Раппорт (сенім орнату) 1 минут Мұғалім сөзі. Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?
Көңіл күйлерің ғажап екен!
1.«Жағымды сөздер» тәсілі арқылы топқа бөлемін. «Бүгін қандай жағымды сөздер естідіңдер?» деп сұрап, оқушылардың жауаптарынан төртеуін тақтаға жазамын. Ықтимал жауаптар:
Тұра ғой, жаным!
Бүгін әдемі болып кетіпсің!
Жұлдызың жансын, шәкіртім!
Сен өте білімдісің!
Осы төрт нұсқаны оқушылар бір-біріне айтып, кім қай сөзді естісе, сол топқа жиналады.
2.Топтың әлеуметтік, танымдық, эмоциялық мақсатын көздеуге байланысты оқушыларға сұрақ қоямын. Топқа бөлу қандай табысқа жеткізеді?
3. Конверт үлестіріледі. Топтық жұмысқа критерий ұсынамын.