Ойлан-жұптас-бөліс әдісін қолдану арқылы мәтінмен жұмыс істеу.
2-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беру.
Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді кинуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады. Қоғам дамыған сайын сән, талғам туралы түрлі пікірлер мен түсініктер қалыптасып, киімдік стиль түрлері пайда болды, сән дами бастады.
Сән – киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
Классикалық стиль:
-Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;
-Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата;
-Түстер қатты ашық емес және нәзік;
-Аксессуарлар мен әшекейлері ұстамды;
-Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ киімдер;
Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спрттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.
Романтикалық стиль – әдеміліік, ерекшелік, сүйкімділік пен нәзіктікті ерекше көрсетеді.
Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмысы кеңінен пайдаланылады.
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап дамытуда. Сонымен қатар сән өте демократияшыл десе де болады. Көп жастардың киім кию үлгісі мәдениеттіліке жатпайды. Соңғы кезде неге киім кию мәдениеті төмендеп жатыр. Ол неге байланысты, деген сұрақ туындайды.
3-тапсырма
«Сымсыз телефон» әдісін қолданып сұрақтарға жауап береді. (ЖЖ)
Сән деген не?
Қандай киім түрлері туралы айтылады?
Стилдің қандай түрлері бар?
Сізге қандай стиль ұнайды? Неліктен?
Ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер қай стильге жатады?
Дескриптор
-сән туралы түсінеді, ойын айтады;
-мәтінде айтылған киім түрлерін түсіндіреді;
-стильдің түрлерін ажыратады;
-стиль туралы ойын айтады;
-мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ажыратыды.
4-тапсырма
Топтық жұмыс. Әр топ берілген сөз тіркестерін қолданып, «Менің түсінігімдегі сәнді киімдер» тақырбына мәтін құрастырады.
Сәнді киіну
Киім кию мәдениеті
Сапалы мата
Ыңғайлы сезіну
Замануи сәнгерлер
Таңдау идеясы
Әр түрлі стильдер
Қимылға кедергі келтірмейді
Ыңғайлы
Дескриптор
-сөз тіркестерінің мағынасын ажыратады;
-сөз тіркестерін орынды қолданады;
-тақырыпқа сай мәтін құрастырады;
Бағалау критерийлері арқылы әр топ бір-біріне баға береді. (түрлі-түсті стикерлер жабыстыру)
5-тапсырма.Жеке жұмыс. «Хикаят картасы» арқылы әр оқушы адам қандай жағдайларда қалай киіну керек, деген сұраққа жауап береді
Үйде
Достарыңызбен бөлісу: |