Сабақ жоспары. Сабақ тақырыбы: Астың сіңірілу қасиеті. Тістің құрылысы түрлері. Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы Дайындаған педаго г: Нурметова Д. А


Анализаторлардың ортақ қасиеттері



бет18/61
Дата08.12.2023
өлшемі1,42 Mb.
#195540
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61
Байланысты:
Анатомия По урочный. 2021-22

Анализаторлардың ортақ қасиеттері. Анализаторлардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:
1. Анализаторлардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус - теңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды. Анализаторлардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады.
2. Анализаторлардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді.
3. Анализаторлар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және, керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді.
4. Бір анализатортың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. Мұндай жағдайда ауру анализатор пен сау анализаторлардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады.
5. Анализаторлардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады.
Анализаторлар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты (лат. дистанция - қашықтық), яғни сезім мүшесінсн белгілі бір қашықтықта орналасқан заттардың оссрін сезу және контактты (лат. Контактус- түйіскен, жанасқан), яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін анализаторлар.
Тітіркенудің алғашқы коды әуелі қабылдағыш деңгейінде жүзеге асырылады. Оларға тән физикалық және химиялық энергиялар түрлі жүйке серпінісіне айналады. Түрлендірілген хабарлар анализаторлар жүйесінің келесі деңгейіне жетіп, коды одан әрі өзгереді. Бұл бір ерекшелік, ал екінші ерекшелік — ол код түрлерінің жапсарластығы. Тағы бір ерекшелік — ол көптеген сезгіштік жүйелердің ақпаратына шудың көп араласуы, яғни мәлімет тасушы серпіністерге бедерсіз серпіністердің қосылуы.
Әр анализаторға тән ұқсас сезімділіктің жиынтығын модальды жиынтық дейміз. Біррайлықтың өзінің ішінде бірнеше сапалық қасиеттер болады. Бұл қасиетті сапалар мыналар: арнайылық, ықпалдылық, мерзімділік және ұзақ тылық. Мысалы, дыбыс ақырын, қатты, сарт етіп, у-шу, жағымды, жағымсыз, алыс-жақын т. б. болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет