Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет26/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42

ХІ.Шығармашылық тапсырма.

«Адасқан буындар»

Берілген буындардан мағынасына қарай сөздер құрау: (ба, қа, та, ша, йық, тыр, шу, ән, үй, кеш, теп, би, те, рек, пан, ша, ңіз т.б.)



ХІІ.Рефлексия

-Бүгін сабақта не үйрендіңдер?

- Қандай жаңа ақпарат алдыңдар?

- Не түсінбедіңдер?

- Буынның түрлерін ата

- й,ң,у дыбыстары кездесетін сөздерді қалай буынға бөледі?



ХІІІ.Бағалау.Мадақтау.

ХІV.Үй тапсырмасы.

«Оқымысты бала» әңгімесін оқу,мазмұндау.



Есте сақта!.

Бір буынды сөзді буынға бөлуге болмайды!

Мысалы :ай, ән, от, өт, оң, ін, үн, кеш, бор, тас, жүз, қыс, шөп, тас.

й,ң,у дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, онда олар екінші буынның басында айтылады.

Мысалы: қа-йық, жа-ңа, та-уық.

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Тасымал.Сен бақытты ұлансың.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға тасымал туралы түсініктерін қалыптастыру.Оқушыларға өлеңнің негізгі идеясын ұғындыра отырып,бақытты ұлансың деген ұғымды түсіндіру.Өлеңді оқып таныстыру, мазмұнын ашу. Өлеңдегі тіркестерді меңгерту арқылы тілдерін дамыта отырып, ойлау,сөйлеу әрекеттерін жетілдіре түсу.

Дамытушылық: Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту. Оқушылардың оқу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін дамыту, сөз байлығын арттыру.

Тиянақты жауап беруді талап ету, ой өрісін, сөздік қорын молайту.



Тәрбиелілік:Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, Отанын, елін,жерін,туғандарын сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:

-Балалар , «Бөрік» әңгімесінде Бекбай атай неге бөрікке тіл қатты?

Әңгіменің мазмұнын кім маған айтып береді.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

а)Ережелерді сұрау:

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-қандай дауыстылар?Олар қалай дыбысталады?

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-жуан және жіңішке жұп дауыстылар.Олар өзара ұқсас дыбысталады.

-Сөзде неше дауысты дыбыс болса,қанша буын болады?

-Сөзде неше дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.

-Буынға бөлінетін сөздерге мысал келтірейік.

-й,ң,у дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, онда олар нешінші буында айтылады?

-й,ң,у дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, онда олар екінші буынның басында айтылады

ә)Сұрақ-жауап:-

1)-Аяулы ертегіні неліктен тыңдай алмады?

-Гүлдана ертегіні қалай тыңдады?

- Аяулы Гүлданаға неге таңғалды?

-Әже ертегіні тыңдау үшін Аяулыға не қажет деді?



2)«Төзім» мәтінінің мазмұнын сұрау.

3)«Оқымысты бала» мәтіні бойынша сұрақ-жауап:

-Бала аулына қашан келді?

-Қаланың ауылдан айырмашылығы қандай?

-Әкесі баласына қандай жұмыс тапсырды?

-Баласы не деп жауап берді?

-Сол кезде баламен қандай оқиға болды?

- «Оқымысты» баланың бұл қылығын қалай түсінесіңдер? (жалқаулық, еріншектік, мақтаншақтық)

4)«Оқымысты бала» мәтінінің мазмұнын сұрау.

IV. Мақсат қою кезеңі.

V. Жаңа сабақ.

ә)Дәптермен жұмыс.

*Көркем жазу.

*Ережемен таныстыру.

Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады.Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң қысқа сызықша (дефис) қойылады. Қа-лам,дәп-тер.



67-жаттығу.Сөздерді буынға бөліп жазыңдар. Буынға бөлінген сөздерді үлгі бойынша қысқа сызықшамен (дефиспен) бөліп жазыңдар.

Қарағай,ұшқыштар,автобус,дөңгелек.



Үлгі:қа-ра-ғай,қа-рағай,қара-ғай.
VI.Сергітусәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



VІІ.Жаңа материалды пысықтау: :

«Сен бақытты ұлансың» өлеңі.

Мұғалімнің оқуы.

Тізбектей оқу.



VIIІ .Сергітусәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

ІХ.Бекіту кезеңі.

Сұрақ-жауап: -

-Тасымал дегеніміз не?

- Мысалдар ойлап айтыңдар..

-Өлеңде кімдер туралы айтылған?



Х.Бағалау.Мадақтау.ХІ. Үйге тапсырма: «Сен бақытты ұлансың» өлеңін мәнерлеп оқып келу.68-жаттығу(жазбаша).

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Тасымал. Қазақстан Республикам менің.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Д.Әбіловтың өлеңі туралы түсінік беру.Тасымал туралы түсініктерін кеңейту мақсатында жаттығулар орындату. Оқушыларға тасымал тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау. Оқушыларды елін жерін сүюге, байлығын қорғауға, болашақта ата-анамыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.

Тәрбиелілік:Отанын сүюге, туған жерін, елін қорғауға, ынтымақ, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

ІІ.Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

а)«Отан» өлеңін жатқа сұрау.

ә)Ережелерді сұрау:

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-қандай дауыстылар?Олар қалай дыбысталады?

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-жуан және жіңішке жұп дауыстылар.Олар өзара ұқсас дыбысталады.

-Сөзде неше дауысты дыбыс болса,қанша буын болады?

-Сөзде неше дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.

-Буынға бөлінетін сөздерге мысал келтірейік.

-й,ң,у дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, онда олар нешінші буында айтылады?

-й,ң,у дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, онда олар екінші буынның басында айтылады.

-Тасымал дегеніміз не?

-Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады.Сөздердің тасымалданбағанбөлігінен соң қысқа сызықша (дефис) қойылады.

- Мысалдар ойлап айтқызу.



IV. Мақсат қою кезеңі.

V. Жаңа сабақ.

-Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз- тасымал.Яғни, өткен сабақта алған тасымал туралы білімдерімізді кеңейтейік.Дихан Әбіловтың «Қазақстан-Республикам менің» өлеңімен таныстырамыз.

Қазақстан. Қазақстан Республикасы (орыс. Казахстан, Республика Казахстан; қысқартылған атауы — ҚР) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9- орын алады (2 724 900 км²). Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларна дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км, оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.



VІ.Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.

VІІ. Оқулықпен жұмыс.

Дихан Әбіловтың «Қазақстан-Республикам менің» өлеңін мұғалімнің мәнерлеп оқып,түсіндіру.

Іштей оқу.

Тізбектей оқу.

Тауып оқу.

Тұтас бір оқушыға толық мәнерлеп оқуы.

б) Өлеңнің авторы кім?

в) Төлеген,Мәншүк кімдер?

г) «Батырлар» сөзінде неше буын бар және қалай тасымалданады?

VІІІ.Дәптермен жұмыс.

ғ)Көркем жазу.

Астана Астана Астана

72-жаттығу.Оқыңдар.Сөздердің буын санын анықтату.Сөздерді буынға бөліп, үлгі бойынша тасымалдап жазғызу.Бес буынды сөздердің төрт түрлі тасымалданатынын байқату.

Құ-ры-лыс-шы-лар:

1.құ-рылысшылар

2.құры-лысшылар

3.құрылыс-шылар

4құрылысшы-лар.

Те-мір-жол-шы-лар:

1.те-міржолшылар

2.темір-жолшылар

3.теміржол-шылар

4.теміржолшы-лар

Кі-тап-та-ры-мыз:

1.кі-таптарымыз

2.кітап-тарымыз

3.кітапта-рымыз

4.кітаптары-мыз

Дәптерлеріміз:

1.дәп-терлеріміз

2.дәптер-леріміз

3.дәптерле-ріміз

4.дәптерлері-міз .

ІХ.Сергіту сәті.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

Х.Жаңа материалды қорытындылау:

-Тасымал дегеніміз не?

- Мысалдар ойлап айтқызу.

-Қандай сөздер тасымалданбайды?

-Сөздерді тасымалдамас бұрын не істеу керек?

ХІ.Бағалау:Оқушылардың белсенділіктеріне қарай білімдерінбағалау.

ХII.Үйге тапсырма:73-жаттығу, «Қазақстан-Республикам менің», ережелерді қайталау.

Сабақтың тақырыбы: Тасымал.Өс,ұлан! Мақалдар.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға тасымал тақырыбы туралы түсінік беріп , буынмен ұқсастығы мен айырмашылығы туралы түсінік беру., ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамытуб) Оқуға, еңбек етуге, үлкендерге көмектесіп жәрдемдесуге, шынығуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет, мақалдар жиынтығы

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:- «Оқымысты» бала туралы түсінгендерін сұрап білімдерін пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар , біз сендермен буын туралы түсіндік , ендігі өтетініміз тасымалАты да айтып тұрғандай тасымал жолға симай қалғанда тамысалдауЕРЕЖЕ Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады.Сөздердің тасымалданбағанбөлігінен соң қысқа сызықша (дефис) қойылады: қа-лам, дәп-тер, кө-гершін

V. Жаңа сабақ:67-жаттығу 1.Сөздерді буынға бөліп жазыңдар.Қарағай, ұшқыштар, автобус, дөңгелек.2. Буынға бөлінген сөздерді үлгі бойынша қысқа сызықшамен(дефиспен) бөліп жазыңдарҮлгі: қа-ра-ғай,қа-рағай,қара-ғайЕрежені хормен оқу.Сергіту сәті68-жаттығу 1.Сөздерді оқыңдарКезекші, шағала, қарындаш,терезе.2. сөздердің бір не бірнеше буынын келесі жазу жолына тасымалдап жазыңдарҮлгі: ке-зек-ші, кезек-ші, ке-зекші

VI.Жаңа материалды пысықтау:Өлеңді мәнерлеп оқу

Өс, ұлан!

Ссау болсын десең,

Он екі мүшең-

Ерте тұр!

Құлақ түр,

Тыңда сыр

VII.Бекіту кезеңі:Мақалдар

1. Қыз-қуыршақ

Бала-құлыншақ

2.Қыз өссе- елдің көркі

Гүл өссе-елдің көркі

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:

69-жаттығу 82 бет, жауаптарына қарай бағалаймын


Сұрақ-жауап:Адамның көңіл-күйі көтеріңкі болу үшін не қажет? (өз ойларын

айтады). Адамдарға бір-біріне деген жылылық, мейірімділік, кішіпейілділік,

адамгершілік сезімдер қажет. Сондықтан бір-бірімізге мейірімділікпен қарап, бір-бірімізге күннің жылылығын, бүгінгі сабағымыздың сәттілігін тілейік.

(оқушылар бір-бірін алақанымен сипап сәттілік тілейді).

Өзін-өзі бағалау парағын таратып мақсатын түсіндіру.

45сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тасымал.Отан.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға тасымал тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылық:Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту.Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.

Тәрбиелілік:Отанын сүюге, туған жерін, елін қорғауға, ынтымақ, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет, мақалдар жиынтығы

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Жалпы тасымал, буын бойынша ережелерді пысықтау, мысалдар келтіру

IV. Мақсат қою кезеңі:-Біз сендермен одан әрі тасымал бойынша берілген тапсырмаларды орындаймыз.

V. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс 70-жаттығу1.Сөздерді оқыңдар.Жиналыс, жұлдыздар, музыка, жіңішке.2. Сөздерді буынға бөліп, үлгі бойынша тасымалдап жазыңдар.Үлгі: Му-зы-каМу-зыка , музы-ка3. Үш буынды сөздердің екі түрлі тамысалданатынын байқаңдар.71-жаттығу 1. Сөздерді оқыңдар.Әр сөзде неше буын барын анықтаңдарбалықшылар, бейбітшілік, балапандар.Осы сөздерді буынға бөліп, үлгі бойынша тасымалдап жазыңдар.Үлгі: ба-лық-шы-лар: ба-лықшылар,балық-шылар,балықшы-лар3. Төрт буынды сөздердің үш түрлі тасымалданатынын байқаңдар.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.Отан Өлеңді мәнерлеп мұғалім өзі оқып, талдап береді.

VII.Бекіту кезеңі: Өлеңді талдау,

Үйге тапсырма, бағалау:Отан өлеңін жаттап келу.

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы:Тасымал.Қазақстан картасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Қазақстанның жарқын болашағы мен байлығы жайлы әңгімелей отырып, тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру. Й және У әріптерінің тасымалдану ерекшелігін түсіндіру. «Қазақстан картасы» бойынша әр облыстың ерекшелігі туралы ғылыми мәлімет беру.

Дамытушылық:Есте сақтау, ойлау, өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелілік:Отанын сүюге, туған жерін, елін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

ІІ.Психологиялық дайындық:

-Екі көз не үшін керек?

- Барлық жақсылықты көру үшін.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Екі қол не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Шетте жүрсең,туған жерге жету үшін.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

а)Ережелерді сұрау:

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-қандай дауыстылар?Олар қалай дыбысталады?

-А-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү-жуан және жіңішке жұп дауыстылар.Олар өзара ұқсас дыбысталады.

-Сөзде неше дауысты дыбыс болса,қанша буын болады?

-Сөзде неше дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.

-Буынға бөлінетін сөздерге мысал келтірейік.

-й,ң,у дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, онда олар нешінші буында айтылады?

-й,ң,у дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, онда олар екінші буынның басында айтылады.

-Тасымал дегеніміз не?

-Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады.Сөздердің тасымалданбағанбөлігінен соң қысқа сызықша (дефис) қойылады.

- Мысалдар ойлап айтқызу.

ә) «Қазақстан-Республикам менің» өлеңін мәнерлеп оқы.

б) "Құрметте,достым,қазақтың жерін"деген жолды өз сөзіңмен түсіндір.

в) Өлеңнің авторы кім?

г) Төлеген,Мәншүк кімдер?

ғ) «Батырлар» сөзінде неше буын бар және қалай тасымалданады?

д) Қандай сөздер тасымалданады?

е) Сөздерді тасымалдамас бұрын не істеу керек?



1.Кубизм ойыны.

"Буынға бөліп,тасымалда" (кубикті лақтырып,таңдаған нөмірі бойынша интерактивті тақтадан сәйкес келген нөмірдегі суреттердің атын атап,буынға бөліп,тасымалдайды).

II.Операциялық орындаушылық.

2.Кестемен жұмыс.

(Оқушы суреттің атын тауып, тасымалдап жазады)

Й,ң,у екі дауыстының ортасында келсе,екінші буынның басында жазылады. (сурет)

Сөз бөлігі й,ң,у әріптерінен бастап тасымалданады. (Қа-йық. Қо-ңырау. Та-уық)

ІV.Сергіту сәті.

Көк аспанға қараймын,

Кеткен құсты санаймын,

Үшбұрыш болып тырналар,

Көк жүзінде сырғанар.



V.Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

74-жаттығу.

1.Сөздерді оқып, й әрпінен басталатын буынды тап.

2.Сөз бөлігін й әрпінен бастап тасымалдаңдар.

Жайылым, түйе, қайық, сүйек, мейірімді.

Үлгі:Жа-йылым.

3.Өзіндік жұмыс.

75-жаттығу.1.Сөздерді оқып, у әрпінен басталатын буынды тап.

2.Сөз бөлігін у әрпінен бастап тасымалдаңдар.



Сауысқан,дауыс,жауап,тауық,бауыр.

Үлгі:Са-уысқан.

VІ.Оқулықпен жұмыс.

«Қазақстан картасы» өлеңін мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

Әр облыстың ерекшелігі туралы мәлімет беру.

Іштей оқу.

Тізбектей оқу.

Тауып оқу.



VІІ. Ой толғаныс.

-Қазақстан картасы туралы не білесіңдер?

-Карта неге түрлі түсті бояумен боялған?

VІІІ.Шығармашылық тапсырма:

«Қарағанды – алтын бесігім» бейнефильмі

Өзіңнің облысың туралы әңгімеле.



ІХ.Қорытынды.

-Өлеңдегі жер аттарын ата?

-Жамбыл атамыз Қазақстан жеріне қандай баға берген?

Х.Бағалау.Мадақтау.

ХІ.Үйге тапсырма:87-бет. «Қазақстан картасы» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

Ережелерді қайталау.



Сабақтың мақсаты: Оқушыларды елін жерін сүюге, байлығын қорғауға, болашақта ата-анамыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: «Кең байтақ Қазақстаным» альбом, қанатты сөздер, «Ер тірегі – білімді ұрпақ», «Егеменді елдің ертеңі – оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді.»

Қолданылатын әдіс: Әңгімелеу, сұрақ жауап, көрнекілік, көрініс,

жас жеткіншектерге «Қазақстан, Тәуелсіз, Ту, Әнұран, Елтаңба» деген ұғымдарды тереңірек таныстырып, оларды Отанын сүюге, туған жерін, елін қорғауға, ынтымақ, бірлікке тәрбиелеу. Біздің болашағымыз – осы жас ұрпақ келешек өміріңде кімсің деп сұрағанда «Қазақстан» деп жауап бере алатын қазақтың бар жақсы қасиетін, салт-дәстүрін бойына сіңіріп өскен азамат болса
1993 жылы маусым айында Тәуелсіз Қазақстан, ел рәміздері Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қабылдады.
1994 жылы қарашаның 15-сі күні Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
1995 жылы тамыздың 30-да референдумға ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бірауыздан қабылданды7 1996 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Парламентінің 1-сессиясы болды.
1997 жылы Қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.
1998 жылы Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 Даму стратегиясы жарияланды.
1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев жеті жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
Оқушы: 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы. Шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.
2001 жылы Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр, ХХІ ғасырды зор сеніммен қарсы алды.
«Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» дегендей ауылда жүріп жатырмыз.
«Ел іші – алтын бесік» – ауылдан шығып қайда барамыз.
«Туған жердің жуасы да тәтті» деген ғой шіркін!
Айтпа құрдас «Әр кімнің өз жері өзіне жұмбақ»
«Ер еліне, гүл жерінде» Осы үйренген жерімізге не жетсін.
«Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды»- ғой, торғай құрлы жоқпыз ба?
«Отансыз адам-ормансыз бұлбұл» қанша сайрасаңда сені кім тыңдайды.
Е-е дұрыс «Пәлен жерде алтын бар, іздеп барсам мыс та жоқ» десейші.
- Ойбай-ау «Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білесің» деген рас-ау осы. «Елінен безген ер болмас, жерінен безген қаз болмас» немене қаз құрлы жоқпыз ба сонда?
-«Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар» келсе құшақ жая қарсы аламыз ғой.


ХХІ ғасыр – білім ғасыры.
Біздің алға қойан мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінгі түсінетін ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.
1991 жылы 10 қазан Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
1992 жылы маусым айында Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды.
2002 жыл Денсаулық жылы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2001 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялады.
Оқушы: Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздігіміздің келешегі жолында жүзеге асырып жатқан жұмыстарын толық қолдаймыз.


сендіреміз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы



Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Гимні
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.
Азаматтыққа және отансүйгіштікке, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында оларды оқыту жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарының негізгі жалпы білім беру бағдарламаларына енгізіледі.
Жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында арнайы оқшауланған көрнекті орынға ұдайы Мемлекеттік Ту тігіледі, Мемлекеттік Елтаңба не олардың бейнесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мемлекеттік тілдегі мәтіні орналастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет