1сурет – Жазықтық конустың табанын хорда бойымен, ал бүйір бетін екі жасаушы бойымен қиып өтеді. Қима – тең бүйірлі үшбұрыш
2сурет – Жазықтық конустың осі арқылы өтсе, онда қимада пайда болған үшбұрыш конустың осьтік қимасы деп аталады. Қима - үшбұрыш
3сурет – Конусыты оның осіне перендикуляр жазықтықпен қиюға болады. Бұл жағдайда қиюшы жазықтық табан жазықтығына параллель, ал конустың қимасы – дөңгелек
4 сурет – Конустың жасаушысы арқылы өтетін, конуспен ортақ нүктелері жоқ жазықтық конусқа жанама жазықтық деп аталады.
Конустың бүйір бетінің ауданы оның табан шеңберінің ұзындығы мен жасаушысының көбейтіндісінің жартысына тең:
Sк.б.б. =ПRL
Sтаб =ПR2
Sк.тол.беті =ПRL + ПR2 = ПR(L + R)
L- конустың жасаушысы, R – табанының радиусы
Ойын басталатын жерге қазаншұңқырға ұқсайтын шеңбер сызылып қойылады. Ортасына ыдыс қойып соған теңгелер салынады. Әр топтан бір бала атпен шауып барып ыдыстан «теңгені» алып кетеді. 200 – 1000 теңге аралығында есептер шығару керек. Қанша теңгелік есеп шығарса, сонша теңгелік ұпай жазылады.
№1 есеп – 200 теңге
Конустың жасаушысы 12 дм және табан жазықтығына 300 бұрышпен көлбеген. Конустың биіктігін табыңыз.
Sin300=H/L, 1/2= H/12 , H=6 , Жауабы: 6 (дм)
№2 есеп – 500 теңге
Конустың биіктігі 20 см, табанының радиусы 15 см. Бүйір бетінің ауданын табыңыз.
Sк.б.б. =ПRL
L2= H2 + R2 = 400 + 225 = 625, L= 25см
Sк.б.б. =П* 15* 25 = 375 П см2, Жауабы: 375 П см2
№3 есеп – 1000 теңге
Конустың жасаушысы 5 см, табанының радиусы 4 см. Толық бетінің ауданын табыңыз.
Sк.тол.беті =ПRL + ПR2
Sк.б.б. =П * 4 *5 = 20 П,
Sтаб =П * 42= 16П
Sк.тол.беті = 20П + 16П = 36П Жауабы: 36П (см2)
ІҮ. Жаңа сабақты қорытындылау: 2- 3 мин
Сабақты төмендегіше әдіс бойынша бекітемін және «Конус жырын» хормен айтып қорытындылау
Білемін
Пирамида
|
Білдім
Конус
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Ү. Үйге тапсырма: 1 – 2 мин
1. Конустың макетін жасап келу
2. §6 Конус
6.1 Конус – айналу денесі
6.2 Конустың жазықтықпен қимасы
№ 11 есеп, 42
Конус жыры
Клоунға бола аласың бас киім
Тіп – тік болып тұра аласың тас түйін
Бір катеттен айналғанда үшбұрыш
Конус болып қаланады басты үйің
Қ/сы:
Конустар, айналатын денелер
Желкендер, конусқа ұқсас кемелер
Элементтер күтпесін
Өлшемдерің бітпесін
Өлшемдерің бітпесін!
Айналатын денелерге тек сеніп,
Цилиндрдің үштен бірдей бөлшегі
Тік конусым цилиндрмен қарайлас
Ұқсас оның көлемдегі өлшемі
Қ/сы:
Пайдаланылған әдебиеттер:
В.Гусев Ж. Қайдасов Ә.Қағазбаева «Геометрия» оқулық – 11 класс
Наурызбайқызы Ә, Әубәкірқызы Қ, Мұқамбетқызы С «Математикадан қызықты ойындар мен тапсырмалар» - дидактикалық материал
В.Гусев Ж. Қайдасов Ә.Қағазбаева «Геометрия» - есептер жинағы
«Физика - математика» - әдістемелік журналдары
Достарыңызбен бөлісу: |