді жаздырту.



129-жаттығу.(жазбаша).1.Заттың сынын білдіретін сөздерді сөйлем соңына жазыңдар.2.Сөйлемнің соңғы сөзі қандай сұраққа жауап береді?

Ақыл нұрлы. Жүрек ыстық.Ой терең.Ұл талапты.

130-жаттығу.(жазбаша) 1.Заттың сынын білдіретін сөздердің алдына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып,көшіріп жазыңдар.

...бала ...ағаш ...бор

...кітап ...сынып ...доп

VIII.Сергіту сәті.

Бір,екі,тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Жүгірейік,жүгірейік,

Аяқтың ұшынан басайық.

Саңырауқұлақтай отырып,

Емендерше тұрайық.

Тұрайық, отырайық,

Тұрайық, отырайық.

Партамызға жайғасып,

Отырайық ,тып-тыныш.

IХ.Жаңа сабақты бекіту.

-Ахмет атамыз жақсылыққа жеткізетін не дейді?

-Өзің не үшін білім алғың келеді?



Х.Бағалау.Мадақтау.

ХІ.Үйге:144-бет , өлеңді түсініп оқу.

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер.Өнерлі жігіт.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Заттың сынын білдіретін сөздерді анықтай білуге сауаттылықтарын арттыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, білімдерін толықтыру.

Тәрбиелігі: Өнерлі, білімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау, сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: Әбу –Насыр Әл-Фараби портреті, слайд.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Психологогиялық дайындық

Амансың ба, күн: (қолдарын жоғары көтереді, күнге созады)

Амансың ба, дос! (бір-біріне алақандарын ашады)

Амансыз ба, ұстаз қауым!(бас иіп, сәлем береді)



ІІІ.Үй жұмысы

1-тапсырма. Абай Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңін жатқа сұрау.

2-тапсырма. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңін мәнерлеп оқу.

3-тапсырма.Сауалнама жүргізу.

1) Көктемде алғаш гүлдейтін гүл

а) бәйшешек

ә) қызғалдақ

2) Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

а) не істеді? не қылды? қайтті?

*ә) кім? кімдер? не? нелер?

3) Жуан айтылған сөздерді тап.

*а) дала, тазалық

ә) өзен, сәбіз

4) Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап.

*а) көк-тем

ә) қай-ың

5) Заттың қимылын білдіретін сөзді тап.

*а) күлді, жылады

ә) күн, жер

ІV.Жаңа сабақ

-Бүгін бәріміз орталық жүйеге бағына отырып, орталықтың әрбір тапсырмасына сатылап жауап береміз. Біз қазір қай орталыққа тоқтадық?

«Оқу орталығы» осы орталықта мәтінді сатылай кешенді талдау әдісі арқылы түсіндіру. Оқулығымыздың 146-шы бетін ашып мәтінмен танысайық.



1. Өнерлі жігіт

Ел аузынан

-Бұрынғы заманда жазу сызу болмағандықтан әңгіме ел арасында ауыздан ауызға жетіп отырған. Ел аузынан алынғандықтан оның авторы болмайды.

Әңгімедегі Фараби туралы қысқаша мәлімет беру. Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген. Толық аты-жөні Әл-Фараби Әбу – Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан.

Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған Аристотельдің «Метафизикасын», «Қырық жан туралы», еңбегін жүз рет,ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан.Әл-Фараби «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа жету», «Логика» сияқты тағы басқа трактаттар жазған. Әбу-Насыр Әл-Фараби 950 жылы қайтыс болған.

2. Өзара мағыналық байланыста айтылатын екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.

3 .Шығармадағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау деген сөз. Бұл тақырып мәтінге

сай алынған.

4. Автордың айтайын деген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір-бірімен тығыз байланыста болады. Бұл шығармадағы негізгі ой-жігіттің тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетуі. Фарабидің қамқорлық жасауы. Кейін сол баланың үлкен ғалым болуы.

V.Сергіту сәті.

Солға, солға түзу тұр.

Алақанда шапалақ...

Оңға,оңға түзу тұр.

Алақанда шапалақ...

Алға қарай бір адым

Алақанда шапалақ...

Артқа қарай бір адым

Алақанда шапалақ.

..Шыр көбелек айналып,

Орнымызды табайық.

VІ.Жазу орталығы.

- Балалар! Дәптерімізді ашып бүгінгі күннің жадысын жазамыз.

5.Сөздік жұмыс

Дирхем - VІІ-ғасырда қолданыста болған араб ақшасы (монета). Салмағы 3,9 грамм болған.

Диуана - ақылгөй, дана, қария кісіні айтады.

6.Ережені қайталау.

131-жаттығу.(ауызша)

1.Өлеңді оқу.

2.Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді?

Заттардың сынын білдіретін сөздерге оқушылар мысал келтіреді.



132-жаттығуды сәйкестендіру арқылы орындайық.(жазбаша)

Күрең-- сиыр

Қызыл --ат

Ала --қозы

Момақан-- бұзау

Ақ --лақ


Бөрте-- құлын

Жирен –бота


VII.Сергіту сәті.

Бір,екі,тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Жүгірейік,жүгірейік,

Аяқтың ұшынан басайық.

Саңырауқұлақтай отырып,

Емендерше тұрайық.

Тұрайық, отырайық,

Тұрайық, отырайық.

Партамызға жайғасып,

Отырайық ,тып-тыныш.

7.Жатқа жазу.

Өнерлі өрге жүзеді.

Өнерді үйрен де, жирен.

Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық.



VIIІ.Қорытынды: сұрақ – жауап әдісімен сабақты бекіту.

1) Фараби жігіттің қандай өнерін байқады?

2) Ол жігітке қандай ұсыныс айтты?

3) Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?

4) Фараби қандай еңбектер жазған?

5) Сенің қандай өнерің бар?



ІХ.Бағалау.Мадақтау.

Х.Үйге тапсырма: «Өнерлі жігіт» мәтінді түсініп оқу, мазмұнын әңгімелеу. Әл-Фараби туралы мәлімет жинақтап келу.

Жаңалықтар орталығы.

12 сәуір –Ғарышкерлер күні

Ең алғаш рет 1961 жылы адамзат арасынан аспан әлемін зерттеуге Ю.А. Гагарин ұшты. Міне, биыл Ю.А. Гагариннің ұшқанына 50 жыл толады. 1991 жылы 2-ші қазанда қазақтан тұңғыш рет ұшқан Т.Әубәкіров.

Ғарыш әлеміне қазақтан шыққан 2-ші ғарышкер ағамыз Т.Мұсабаев. Ол үш дүркін аспан әлемін зерттеп келді.

1 шілде - 4 қараша 1994 жыл

2 қаңтар - 25тамыз 1998 жыл

28 сәуір – 6 мамыр 2001жыл

7.Математика орталығы.

Бұл орталықта дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме береміз.

Берілгені: «Ғарышкерлер» сөзінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз, неше буын бар екенін айту.

Шешуі: «Ғарышкерлер» сөзінде 11 дыбыс бар оның төртеуі (4дауысты дыбыс) а,ы,2-е дауысты дыбыстар созылып, ауаға еркін шығады. Буын құрайды. 7 (дауыссыз дыбыс) 3-р, ғ, ш, к.Дауыссыз дыбыстар созылмай айтылады, ауаға қысылып шығады.

Ғарышкерлер=11=4 (а,ы, 2-е) 4

7 (3-р,ғ,ш,к)



4.Сурет арқылы жұптық жұмыс жасайық.

жирен


ақ боз

ала


қара

Жүйрік


қасқа

тарғыл


тоқал

107-жаттығу.

1.Мәтінді көшіріп жазу.

2.Жануарлардың аттарының астын сызыңдар.

3.-Қай сөздер бас әріптен басталып жазылған?

VII.Бекіту кезеңі :

1.Адам туралы сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?

2.Заттар мен жануарларға қандай сұрақтар қойылады?

3.Қандай сөздер бас әріппен басталып жазылады?



VIII.Қорытынды.

-Қай сөздер бас әріптен басталып жазылған?

-Абайдың ауылына келген кімдер еді?

-Абай ақындардан не үйренді?

-Абайға Барлас қандай тілек айтты?

-Абай өскенде кім болды?

ІХ. Бағалау:мадақтау.

Х. Үйге тапсырма: «Ақын тілегі» әңгімесін түсініп оқып, мазмұндап келу.

108-жаттығу.1.Сөздерді оқу.

2.Ат пен иттің аттарын бөлек-бөлек топтап жазу.

Сауат ашу. 25.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Домалақ ана.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Заттың санын білдіретін сөздер қанша?неше? ұғымы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Жаттығулар орындау арқылыоқушылардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелілік: Домалақ ана өлеңін оқу,талдауарқылы ананы сүюге ,құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:үйректің суреті,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Алақай-ау, алақай!

Алақай-ау, алақай!

Бұдан былай мен енді

Емеспін жәй «балақай»

Оқи алам өлеңді,

Жаза алам сөздерді.

Өйткені...

«Оқушымын» мен енді.

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

-Балалар, үйге берілген «Өнерлі жігіт» әңгімесі туралы кім не айтады?

-Өнерлі жігіт деген қандай жігіт?



ІV.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

-«Өнерлі жігіт» әңгімесін пысықтап, талдау.

- Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?

-Заттың сынын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет