V.Сергіту сәті.
Солға, солға түзу тұр.
Алақанда шапалақ...
Оңға,оңға түзу тұр.
Алақанда шапалақ...
Алға қарай бір адым
Алақанда шапалақ...
Артқа қарай бір адым
Алақанда шапалақ.
..Шыр көбелек айналып,
Орнымызды табайық.
VІ. Мақсат қою кезеңі:
-Заттың санын білдіретін сөздер деген қандай сөздер?
-Бір, екі, үш бұлар нені білдіреді?
-Санды мысал келтірейікші.Алмас театрға екі билет сатып алды.
VІІ. Жаңа сабақ:
133-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар?
Неше? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
135-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.
ЕРЕЖЕНІ жаттау.
«Домалақ ана» Автор Т.Молдағалиев туралы түсінік беру
VIII.Сергіту сәті.
Бір,екі,тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Жүгірейік,жүгірейік,
Аяқтың ұшынан басайық.
Саңырауқұлақтай отырып,
Емендерше тұрайық.
Тұрайық, отырайық,
Тұрайық, отырайық.
Партамызға жайғасып,
Отырайық ,тып-тыныш.
IХ.Бекіту кезеңі:
-Сан есім дегеніміз не?
-Қанша?Неше?Нешінші сұрақтарына жауап беретін сөздерге мысал келтіру.
Х. Бағалау.Мадақтау.
ХІ.Үйге тапсырма:134-жаттығу.1.Сөйлемдерді оқып шығып, көшіріп жазыңдар2. Нешінші? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып , астын сыз.
149-бет «Домалақ ана» өлеңін жаттап келу.
Сауат ашу.
Тақырыбы:Заттың санын білдіретін сөздер. "Үш би."
Мақсаты:
Білімділік:Заттың санын білдіретін сөздер қанша? неше? Ұғымы туралы білімдерін пысықтау. Қазақтың үш биі туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық:Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік:Отанын сүюге, туған жерін, елін,халқын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекі-құралдар: үш би суреті, сұрақтар,
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, , әңгімелеу
Пән аралық байланыс: математика
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық:
-Екі көз не үшін керек?
- Барлық жақсылықты көру үшін.
-Екі құлақ не үшін керек?
-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
-Екі қол не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін.
-Екі аяқ не үшін керек?
-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін..
1. Ұранымыз: «Жақсы оқу, үлгілі болу».
2. Мақсатымыз: «Еңбектену, 4-5-ке қол жеткізу»
ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру.
а)Өлеңмен жұмыс.
«Домалақ ана» өлеңін пысықтап оқыту немесе жатқа сұрау.
ә)Ережелерді қайталау.
- Кім?Кімдер?Не?Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер кімнің және ненің атын білдіреді?Мысал келтірейік.
- Қандай сөздер бас әріппен басталып жазылады?Мысал келтірейік.
-Не істеді?Не қылды? Қайтті?сұрақтарына жауап беретін сөздер нені білдіреді?Мысал келтірейік.
-Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді?Мысал келтірейік.
-Қанша?Неше?Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді?Мысал келтірейік.
ІІІ. Мақсат қою.
(Сан есімді пысықтау)
- Балалар жылдың неше мезгілі бар? (4)
- Қазір қай мезгіл? (көктем)
- Көктем айлары нешеу? (3)
- Сен нешінші сыныпта оқисың? (бірінші)
- Жасың нешеде? (сегізде)
- Сен нешінші партада отырасың? (үшінші)
- Мен сендерге қандай сұрақтар қойдым? (Қанша? Неше? Нешінші?)
- Ендеше балалар бүгін біз сендермен заттың санын білдіретін сөздерге арналған жаттығу жұмысын орындаймыз.
б) 136- жаттығу.(жазбаша) Сандарды сөзбен жазу.
11,12,13,14
Үлгі: он бір, ...
2.Екі таңбалы сан атауларының бөлек жазылатынын естеріңе сақтаңдар.
IV. Сергіту сәті.
Көк аспанға қараймын,
Келген құсты санаймын,
Үшбұрыш болып тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
в) 138- жаттығу. Көп нүктенің орнына аптаның нешінші күні екенін жазыңдар.(ауызша)
Аптаның нешінші күнін білдіретін сөзді тап.
Дүйсенбі-аптаның бірінші күні.
Сейсенбі-... ... ... .
Сәрсенбі-... ... ... .
Бейсенбі-... ... ... .
Жұма-... ... ... .
Сенбі-... ... ... .
V. Жаңа сабақ.
- Бүгін біз сендермен Үш би.
Мұғалімнің қысқаша мағлұмат беруі:
Төле би ақылды,әділ адам болған.
Қаздауысты Қазыбек би тапқыр,батыл,шешен атанған.
Әйтек би шешендігіне қоса,ел басқарған.
Қазақтың бұл үш биі-халық қамын ойлаған адамдар.
VI.Оқулықпен жұмыс.
Н. Оразалиннің «Үш би» өлеңін оқиық.
1. Өлеңді мұғалімнің оқып беруі.
2. Оқушыларға оқыту: дауыстап тізбектей оқыту, іштей оқу.
-Өлеңнің ішінде заттың санын білдіретін сөзді табыңдар?
3. Сұрақ- жауап арқылы тауып оқып, қорыту.
-Төле би мен Қазыбек,Әйтеке биді-кім дейді?
-Еліне қандай болған?
-Көліне қандай болған?
-Жеріне не болған?
-Кімнің туын ұстаған?
-Кімнің намысын ұштаған?
-Қасиетті үш бабамызды қалың қазақ кім деп тұтар?
-Қазақтың үш биі туралы не айтамыз?
VIІ.Сергіту сәті.
Солға, солға түзу тұр.
Алақанда шапалақ...
Оңға,оңға түзу тұр.
Алақанда шапалақ...
Алға қарай бір адым
Алақанда шапалақ...
Артқа қарай бір адым
Алақанда шапалақ.
..Шыр көбелек айналып,
Орнымызды табайық.
5.Мақал оқыту,түсіндіру.
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
-Батырлар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
- Шешен деп кімді айтамыз?
- Батыр деп кімді айтамыз?
Сан есім ережесін, сұрақтарын қайталау.
VІІІ.Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
ІХ. Қорыту
-Біз нені білдік?
-Қанша?Неше?Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді? Мысал келтір.
- Келешекте нені білгіміз келеді?
- Сан есімнің түрлерін.
Х. Бағалау.Мадақтау.
ХІ. Үйге:
«Үш би» өлеңін жаттау.
в) 137- жаттығу.(ауызша)1.Сұрақтарға жауап жазыңдар.
1. Атың кім?
2. Неше жастасың?
3. Қай сыныпта оқисың?
ә) Неше? Нешінші сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар?
Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Махамбеттің тапқырлығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділікке: Заттың санын білдіретін сөздер қанша?неше? ұғымы туралы білімдерін пысықтау.Қазақтың біртуар батыр ұлы Махамбет бабамыз туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Жаттығулар орындау арқылыоқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын , есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды Махамбет ерлігімен жастарды патриот болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:ақын портреті, батыр киімі, қару-жарағы, шығармалар жинағы, Қазақстан картасы, «Еліміздің рәміздері» тақырыбындағы буклет.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдербаяндау,диалог,түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: тарих,география,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
ІІ. Психологиялық дайындық:
-Екі көз не үшін керек?
- Барлық жақсылықты көру үшін.
-Екі құлақ не үшін керек?
-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
-Екі қол не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін.
-Екі аяқ не үшін керек?
-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін..
IV.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
-Үш би туралы не білеміз?
-Төле бм қандай адам болған?
-Қаздауысты Қазыбек ше?
-Әйтеке би кім болған?
Қазақтың бұл үш биі-кімнің қамын ойлаған?
Ережені еске түсіріп, мысалдар келтірейік.
V . Сергіту сәті.
Көк аспанға қараймын,
Келген құсты санаймын,
Үшбұрыш болып тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
VІ. Мақсат қою кезеңі:
( Сан есімді пысықтау)
- Балалар жылдың неше мезгілі бар? (4)
- Қазір қай мезгіл? (көктем)
- Көктем айлары нешеу? (3)
- Сен нешінші сыныпта оқисың? (бірінші)
- Жасың нешеде? (сегізде)
- Сен нешінші партада отырасың? (үшінші)
- Мен сендерге қандай сұрақтар қойдым? (Қанша? Неше? Нешінші?)
-Қанша?Неше?Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың несін білдіреді? Мысал келтір.
- Ендеше, балалар бүгін біз сендермен заттың санын білдіретін сөздерге арналған жаттығу жұмысын орындаймыз.
VІІ.Дәптермен жұмыс.
Сәуірдің тоғызы.
Сынып жұмысы.
батыр батыр батыр
139-жаттығу.(жазбаша).Санамақты оқып,неше? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазу.
Бір,екі,үш,төрт,бес,алты,жеті,сегіз,тоғыз,он,он бір.
140-жаттығу.(ауызша).Өлеңді оқу.Неше? сұрағына жауап беретін сөзді атау.
Жеті.
VІІІ.Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
ІХ.Жаңа сабақ:
-Бүгінгі өтетініміз «Махамбеттің тапқырлығы»мәтінін өтеміз.
- Кім айтады,Махамбет кім?
а)Кіріспе бөлімі.
-Махамбеттің бойындағы өжеттік, тапқырлық, батырлық, ержүректік қасиеттерімен ,Махамбетте ақындық, күйшілік, сазгерлік, домбырашылық қырынан тануға болады..
- Бүгін балалар, біз Махамбетті басқа қырынан танимыз, ақынның өлеңдерімен танысамыз. Демек, Махамбет әрі батыр, әрі ақын екен. Оған оның көптеген өлеңдері дәлел бола алады.
Махамбеттің 80-ге жуық өлеңі бар, мұрасының көбі бізге жетпеген. Оның өлеңдерін шәкірті Қуан жырау жатқа білген екен. Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген. Одан Ығылман Шөреков жаттаған. Бірқатар өлеңдерін жинаған ақын – Шәңгерей Бөкеев.
Ең алғаш Махамбет өлеңдері 1908 жылы Қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғымарқызы уғылына айтқаны» дейтін жинақта жарық көрген Сонымен қатар күйші-сазгер, домбырашы. Олай дейтініміз – Махамбеттің «Жорық», «Жайық асуы», «Қайран,Нарын», «Исатайдың Ақтабаны-ай», «Кішкентай», «Ақтабан», «Жұмыр қылыш», «Өттің дүние», «Өкініш», «Қиыл қуғыны» т.б. күйлері бар.
Исатай мен Махамбет халықты хан-сұлтандарға, білегі жуан билерге қарсы көтереді.
Көтерілістің шығу себебі: шаруалардың шұрайлы қонысынан, жер-суынан, еркінен арылуы, хан-сұлтандар мен патша үкіметінің езгісіне, қыспағына түсіп күйзелуі болды. 1836 жылы 2-қараша күнгі көтерілісте Исатай мен Махамбет бастаған 3 мыңдай адам хан ордасына шабуыл жасайды. 1838 жылдың шілдесінде Гекке бастаған орыс армиясымен соғысады.
Көтерілістің жеңілу себебі: 1) барлық көтерілісшілер жаппай, біртұтас біріге алмады; 2) өздерінен жақсы қаруланған, арнайы әскери дайындықтан өткен патша жазалаушы күштерімен арпалысу қиын еді.
Көтеріліс жеңіліс тауып, оның басшылары жазаланса да, бұл еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам болды. Ұлт-азаттық қозғалысының көсемдері батыр Исатай мен ақын Махамбет халықтың ыстық ықыласына бөленді. Олар халық жүрегінде мәңгі сақталар тұлға болып қала бермек.
Х.Мәтінмен жұмыс.
ә)Мұғалімнің мәтінді оқып беруі.
б)Оқушылардың тізбектей оқуы.
в) Мақал:Сөз сүйектен өтеді.
ХІ.Сергіту сәті.
Солға, солға түзу тұр.
Алақанда шапалақ...
Оңға,оңға түзу тұр.
Алақанда шапалақ...
Алға қарай бір адым
Алақанда шапалақ...
Артқа қарай бір адым
Алақанда шапалақ.
..Шыр көбелек айналып,
Орнымызды табайық.
ХІI.Жаңа материалды пысықтау:
1. Тергеуші Махамбетті не үшін іздеді?
2.Махамбет тергеушімен қалай сөйлесті?
3.Ауыл адамдары Махамбетті қалай сипаттады?
4.Тергеуші неге қайтып кетті?
ХІII.Бекіту кезеңі:
- Сонымен, балалар, Исатай мен Махамбеттің арманы орындалды ма?
Бүгінде Исатай мен Махамбет арманы мүлтіксіз жүзеге асуда. Келешек ұрпақ Махамбеттің аманатын орындалады. Талай ғасырлар бойы темір құрсауда болған қазақ халқы ел жастарының бірігуімен тәуелсіздігін алдық. (1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы айтылады.)
Қазақстан қазіргі таңда егемен , тәуелсіз мемлекет. (Еліміздің рәміздері туралы айтылады.)
Тәуелсіздік – қасиетті де қастерлі ұғым.
«Қазақстан» әнін хормен сынып оқушылары орындайды.
ХІV. Бағалау:Мадақтау.
ХV. Үйге тапсырма:Махамбеттің тапқырлығы оқу, әңгімелеу.Ережені қайталау.
Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Абылай хан.
Сабақтың мақсаты:
Білімділікке: Заттың санын білдіретін сөздер қанша?неше? ұғымы туралы білімдерін пысықтау.Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емеспе тілегі елдің" – демекші, туған жердің тарихын, соның ішінде Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету.Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
Дамытушылық: Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын , есте сақтау қабілетін дамыту.Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиетін арттыру
Тәрбиелілік: Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз"-дегендей, өз отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, "Бабалар ерлігі-ұрпаққа үлгі",-деп айтып оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: портреті.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдербаяндау:диалог,түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: тарих,география,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
ІІ. Психологиялық дайындық:
-Екі көз не үшін керек?
- Барлық жақсылықты көру үшін.
-Екі құлақ не үшін керек?
-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
-Екі қол не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін.
-Екі аяқ не үшін керек?
-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін..
IV.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
1. Тергеуші Махамбетті не үшін іздеді?
2.Махамбет тергеушімен қалай сөйлесті?
3.Ауыл адамдары Махамбетті қалай сипаттады?
4.Тергеуші неге қайтып кетті?
II.Үй тапсырмасын сұрау:
«Сілеусін», «Әже» мәтіндерінің мазмұнын сұрау.
ІХ.Жаңа сабақ:
-Бүгінгі өтетініміз «Абылай хан»мәтінін өтеміз.
- Кім айтады,Абылай хан кім?
а)Кіріспе бөлімі.
Өмір сүрген Толық аты Уәлиұлы Әбілмансұр жылдары1711-1781 жж. Саяси дипломатҚолбасшы Атасы Көркем Уәли Әкес Жәңгірұлы Уәлибақы Билік құрған кұйші жылдары 1771-1781жж.
Абылай – аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.
Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады
Х.Мәтінмен жұмыс.
ә)Мұғалімнің мәтінді оқып беруі.
б)Оқушылардың тізбектей оқуы.
в) Мақалдар.
1.Жер таусыз болмайды,
Халық хансыз болмайды.
2.Ханда қырық кісінің ақылы бар.
ХІ. Сергіту сәті.
Солға, солға түзу тұр.
Алақанда шапалақ...
Оңға,оңға түзу тұр.
Алақанда шапалақ...
Алға қарай бір адым
Алақанда шапалақ...
Артқа қарай бір адым
Алақанда шапалақ.
..Шыр көбелек айналып,
Орнымызды табайық.
ХІI.Бекіту кезеңі:
Балалар, сонымен біз бүгін ұлы бабамыз, батыр бабамыз Абылай туралы сөз қозғадық. Ол үшін жүздің басын құраған белгілі хан, көзі тірісінде халқын ешкімге тәуелді етпеген білгір саясаткер, дипломат, елі үшін жанын беруге даяр болған ержүрек батыр, қолбасшы болған екен.
Ерлерді ұмытса да ел,сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жанын кешіп, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі,
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
Абылайдай бабамызды ешқашан ұмытпай, есте ұстайық, аруағына бас иейік! Ұлы бабамыздың аманатын ұрпақтары орындады, ел билігін бекем ұстаған Елбасымыз бар. Ендеше, егеменді еліміздің ертеңі жарқын бола берсін, көк байрағымыз желбірей берсін деген ақ тілекпен сабағымызды қортындылайық.
ХІІІ. Бағалау:Мадақтау.
ХІV. Үйге тапсырма: «Абылай хан» оқу, әңгімелеу.Ережені қайталау.
Сауат ашу. 15.04.2013 ж.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылатыны. « Балаларға» Ж.Жабаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ж.Жабаевтың « Балаларға» өлеңін түсіндіру, меңгерту. Ауыз әдебиетінің мәнін түсіндіру. Сөз өнерінің құдіретін меңгерту.
Дамытушылық:Оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Танымдық қызығушылықты кеңейту.
Тәрбиелілік:Ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.Дана, дара тұлғаны қалыптастыру.
Әдіс –тәсілдері: Баяндау, сұрақ –жауап, ойын, ортада қаламсап, бес жолды өлең, автор орындығы стратегиялары
Көрнекілігі: Жамбыл ақын портреті.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Психологиялық дайындық жүргізу.
Шаттық шеңбері.
Қайырлы күн досым!
Қайырлы күн болсын болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Амансыз ба, қонақтар,
Амансыз ба, әлем
Баршаңызға, амандық сәлем!
ІІІ.Өткенді пысықтау.
а) «Жырау» өлеңін жатқа сұрау.
ә) «Бәйге» ойыны арқылы қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |