Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет31/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42





ХІ.Бағалау.Мадақтау.

ХІІ.Үйге тапсырма: Өлеңді түсініп оқып келу.164-бет.

151-жаттығу.

1.Сөйлемдерді оқыңдар.Керекті жеріне нүкте қойып,оларды бас әріптен бастап жазыңдар.

Құралай терезені ашты үйге салқын ауа кірді үйдің ауасы тазарды Құралай сабақ оқыды

Құралай терезені ашты. Үйге салқын ауа кірді. Үйдің ауасы тазарды. Құралай сабақ оқыды.

Сауат ашу. 22.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Тоқтар-тұңғыш ғарышкер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіре отырып, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров жайлы шығармашылығы мен сіңірген еңбегі жайлы таныстыру, ғарыш айлағы космос жайлы ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылық: Сөздік қорларын, дүниетанымын, тіл байлығын, шеберлігін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: Ғалам құпияларын оқып білуге шақыру, өз елін, жерін сүюге қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтары: көрнекі құралдар,тақтамен жұмыс,суреттер

Сабақтың типі: Білім,білік дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру,ой-қозғау, өзбетінше жұмыс, әңгімелеу, баяндау, топтастыру, сұрақ-жауап, жеке шығармашылық, ауызша, жазбаша, талдау, жинақтау, көрнекілік.

Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясының элементтерін пайдалану.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, еңбекке баулу,дүниетану.

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды сабаққа даярлау

ә) Назарларын сабаққа аудару.

б) Сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру.

II. Кіріспе-қызықтырушылық кезең.

Оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын жүрек тұсына қойып, ана тілі өлеңін дауыстап оқу.

Ақыл-ойын дананың ,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің,

Мәнін терең білуді.

ІІІ.Өткенді сабақты қайталау.

в)«Геолог» өлеңін мәнерлеп оқу.

г) сұрақ-жауап:

-Елімізде қандай қазба байлықтар бар?

-Қазба байлық не үшін қажет?

-Геолог қандай мамандық деп ойлайсыңдар?

-Қаныш Сәтбаевты неліктен геолог-ғалым дейміз?

д)Ережелерді қайталау.

1.Қандай сөздер бас әріптен басталып жазылады?

2.Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

3.Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

4.Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

5. Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?

6.Сөйлем соңына қарай қандай тыныс белгілерін қоямыз?

ІV.Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Келген құсты санаймын,

Үш бұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жеркөрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

V.Өткенді бекіту.

Жаңа мағынаны тану.

VІ. Сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың өмірі,шығармашылығы мен халқына сіңірген еңбегі жайлы танысамыз, сонымен қатар сендерді ғалам құпияларын зерттеп білуге шақырамын.

VІІ.Өткенді бекіту.

Жаңа мағынаны тану.

Жаңалықтар орталығы.

12 сәуір –Ғарышкерлер күні.

Ең алғаш рет 1961 жылы адамзат арасынан аспан әлемін зерттеуге Ю.А. Гагарин ұшты. Міне, биыл Ю.А. Гагариннің ұшқанына 50 жыл толады. 1991 жылы 2-ші қазанда қазақтан тұңғыш рет ұшқан Т.Әубәкіров.

Ғарыш әлеміне қазақтан шыққан 2-ші ғарышкер ағамыз Т.Мұсабаев. Ол үш дүркін аспан әлемін зерттеп келді.

1 шілде - 4 қараша 1994 жыл

2 қаңтар - 25тамыз 1998 жыл

28 сәуір – 6 мамыр 2001жыл

7.Математика орталығы.

Бұл орталықта дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме береміз.

Берілгені: «Ғарышкерлер» сөзінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз, неше буын бар екенін айту.

Шешуі: «Ғарышкерлер» сөзінде 11 дыбыс бар оның төртеуі (4дауысты дыбыс) а,ы,2-е дауысты дыбыстар созылып, ауаға еркін шығады. Буын құрайды. 7 (дауыссыз дыбыс) 3-р, ғ, ш, к.Дауыссыз дыбыстар созылмай айтылады, ауаға қысылып шығады.

Ғарышкерлер=11=4 (а,ы, 2-е) 4

7 (3-р,ғ,ш,к)

VІІІ. Жаңа сабақ.

-Бүгін біз қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы кеңінен мағлұмат аламыз.

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы шілденің 27-де Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында, 1 май ұжымшарында дүниге келеген. Ұлты –қазақ.Білім жоғары.

