3-деңгей шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)
|
Жаңа тақырып бойынша сын тұрғысынан ойланатын сұрақтар
Мұғалім оқушыларға 3 жауабы да қате немесе бір жауабы ғана дұрыс тест ретінде сұрақ қояды.
1.Сабағында буын аралықтары жоқ болғандықтан қырықбуын деп аталған (жоқ. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындық-тан қырықбуын деп атаған)
2.Қазіргі кезде қырықбуын туысының 30-35 түрі бар (иә. 30-35 түрі кездеседі)
3.Қырықбуынтәріздестер бұдан 500 млн жыл бұрын тас көмір кезеңінде түзілген (жоқ. 300 млн жыл бұрын тас көмір кезеңінде түзген)
4.Далалық қырықбуын бір жылдық өсімдік (жоқ. Көп жылдық өсімдік)
5.Қырықбуынның жерүсті өркендері екі түрлі: көктемгі өркен және жаздық өркен (иә)
6.Қырықбуынның жаздық өркендерінде қызыл түсті хлорофилл дәндері болады (жоқ. Жасыл түсті хлорофилл болады)
7.Көктемгі өркендері көбею, жаздық өркендері өсу қызметін атқарады (иә.)
8.Жаздық өркен өңінің астында қабық қабаты, содан соң өзек орналасады, кейін өзек ұлпалары ыдырап, өзектің орнында қуыс пайда болады (иә.)
9.Қырық буындар тек қана жынысты жолмен көбейеді (жоқ. Өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді)
10.Өсімді көбеюі түйнектері, тамырсабақтары арқылы, жыныссыз көбею споралар арқылы жүзеге асады (иә.)
11.Қырықбуынның ұшында орналасатын спорангийлер тобының орны бар өркен деп талады(жоқ. Бүр деп аталады)
12.Далалық қырықбуын дәрілік өсімдік болғандықтан ревматизм, жүрек, бас ауруларына пайдаланады (жоқ. Қанайналымның әлсіздігі-нен болатын ісікке, несеп жүргізуге қолда-нылады)
13.Қазіргі кезде қырықжапырақ тәріздестердің 10 000-нан астам түрлері бар (иә.)
14.Қырықжапырақтылар тропикте ағаш, лиана түрінде өседі (иә. Тропикте ағаш және басқа өсімдікке оралып лиана түрінде өседі)
15.Қырықжапырақтылардың Қазақстанда біржыл-дық шөптекті түрі кездеседі (жоқ. Көпжылдық шөптекті түрі усасыр қырықжапырағы кездеседі)
16.Усасыр қырықжапырағы – тамырсабақты өсімдік және тамырсабағын қысқарған сабақ дейді (иә.)
17.Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады: фотосинтез үдерісінде ағзалық зат түзеді және споралар түзіліп көбеюге қатысады (иә)
18.Жапырақ тақтасы тілімденбегендіктен қырық-жапырақ деп аталады (жоқ. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімден-гендіктен, қырықжапырақ деп аталады)
19.Жыныссыз көбею кезінде жапырағының астынғы бетінде төмпешіктер түзіледі, оны бүршік деп атайды (жоқ. Төмпешіктерді сорустар деп атайды. Сорус – спорангийлердің жиынтығы)
20.Қырықжапырақтардың қауырсын тәрізді ірі жапырақтары – вайялар деп аталады (иә. Вайя – грекше «байон» пальма бұтағы деп аталады)
21.Миллиондаған жылдар бойы оттегі қатысынсыз нығыздалған ағаштардан газ пайда болады (жоқ. Тас көмір пайда болады)
22.Тас көмірден жанғыш газ, пластмасса, асфальт, сабын, шайыр алынады (иә.)
23.Қазақстанның Қызыл кітабына қырықжапы-рақтардың екі түрі: мыңжылқы қырықжапырағы және шолпаншаш сүмбілі тіркелген (иә.)
24.Усасыр қырықжапырағын бас ауырғанды, жүрек ауырғанды басатын дәрі ретінде қолданады (жоқ. Жапырағынан жараларды жазатын тұнбалар дайындап, суық тигенде ауырғанды басатын және ішекқұрт ауруларына дәрі ретінде пайдаланады)
25.Далалық қырықбуын дәрілік өсімдік болғандықтан ревматизм, жүрек, бас ауруларына пайдаланады (жоқ. Қанайналымның әлсіздігі-нен болатын ісікке, несеп жүргізуге қолда-нылады)
«Роунд-Робин» әдісі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай сабақ мазмұнын айтып шығуы. Оқушылар өтілген тақырып бойынша не біледі, сол жайында бір сөйлемнен не сөз тіркесінен айтуы керек.
|
|