Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні


Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті



бет435/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   481
Байланысты:
su-aynalym
su-aynalym
Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:
1) Мұхит түбі бедерінің көп бөлігін не алып жатыр?
2) Пасха, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья аралдары қалай пайда болған?
3) Материктік беткей дегеніміз не?

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:
1) Мұхит түбі бедерінің көп бөлігін қазаншүңқырлар алып жатыр.
2) Бұл аралдар мұхит ортасы жоталары шыңдарының су бетіне шығып қалған бөліктері
3) Материктік қайраңнан мұхит түбіне аусыатын бөлігі. Ол 200 м-ден 2800 м-ге дейінгі тереңдікте жатады.

3

Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Жердің сыртқы қабаттарын еске түсіріңдер 2) Атмосфера туралы не білесіңдер?
Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды: 
1. Атмосфераның құрамы
2. Атмосфераның қабаттары
3. Атмосфераның маңызы
4. Атмосфераны зерттеу жолдары

  1. Атмосфераны қорғау

  2. Атмосфералық қысымның пайда болуы

  3. Қысымның биіктік бойынша өзгеруі

  4. Атмосфералық қысымды өлшеу

- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.
- Оқулықтағы суреттерге қарап қысым өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.

Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) жердің сыртқы қабаттарына атмосфера, литосфера, гидросфера, биосфера жатады. 2) Атмосфера жердің ауа қабаты, оның стратосфера, торпосфера деген қабаттары бар. 
Кейін мұғалімнің бағыттауы бойынша тақырыпты меңгеруге кіріседі:
1. Оқушылар келесілерді анықтап жазып алады: атмосфера – жер шарын қоршаған ауа қабығы, оның құрамы 78% азоттан, 21% отегіден тұрады
мыналарды түсініп, еске сақтайды: ауада азот көп болғанмен, тіршілік үшін ең маңыздысы – оттегі, басқа газдардың ішіндегі ең мағыздысы –көмірқышқыл газы. Атмосфераның жоғарғы шекарасы шамамен 2-3 мың км биіктікте өтеді, ол Жердің өзімен бірге айналады.
2. Мыналарды анықтап жазып алады: температураның және газ құрамының өзгерісіне қарай атмосфера биіктік бойынша бірнеше қабатқа жіктеледі: тропосфера – жер бетіне таяу орналасқан қабаты, стратосфера – тропосфераның үстіндегі қабат, ол 50-55 кмбиіктікке дейін барады.
Мынаны түсініп еске сақтайды: стратосферада озон газы қабаты бар, стратосферада температура биіктік бойынша бірқалыпты төмендейді, ал атмосфераның үстіңгі бөлігінде ауаның температурасы алдымен 80-90 км биіктікке дейін төмендеп, одан әрі 1000-2000°С-ге дейін өседі.
3. Мыналарды анықтап еске сақтайды: атмосфера не үшін маңызды: -жер бетіндегі температураның таралуы ; - жер бетіндегі тіршілік; -жауын-шашынның таралуы; -метеориттерден сақтайды 
4. Келесілерді анықтап жазып алады: Атмосфераны зерттеу жолдары – аэростаттардың көмегімен, шар-зонд арқылы, радиозонд (атмосфераның биік қабаттарын зерттеу үшін), метеорологиялық зымырандар, Жердің жасанды серіктері, ғарыш кемелері арқылы
5. Мынаны еске сақтап қалады: ауа адамның шаруашылық әрекетіненластанады – одан түрлі өкпе аурулары, рау ауруы пайда болады. Біздің елімізде Теміртау, Тараз, Зырян, Риддер, Балқаш, Өскемен, Шымкент, Алматы қалаларында ауаның ластануы қалыпты жағдайдан 5-10 есе асып түседі. 
Ауаны ластанудан сақтау шаралары: зауыттардың, жылу электр стансаларының мұржаларынан көтерілетін күл мен шаң-тозаңды тазартатын қондырғылар, автокөліктерден шығатын улы газдарға сүзгілер орнату, энергияның залалсыз түрлеріне (су, жел, күн, жердің ішкі жылуы) көшу, көгалдандыру т.б. шараларды іске асыру қажет.
6. Мыналарды анықтап жазып алады:атмосфералық қысым – ауаның жер бетіне түсірген салмағы. Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1 кг33 г салмақ түсіреді.



7. Мыналарды анықтап жазып алады: 45° ендіктегі теңіз деңгейінен алынған сынап бағанасының 760 ммбиіктігіне тең қысымқалыпты атмосфералық қысым деп аталады. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1 ммтөмендейді.
Мыналарды еске сақтайды: атмосфералық қысым тек биіктік бойынша емес, сон.ымен бірге ауа райы жағдайына байланысты да өзгереді.
8. Мыналарды анықтап жазып алады: атмосфералық қысымды өлшейтін құрал –барометр (грекше барос– салмақ, метрео - өлшеймін) деп аталады. Барометрдің екі түрі болады: сынап барометрі және анероид барометр(анероид – грекше ылғалсыз)  қолданылады. Ауа райын бақылау мекемелерінде атмосфера қысымын өлшеуге миллибар (мб) өлшемі қолданылады.

4

Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: 1) Оттегі мен азоттың тіршілік үшін қандай маңызы бар? 2) Тропосферада биіктік артқан сайын температура неліктен төмендейді? 3) §28 соңындағы 5-тапсырманы орындау.

Оқушылардың жауаптары: 1) Адам мен жануарлар оттегімен тыныс алады. Оттегі жануды қолдайды. Азот – кез-келген ағзаның тіршілігі үшін қажетті зат. 2) Өйткені атмосфераның бұл қабатындағы ауа оған түскен күн сәулелерінен тікелей жылынбайды, алдымен Жер беті жылынып, кейін ол ауаға тарайды. 3) есептің жауабы: А-Б салыстырма биіктігі 200 м, абсолют биіктіктері А – 300 м, Б –500 м. 

5

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

6

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына §§27-28. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ №30, 31
Күні: 21.12.09/22.12.09
Сынып: 6 «А, Б»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет