Жаңа сабақты бекіту: Аустралия материгіне қандай табиғат зоналары тән?
Аустралия шөлдерінің Африка шөлдерінен қандай басты айырмашылықтары бар?
Скрэб дегеніміз не? Ол қай табиғат зонасына тән болады?
Материк табиғатына кері әсерін тигізетін қандай жағдайларды білесіңдер?
Қорытынды: Қазіргі кезде материк табиғатын мүмкіндігіншесақтау барысында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Аустралия Одағының мемлекеттік ел таңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнелеген, ал ехидна, үйректұмсық, лирақұйрық күміс ақшаларында таңбаланған. Аустралиядағы қорғауға алынған кешендердің саны мыңнан асады. Материктегі Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.
Үйге тапсырма: §55 оқуға. Кескін картаға табиғат зоналарын түсіріп келу. Қосымша материалдар жинау.