Техника ғылымдарының докторы, академик авиация генерал-майоры,1965- 1969 жылдары Армавир әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш-инженер.(слайдтар арқылы суреттер көрсетіліп тұрады)

Біздің жеріміз орман, тау, өзен, көл, өмір сүретін ортамыз бәрімізге ортақ.Біздің өмір сүретін ортамыз-Жер планетасы. Ғарыш әлемін көру үшін Зымыранмен ұшу қажет. Зымыран жер мен аспан арасындағы ең жедел транспорт.Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлеміндегі өзгерістерді суретке түсіріп, ондағы ауа мен топырақты зерттейді.Оны жерге хабарлап отырады. Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киімдер киеді. Ол СКАФАНДР деп аталатын киім ғарышқа ұщуға лайықталған киім.

-Мінеки ғарышкерелр киімі мынанадай, ғарыш әлемі мен ғарыш әлемінің құпияларымен таныстық.
ІХ.Кітаппен жұмыс.

1)Әңгімені оқыту,сұрақ-жауап арқылы түсінігін сұрау.

Тізбектей оқу.

Тауып оқу.

Х.Дәптермен жұмыс.

2)Өлеңді талдап, тізбектей оқу, жаңа мағынаны тану.
«Байқоңыр» өлеңін оқып,көшіріп жазу.
ХІ.Сергіту сәті
Зеңгір аспан көгілдір
Алтын күн төрінде
Тамылжытып төгіп тұр.
Шаттық сыйлап көңілге
Көк аспандай көгілдір
Қазақстан байрағы
Тұрса күндей төгіп нұр.
Жандарымыз жайдары.
ХІІ.Топтастыру.
Профессор


депутат,саяси қызметкер ұшқыш


инженер Тоқтар Әубәкіров ардақты әке


генерал-майор
ғарышкер
білімді


ХІІІ. Сабақты қорытындылау .
Мен ақылдымын,
Қиындықтан қорықпаймын,
Мен жаспын, қандай әдемімін,
Мен ұзақ өмір сүремін.
Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді,
Мен халқыма қызмет етемін.
Айға ұшамын, жерге түсемін,
Халқыма тыныштық тілеймін.
ХIV. Рефлексия бағалау кезеңі.,

Бағалау.Сабаққа белсене араласқан оқушыларды кесте арқылы бағалау.

ХV.Үйге тапсырма:Әңгімені оқып,мазмұндау, «Ғарышкер болғым келеді» тақырыбында өлең шығару.

Сауат ашу. 02.05.2013 ж.

Тақырыбы: Мазмұндама.(үйрену мақсатында) «Бұғы».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды мазмұндама жазуға оқыта үйрету. Керекті сөздер мен сұрақтарға жауап жазу арқылы мазмұндама жазу.

Дамытушылық:Жануарды суреттеу арқылы тіл байлығын дамыту.Сұраққа толық жауап беруге, шығармашылық ойын жазбаша дұрыс жеткізуге,танымын жетілдіру.

Тәрбиелілік: Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!

ІІІ.Жаңа сабақ.

а)Сабақ мақсатын айту.

ә)Жануарлар туралы әңгімелесу.

«Бұғы» .

Бұғы-аша тұяқты жануар.Оның мүйізі тармақтанып өседі.Олар солтүстікте,орманды,таулы жерлерде болады.Солтүстік бұғысы суыққа төзімді,қарға көп батпай жүре алады.Сондықтан оны шанаға жегіп,көлік ретінде пайдаланады.Бұғылар мүк,қына сияқты шөптерді жейді.Тұяғымен қар теуіп жайылады.

Шығыс Қазақстан облысы жерінде де бұғы өсіріледі.

1.Дайын мәтінді іліп қою.

2.Мұғалімнің мәтінді 2 рет оқуы.

3.Оқушылардың сұрақтарға ауызша жауапты дайын мәтіннен тауып оқып беруі.

4.Мұғалімнің мәтінді тағы 1 рет оқуы.

5.Тақтадағы дайын мәтінді жауып қою.

6.Екінші тақтадағы алдын-ала жазылып қойылған сұрақтарды ашу.

7.Әр сұраққа жеке-жеке жауап алу.

8.Барлық сұраққа 1 оқушы немесе 2-3 сұрақтан екі оқушыдан жауап беруі.

9.Тақтадағы сұрақтарға сүйене отырып,жазуға кірісу.

10.Керекті сөздер: тұяқты,тармақтанып, солтүстікте, орманда, таулы, Солтүстік бұғысы, шанаға жегеді,көлік,мүк,қына,қар теуіп,Шығыс Қазақстан.

ә)Сұрақтар:

-Бұғы қандай жануар?

-Оның мүйізі қандай болады?

-Олар қандай жерлерде болады?

-Қандай бұғы суыққа төзімді?

-Бұғыны не ретінде пайдаланады?

-Бұғылар қандай шөптерді жейді?

-Тұяғымен нені теуіп жайылады?

-Қандай облыс бұғы өсіреді?



IV.Мазмұндама жазу.

Сәуірдің отызы.

Мазмұндама.

Бұғы.


V.Қорытынды.Дәптерлерін жинап алу.

VІ.Бағалау.

VІІ.Үйге: «Сілеусін», «Әже» мәтіндерін оқу,мазмұндау,дәптерге мәтіндерді көшіріп жазу.

88сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.Ғарышқа ұшу



Сабақтың мақсаты: а) Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы түсінік

бере отырып, «Ғарышқа ұшу» өлеңімен таныстыру ә)Сөйлеу тілдерін,,й-өрісін дамыту. б) Сауатты жазуға, бірін-бірін тыңдауға , сыйлауға, адам бойындағы жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Т.Әубәкіров суреті,өмірбаяны

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, қазақтың тұғыш тғарышкері кім? Ол туралы не білеміз -Т.Әубәкіров

V. Жаңа сабақ:Тұңғыш ғарышкер туралы, оның өмірбаяны туралы мағлұмат беру.«Ғарышқа ұшу» өлеңін мәнерлеп оқу.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Алғаш ғарышқа ұшқан кім?Қай жылы ұшты?

Сергіту сәтіДәптермен жұмыс172 беттегі 158-жаттығу. Өлеңді оқып шығып, көшіріп жазу.

VII.Бекіту кезеңі:-Сөйлем дегеніміз не?-Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілері қойылады?-Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?

VIII. Үйге тапсырма, бағалау : Геолог өлеңін мәнерлеп оқу
89сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мамыр

Сабақтың мақсаты:а) Сөйлемдегі сөздердің байланысытуралы білімдерін меңгеру. ә)Тапсырмалар орындау барысында жаңа білімдерін одан әрі дамыту б) Сауатты,көркем жазу дағдысын қалыптастыру, әдемі сөйлей білуге баулу,ой-өрісін кеңейту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Өткен сабақты қайталап, жаңа сабақпен байланыстыру.Сөйлем дегеніміз не?Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?

IV. Мақсат қою кезеңі:Сөйлемде қандай тыныс белгілеріқойылғанАлақай, анам келе жатыр!Сөйлемде неше сөз бар?

V. Жаңа сабақ:- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күндегідей емес, ерекше.Кәне осы сабағымыздың мақсатын білейік.(плакаттағы ту суретін көрсетіп, жазуы оқылады).Оқулықтағы 160-жаттығуға көңіл аударылады.Сергіту сәтіТақтамен жұмыс160-жаттығудытақтада орындату.Көк ту желбіреді.Көк ту-ту не істеді?Қандай ту?-көк ту2Ізденушілік тапсырма161-жаттығу-ауызша3.сурет бойынша қысқаша әңгіме жүргізу.- суретте қандай мереке бейнеленген?1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Мамыр Н.ОразалинӨлеңді мәнерлеп оқу.

VII.Бекіту кезеңі:Карточкаларды2-3 оқушыға таратып беріледі.Сөйлемдегі сөздердің байланысынтабу.Жаңбыр жауды.Күн күркіреді.Балалар жылы киінді.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау :
90сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Қаздарым.

Сабақтың мақсаты: а) Сөйлемдегі сөздердіңбайланысы тақырыбын қайталата

отырып.Сөйлем туралы жетік білуге жаттықтыру.ә)Балалардың сөздік қорынбайыту.ой-өрісін дамыту. б) Ойлай білуге, ойын толық жеткізе алуға үйрету.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:плакаттағы сөздер, карточкалар, сюжеттік ойындар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Сөз ойла.Сөзден сөйлем құрастыру.Сөздердің байланысын айтып беру.Күн жылынды.жел соқты.

IV. Мақсат қою кезеңі:Сөйлем сөздің байланысын қалай анықтаймыз? Мысалдар келтіру.

V. Жаңа сабақ:Сурет бойынша сөйлейікМұғалімнің қысқаша түсіндірмесі тақтаға көрнекілікті іліп, көрнекілікке жұмыс жүргізуЖеке әр суретті көрсете отырып сөйлем құрастыруСөйлемдегі сөздердің байланысын тапқызуҚарлығаш ұясына қонды.Сергіту сәті Оқулықпен жұмыс162—жаттығу (ауызша талдау)Үлгі Шөп өсті.Тақтамен жұмысЕкі оқушыға карточка беріледі, оқып ондағы сөздердің байланысын табыңдар.Көктем келді.Күн ұзарды.

VI.Жаңа материалды пысықтау:163-жаттығуды жазбаша орындау

VII.Бекіту кезеңі:Оқулықпен жұмысҚаздарым Қ.ТолыбаевӨлеңді мәнерлеп оқып

Рөлге бөліп оқыту.



VIII. Үйге тапсырма, бағалау :Әңгіме құрастыру тақырыбы: «Жаз келді»
91сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қайталау.№15өзіндік жұмыс

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау

ә)Сабақтағы өтілген тақырыптар бойынша логикалық ойын есте сақтау қабілетін, сөздік қорын қалыптастыру.б) Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі:-Біз сендермен өтілген тақырыптарды ойын арқылы пысықтаймыз

-«Кім жылдам?»ойыны алма ағашындағы алманы кім себетке жинап болады, сол топ жеңіске жетеді.



VII.Бекіту кезеңі:№15 өзіндік жұмысБірінші қолымызды жаттықтырыпауаға жазып аламыз, сосын дәптерге жазамыз

VIII. Үйге тапсырма, бағалау
92сабақ. Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың мақсаты: а) Мәтін туралы түсінік беру.Мәтінді оқи отырып білімдерін

қалыптастыру ә)Ойлау қабілеті мен көркем жазу қабілеттерін қалыптастыру.б) Оқушыларды табиғатты аялауға , оны қорғауға тәрбиелеу



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер, карточкалар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар, далаға қарайықшы қандай?Қазір қандай жыл мезгілі?

V. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс164-жаттығу (ауызша)Жалбыз қандай өсімдік?Тісіңді күніне неше рет жуасың?165-жаттығу көшіріп жазу.Сергіту сәті Суретпен жұмыс

Шағын мәтін



VI.Жаңа материалды пысықтау:Сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.Карточкалармен жұмыс Гүл, дала, тау

VII.Бекіту кезеңі:«Кім жылдам?» ойынын ойнату

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:
93 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен жұмыс

Сабақтың мақсаты: а) Мәтін туралы алған білімдерін одан әрі қалыптастыру ә)оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын қалыптастыру б) Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер,дидак материалдар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Жуан дауыстыларды атаңдар.а,о,ы,ұ- Жіңішке дауыстыларды атаңдар ә,і,ү,ө,и,е,- Жалғау дегеніміз не?Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі:Өткен тақырыпты білетін болсақжұмысымызды одан әрі жалғастырамыз

V. Жаңа сабақ:Сурет бойынша әңгіме құрастырайық.Тақырыбы: «Үй құстары»166-жаттығу Мәтінге ат қою Сергіту сәті

VI.Жаңа материалды пысықтау:168-жаттығу тақтада, жазбаша орындауОқулықтағы 167-жаттығу (ауызша)Мәтінге ат қою

VII.Бекіту кезеңі:Сөйлем дегеніміз не?Сөйлемдегі сөздердің байланысы сұрақтарына жауап беру.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау
94 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Бұғы

Сабақтың мақсаты: а) Сөздердің мағынасын түсіндіру, әңгіме құрастыра білуге үйрету ә)Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, сөздік қорын дамытуб) оқушыларды ұқыптылыққа,табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Жылдың қанша мезгілі бар?Сызба арқылы көрсетуӨтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі:Сөз дегеніміз не? Сөздердің байланысын қалай білемізЮ

V. Жаңа сабақ:169-жаттығу ауызшаБұғы қандай жануар, қандай шөптерді жейді?170-жаттығу Сілеусін мәтіні171-жаттығу тақтада .жазбаша орындау

VI.Жаңа материалды пысықтау:«Кім көп біледі?» ойыны

VII.Бекіту кезеңі:Мақал-мәтелдерКөктем туралы мәтін құрастыру.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау: «Табиғатым -тынысым» тақырыбынаәңгіме құрап келу
95 сабақ. Сабақтың тақырыбы: №16 өзіндік жұмыс

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың өтілген тақырып бойынша алған білімдерін

пысықтау ә) оқушылардың сөздік қорын есте сақтау қабілетін дамыту. б) Өтілген тақырыптарды пысықтай отырып ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу



Сабақтың түрі:бекіту сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II. Мақсат қою кезеңі:Бүгін біз сендермен өзіндік жұмысжүргіземіз.Өтілген тапсырмалар бойынша білімдеріңді пысықтаймыз

III.Бекіту кезеңі:№16

Ауада жазып жаттығу

дәптермен жұмыс

IV. Үйге тапсырма, бағалау


Сауат ашу. 02.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс.Әріп. Жеңіс күні.Астанаға барғанда.Сөздік диктант.

Сабақтың мақсаты:

Білімділікке:Дыбыс,әріп жайлы түсініктерін пысықтап,тиянақтау. Жыл бойы өтілген материалдар бойынша алған білімдерін пысықтау.Өлеңдерді мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Дамытушылық:Өтілген тақырыптар бойынша есте сақтау қабілеттерін пысықтау.

Тәрбиелілік:Оқушыларды отанын сүюге, туған жерін, елін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер, дидактикалық материалдар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.



ІІ. Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет